Вы здесь

С.МҰҚАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК СИПАТЫ

02 марта 2020 | 1867

Жоспар

Мазмұны
І. С.МҰҚАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
1.1 С.Мұқанов шығармаларындағы әлемдік тілдік бейнесінің көрсеткіштері
1.2 Жазушы шығармаларындағы сөз мағынасының ауысуы, амалдары

ІІ. С.МҰҚАНОВ «ӨМІР МЕКТЕБІ» ТРИЛОГИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 С.Мұқанов шығармасындағы фразеологизмдердің қолданысы
2.2 Жазушы тіліндегі символдар жүйесі
2.3 Қаламгер шығармасындағы қарама-қарсылық ұғымының қолданыс ерекшелігі

Кіріспе

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Тіл қоғам өмірімен бірге жасап, бірге дамиды. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше зор. Тіл мен сөзді бір-бірімен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құрайтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. (М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ, 10-бет)
ХХІ ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста қарастыру қажеттілігі туындады. Мұндай қажеттілік тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттың және оның негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигманың дамуын талап етті. Осы орайда прагмастилистика қазіргі тіл білімінде және фразеологияда жаңа бағыт ретінде өзінің қалыптасу кезеңінде тұр. Оның зерттеу нысаны, теориялық принциптері мен ғылыми әдістері фразеологизмдерді жан-жақты зерттеуді талап ететін сан-салалы мәселелерді көтереді. Себебі прагмастилистика өзінің зерттеу объектісінің көп қырлы аспектісіне байланысты прагматика, коммуникативтік лингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы, лингвистикалық поэтика, логика, когнитивтік лингвистика сияқты тіл білімі салаларының зерттеу мәселелерін өзара байланыстырады.
Қазақ тілтанымының өзегін адамзаттың өмір сүру, қоғамда тіршілік ету ұстанымдары, жеке этностық құндылықтары мен мәдени нормалары құрайды, өйткені зерттеушілер назарына іліккен тілдік фактілердің көпшілігі лексикалық бірліктердің мағынасын халықтық пәлсапамен тығыз қарым-қатынаста айқындау, адамның шығармашылық қабілетін жеке биологиялық мүмкіндіктерімен,өмірден көрген-түйгенімен байланыстыру, тіл тарихы мен тілдік категорияларды адамзат танымы арқылы түсіндіру, сол арқылы жекелеген тұлғалардың пікір-көзқарастарын зерделеу, оларды ой мен когниция, жады мен зерде, зейін мен білім жемісі деп қарау арқылы шешімін тауып отыр.
Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тіл белгілерін зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сипатталады. Осыған орай қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың шығармаларының әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем қолданысын қоғамдағы ойды таныту құралы, әлеуметтік таңба ретінде қарастыру арқылы жазушы тілін тілдік тұлға деңгейінде зерттеу – жұмысымыздың басты да өзекті бағыты. (А.Е.АБДРАХМАНОВА, С.ЖҮНІСОВ ПРОЗАСЫНЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ, 4-БЕТ)
Көркем туынды авторлары жалпы халықтық тілдің фразеологиялық құрамынан қажеттісін ала отырып, оларды мүмкіндігінше түрлендіріп пайдаланады, өзіндік қолтаңбаларын да жасайды. Сондықтан С.Мұқанов туындыларындағы фразеологизмдерді, теңеу мен метафораларды яғни қазақ тілі фразеологиялық қорына қосылуға толық әлеуеті жететін рухани құндылыққа ие мағыналық бірліктерді стилистикалық, бағалауыштық, экспрессиялық, эмоциялық мән туғызу қасиеттерін танымдық тұрғыда анықтау, С.Мұқанов туындыларындағы фразеологизмдерді, теңеу мен метафораларды тіл білімінің жаңа бағыттары – прагмастилистика, когнитивтік лингвистикамен ұштастырып қарастыру аталған жұмыстың өзектілігін құрайды.
Зерттеу нысаны. С.Мұқанов «Өмір мектебі» трилогиясының тілдік қолданыс ерекшеліктерін, сөз мағынасының ауысуы, фразеологизмдер және олардың танымдық, прагматикалық, стилистикалық болмысы диссертацяның негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: С.Мұқанов «Өмір мектебі» трилогиясының сөз мағынасының ауысуы, амалдары, фразеологизмдердің прагматика-когнитивтік және прагматика-стилистикалық аспектілер тұрғысынан анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- С.Мұқанов «Өмір мектебі» трилогиясындағы ұлт тілі мен мәдениет көрінісін тілдің бейнелеуіш құралдары арқылы;
- түпнұсқадағы метафораларды жасалу жолдарына қарай жүйелеп, стильдік ерекшеліктерін жалпыхалықтық әрі жеке қолданыстарға метафораларды талдау;
- С.Мұқанов «Өмір мектебі» трилогиясындағы символдық мәні бар компонентті фразеологизмдерге талдау жасау;
- Ақынның көркемдік, экспрессивтік айту мәнері, адресаттың қабылдауына арнайы стилистикалық тиімді әсер ету үшін қолданылатын безендіруші стилін анықтау.
Зерттеу әдістері. Дисертацияның мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, сипаттама, салыстыру, тілдік талдау, концептілік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде шетел ғалымдарының еңбектерімен бірге А.Байтұрсынұлы, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Б.Шалабай, Г.Смағұл, Н.Уәли, Б.Қасым, Г.Қосымова, Р.Авакова, Д.Әлкебаева және т.б. зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Көркем мәтін лингвистикасы, стилистикасы, когнитивтік лингвистика бойынша оқылатын дәрістер және арнайы курстар мен семинарларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- фразеологизмдердегі философиялық, психологиялық, қоғамдық-әлеуметтік мән-мазмұнмен толыққан тілдік жүйесі арқылы С.Мұқанов шығармаларының тілдік бейнесі анықталды;
- С.Мұқанов туындыларындағы фразеологиялық, прагматикалық, бейнелеуіштік, символдық, бағалауыштық қызметтерімен ерекшеленеді;
- зерттеу нысанындағы фразеологизмдердің негізінде көрініс тауып, олар мәтінде белгілі бір қосымша стилистикалық жүк арқалап, сонымен қатар халықтың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы т.б. жөнінен мол мағлұмат бере алатын лингвомәдени тілдік бірліктер болып табылады;
- С.Мұқанов туындыларында кеңінен қолданылатын фразеологизмдік тіркестер, эпитет, теңеулерден болған фразеологизмдер арқылы қалыптасқан сөз тіркестік жүйе көркем шығарма тілінде прагматикалық үстеме мағына таныта келе, туындының эстетикалық құндылығын арттырады, автордың көзқарасын танытып, дүниенің ассоциативтік бейнесін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дисертация кіріспеден, негізгі екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3500 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Көлемі: 42 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу