Вы здесь
Бастауыш сыныптарда сауат ашу әдістемесі
20 апреля 2013 | 26285Жоспар
Кіріспе
І Бастауыш сыныптарда сауат ашудың ғылыми -теориялық негіздері
- Сауат ашу туралы жалпы түсінік және оның қалыптасуы
- Қазақстанда сауат ашудың дамуы
- Сауат ашудың ғылыми негіздері
ІІ. Бастауыш сыныптарда сауат ашу әдістемесі
- Әліппеге дейінгі кезеңіндегі оқыту әдістемесі
- Әліппе кезеңіндегі оқыту әдістемесі
- Әліппеден кейінгі кезеңдегі оқыту әдістемесі
Қорытынды
Кіріспе
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі (жылжымалы) білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен, инновациялық оқумен байытылу арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазақстандық қоғамдағы түбірлі өзгерістерге сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда.
Соңғы онжылдықта көптеген шет елдердегі білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатқаны байқалады. Білім беру пәлсапасында дәстүрлі жалпыға бірдей сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасының жетекші бағытына айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға баса көңіл бөлінуде.
Әлемдік білім кеңістігіне енуді қолға алып, өркениет елдері қатарына кіруге талпыныс жасап отырғанда, мемлекеттік тілді орнықтыру, болашақ ұрпақтың әлемдік деңгейде соңғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ешбір қиындықсыз білім алуына жағдай жасау үшін білім беру жүйесін компьютерлік технологияны кеңінен қолданысқа енгізу латын әліпбиіне көшуді қажет етіп отыр. Осындай ауқымды мақсатты көздеген елбасы Н.Ә.Назарбаев Халықтар Ассамблеясының ХІІ сессиясында латын әліпбиіне көшу жөнінде нақты мәселе қозғады. Бұл ақпаратты қоғамда, мәдениет технологиясы мен адам денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау кезеңінде әлемдік кеңістікке бет бұруымыздың көрнісі болып табылады. Өйткені қазіргі кезең Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру саясаты әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде дамуын көздейді.
Жаңа жүйенің қажеттігі Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесінің дамуындағы жаңа кезеңге байланысты, жаңартылған бағдарламалар мен қолданыстағы оқу жүйесінің арасындағы қайшылықтарға байланысты туындап отыр.
Біздің зерттеуіміздің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының оқу-жазу дағдыларына, ойлау дәрежесі мен тілінің дамуына жан-жақты жағдай жасап, ана тілінің дыбыстық құрамының ұлттық тіліміздің ерекшелігіне сай таза болмауы және оның тарихы мен оқыту әдістемесі берілетін ғылыми білімнің қазіргі заман талабына сәйкес зерттелмей келуінде.Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің мәдениет қалыптастырушы қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу бағытын анықтау; білім мазмұнын жаңарту; білім беруді ізгілендіруге сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері маңызды болып табылады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты – өз бетімен шешім қабылдай білуге қабілетті, өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет жасай білетін, қандай істе болмасын сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға бастауыш білім берудің отандық және әлемдік тәжірибелеріндегі өз қызметін ойдағыдай атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыра алатын педагогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.
Сөйтіп, республика бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық технологиялар бүгінде ерекше құбылыс болып қана қоймай, сонымен бірге оның дамуының басты себебі, негізгі көзі де болып отыр.
Өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдай, әлемдік білім жүйесіне көтерілуге талпыныс жасау мақсатында оқыту құралдары мен әдістерін жетілдіру тәуелсіз Қазақстан мектептеріндегі бастауыш оқыту кезеңінің мазмұнын қайта құруға мәжбүрледі. Демек бұл мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның педагогика тарихында бұрын-соңды қарастырылмауы арасындағы қайшылық анық байқалады.
Оқытудың алғашқы саласы сауат ашу жұмысы болғанымен, бұл мәселенің тарихы мен қазіргі жағдайына әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқаны, әсіресе тіліміздің дыбыстық жүйесін дәл ғылыми негізде бере алмай отырғаны белгілі. Қазіргі кезде тіл мамандары, педагогтар мен психологтар, лингвистер осы орыс әрпінен латын әліпбиіне көшу мәселесін қолға алып, тек қазақ дыбыстарынан ғана тұратын әліпби жобаларын ұсынуда.
Бастауыш білім беру, сауат ашудың дыбыстық-буындық әдістері, ауызша-жазбаша тіл дамыту бойынша біршама ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Бірақ әр кезеңдердегі сауат ашу, әр түрлі әліпбилерге негізделген әліппе оқулықтарының тарихы мен бүгінгі күнгі мәселесі ғылыми түрде жүйеленбей, зерттелмей келеді. Ал оның өзіндік ерекшелігі мол және бастауыш сыныпта үлкен орын алады. Сондықтан бұл мәселенің зерттелуі теориялық, әдістемелік, практикалық тұрғыда да өте қажет. Соған орай біз алдымен бұл мәселелердің ең негізгі қарастырылатын нысаны – «Әліппе» оқулықтары деп алып, олардың тарихы мен бүгінгі жағдайы, ғылыми-әдістемелік негізі жайында сөз етпекпіз.
Пән атауы: | Педагогика |
Көлемі: | 23 бет |
Жұмыстың түрі: | Курстық жұмыс |
Төлем түрлері
Жұмыстың құны: 490 теңге
Kaspi Gold:
|