Вы здесь

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

20 апреля 2013 | 14792

Жоспар

Кіріспе
І. Жаңаша оқытудың инновациялық технологиялары
1.1. Деңгейлеп оқытудың технологиясы
1.3 Дамыта оқыту технологиясы
ІІ. Мектепте қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Қорытынды

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тараудағы алтыншы міндетте – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады.

Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлдәгі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген. Сонымен қатар осы жолдаудағы жиырма алтыншы бағытта – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты айтылған. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың жазбаша тілін дамытуын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн.

Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің саласына қойылатын қоғамдық-әлеуметтік сапалардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет болады. Бүгіндері ондай жаңартулар педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибелерінің үздіксіз сабақтастықта дамуынан көрінеді. Онда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытудағы педагогикалық төтендерді оқу-тәрбие үрдісін алдын ала жобалау жолына ауыстыру, оларды ізбе-із сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасы жасалады. Ол мақсат-нәтижелерінің нақтылығымен, білім мазмұнының сұрыпталуымен, оны меңгерудің әдіс-құралдарының және оқу түрлерінің біртұтастығымен анықталады. Мақсат қою мен тұтастықты сақтау басты қағидалары ретінде танылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл ұстарту мәселесі нақтылы да жүйелі жүргізілмей, тіл ұстарту мәселесінің өзі де әлі де нақтыланбай, оны жүзеге асырудың бағыттары, жолдары анық белгіленбей, белгілі бір жүйеде қолданылмай жүргендіктен, оқушылардың шығармашылық жазу жұмыстарының т.б. сапасы төмен дәрежеде екндігі соңғы уақытта баспасөз беттерінде жарияланып жүрген мақалаларда айтылып та жүр. Бұл фактілер, біріншіден, оқушылардың тілін дамытуға байланысты олқылықтардың орын алуымен айқындалса, екіншіден, тіл дамыту әдістемесіндегі нақтылықты қажет етумен айғақ болады. «Тіл дамыту» мен «Тіл ұстарту» ұғымдарын нақтылап айқындау қажеттігі әдіскер-ғалым Б.Жахинаның айтқандарынан көрінеді. «...Әрі қазақ тілі әдістемесі бойынша дұрыс қалыптаспай келе жатқан, мектеп мұғалімдерінің арасында қиындық келтіріп), әр түрлі ой-жорамал туғызып жүрген «Тіл дамыту» әдістемесіне жүйелілік енгізу үшін «Тіл ұстарту», «Тіл дамыту» деген екі атаумен аталып жүрген екі терминнің өзін, екеуінің де алдына қойып отырған мақсат-мүддесі оқушы тілін дамыту, ойын жазбаша әрі ауызша түде сауатты, көрікті жеткізе білуге үйрету болғандықтан бір ғана атаумен атаса да дұрыс болатын сияқты».

Қысқаша шолу
Пән атауы: Педагогика
Көлемі: 22 бет
Жұмыстың түрі: Курстық жұмыс


Танысу


Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 490 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз: