Дипломдық жұмыс бұл студенттің жоғарғы оқу орнын аяқтау кезінде жазылатын соңғы қорытынды өзіндік ғылыми-тәжірибиелік жұмысы. Дипломдық жұмыс әдетте жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық, шығармашылық пен экономика мамандықтары студенттерімен жасалады. Яғни дипломдық жұмыстың жүйелік мақсаты - бітірушілердің жалпы теоретикалық білімін және тәжірибиелік қабілетін тексеру.

Диломдық жұмыстың (жоба) және дипломдық жұмысқа дейінгі мамандыққа бағытталған тәжірибие – студенттің кәсіптік ортада өзіндік қабілетін қалыптастыруға жауап беретін оқудың қорытынды кезеңі. Дипломдық жұмысты Мемлекеттік аттестация комиссия отырсында ойдағыдай қорғауы – бұл студентке тиісті біліктілікті берудің құқықтық негізі.

Ерекшелік ретінде тек қана медицина мамандықтары (педиатрия, фармация, жалпы медицина, стоматология) дипломдық жұмыс қорғаудың орнына, мемлекеттік емтиханды нәтижелі тапсыру және интернатураны бітіру болып табылады.