Реферат дегеніміз бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен құралған белгілі тақырыпқа жазылған жазбаша немесе ауызша баяндама.
Рефераттарда ғылыми жұмыс, көркем шығармалар мазмұндалуы мүмкін.
Толық оқу
Өнімсіз рефераттарағы екі түрге бөлінеді: реферат-конспект және реферат-резюме. Реферат-конспект иллюстрациялық материал, әртүрлі зерттеу әдістері туралы мәлімдемелер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндігі жайлы жалпы нақты ақпараттан тұрады. Реферат-резюме берілген тақырыптың тек қана басты негізгі ережелерінен тұрады.
Өнімді рефераттарда реферат-баяндама және реферат-шолу ерекшелінеді. Реферат-шолу зерттелетін тақырып бойынша әртүрлі көзқарастар мен бірнеше түпнұсқа әдебиет негізінен құралады. Реферат-баяндамада түпнұсқа ақпараттарын талдаумен қатар мәселені шынайы бағалау беріледі. Бұл рефераттар толық ашылған болып табылады.
Реферат анықталған құрысы бар:
- Кіріспе. Кіріспеде таңдалған тақырыпты негіздейді баяндалатын мәтіннің бастапқы мәліметтері(аты, қайда жариаланған, қай жылы), автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы), таңдалған тақырыптың проблематикасы ашылады.
- Негізгі бөлім. Баяндалатын мәтіннің мазмұны, негізгі тезистер көрсетіледі және дәлелденеді.
- Қорытынды. Рефератта мәлімделген мәселеге жалпы қорытынды жасалады.
Реферат келесі белгілерден тұрады.
- Реферат мазмұны баяндалатын түпнұсқадан толықтай тәуелді.
- Реферат мазмұны нақты ақпартты еш бұрмалаусыз және субъективті бағалау арқылы баяндап жазу.
- Реферат тұрақты құрылымнан тұрады.