Вы здесь
Көркем образ
20 апреля 2013 | 37296Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.
Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады.
Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» әлемге көшеді.
Образ-шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға образ да ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов.
Типтнндіру – мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харакеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керкгі-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-трототип.
Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай әсіресе, әдеби бейненің өмірдегі прототипі болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады.
Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады.
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу.
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді.
Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі.
Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм). Біз қазір образдың көркемдік әдіс тұрғысынан өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болас да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі.
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді.
Реалистік образ – нанымды образ:оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.
Реалистік образ – типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан.
Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сәттері мен жеке адамға ғана тән сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Әдеби тектердің әрқайсына тән ерекшеліктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тән тәсілдерді пайдаланады.
Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдер, әсіресе эпикалық образ үшін керек.
Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады.
Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін.
Лириканың міндеті өмір құбылыстарының әсерінен туған адамның ойлары мен сезімдерін бейнелеу болып табылады.
Драмалық образ – кейіпкердің өз сөздері мен с-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Драмалық образдың басты бір ерекшелігі оның сахнада сомдалуына қатысты. Драмалық образдың жасалу тәсілдер де өзінше бөлек эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрлі көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленісінен тартыстар мен қақтығыс қимыл-әрекеттер арқылы жасалады.
Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемлік туралы ілімінде бірнеше (комедия және трагедия, фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әр қайсысына лайық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдар юморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әешейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.
Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-әзіл, ал әзіл келемежге айналса – ирония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе, - саркозм болғаныы. Юмор бар жерде ылға сын бар деуге де болмайды.
Сатриалық образ - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында – көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Құлық пен сұмдықты, екіжүздікпен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырсыз күреске үндейді.
Мәз болады болысың, Күнде жақсы бола ма,
Арқаға ұлыс қаққанға. Бір қылығы жаққанға?
Шел тірейтіп орысың, Оқалы тон тола ма,
Шенді шекпен жатқанға. Ар-ұятын сатқанға. (АБАЙ)
Сатираның юмордан өзгешелігі – мұнда қаламгердің өзі сынап отырған адамына жаны ашымайды; оның мінін түзеу, өзен өнегелі өмірге қайта қосу мүддесі болмайды, керісінше, автор мұндай жексұрындық өмірде болмады керек деген қатал үкімін шығарады; юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою, жоқ қылу мақсаты жатады.
Сатираның юмормен бірлігі – мұнда да юмордағы секілді күлкі болады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, әжуа емес, мазақ, мысқыл, кекесін – күлкі. Сатиралық образ жасаудың тәсілдері әр түрлі өнер ирония, сарказм.
Ирония – кемшілікті, астармен перделеп санау, мысқылдау, кекету.
Сарказм – сыналған объект тәлкек етіліп қана қоймайды, оның дәрмексіз бейшаралығын да қоса әшкерелейді.
Көркем образ жасауға, адам мінезін ашуға лирикалық нәзіктік қандай керек болса, сатиралық өткірлік те, сондай қажет.
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман әдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделген ертегілердің адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.
Трагедиялық образ - әдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыста өмірде де, өнерде юморлық не сатиралық құбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада күлкілі жайлы әжуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді.
Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен.
Көне әдебиеттерде әсіресе грек әдебиеттерде, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық образға психологиялық дәлел болатын, көбіне, жазымыш еді. Дүние жүзілік әдебиетте трагедиялық өнер мен трагедиялық образдың қалыптасуындағы жаңа кезең-ренессанс драматургиясының шыңы боп табылатын Шекспир творчествосы. Бұл тұста, трагедия туралы ұғымның өзі жаңарып еді.
Бұрын, айталық, адам өміріндегі апат «жазмыштың бұйрығы» болса, недігі қасірет адамдардың өздеріне өздері жасаған қиянат пен қастықтан, өшпенділік пен өктемдіктен туындап жатты.
Трагедиялық образ XIXғ әдебиет одан әрі өрби түсті. Бальзактың «Адам ажуасындағы» адамның рухани құлдырауы, Пушкин мен Гоголь, Досоевский шығармаларындағы «кішкене кісілердің» аянашты халдері мен ауыр тағдырлары сөз өнеріндегі трагедиялық жинақтаудың әрі тереңі, әрі шыңы болатын.
Қазақ әдебиетінде трагедиялық образдың небір керемет үлгілері бар. Әсіресе әйел образды айрықша көрінеді. Қыз Жібек пен Баянсұлу, Қамар мен Шұға, Еңлік пен Сұлушаш, т.б. осылардың қай-қайсысын алмаңыз, қасіретті, қиын тағдырлары оқырманды енжар қалдырмайды, оның ой-сезімін тұтқындап, жан дүниесін тебірентіп, оны әрқайсысы өз тағдырына ортақ етеді. Трагедиялық браздың өзгеше эстетикалық мәні осында жатса керек.
Геройлық (қаһармандық) образ – адамға тән небір тамаша сипаттардың жинақталуынан тұратын сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, ассыл мұраттарынан туған тарихи тегі. Әдлебиеттегі қаһармандық дегеннің өзі-қоғамдық, адамдық биік мақсат жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлықпен қаһармандықты жырлау. Адам рухының ұлылығын қастерлейтін әдебиеттегі геройлық сөз өнерінің ең сұлу қасиеттерімен біртұтас. Бұл ретте қаһармандық образ - суреткердің ең биік идеалының және аыыл мұратының көркем жинақталуы.
Қаһармандықтың қайнар көзі көп және әр алуан. Әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған елді жаудан қорғау, халықтың азаттығы жолындағы ассқақ әрекеттер, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартсы, әділдік пен шындық, достық пен махаббат жолындағы харакеттер.
Қаһармандық образ – еңбек пен күрес адамының көрінісі. Әдебиеттегі ең көрнекті типі биік үлгісі сөз өнеріндегі қаһарандқ дегеннің орасан зор тәрбиелік мәні де осында жатыр.
Дүниедегі қандай бір заттар мен құбылыстар болса да мазмұн мен форманың тұтастығынан тұратындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген жай.
Көптеген ғалымдар көркем шығарманың мазмұны мен формасын бір-бірінен бөлмей, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірімен – бірі тығыз байланысты, бір нәрсенің екі қасиеті деп біледі.
Мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды айқындайды, яғни форма мазмұнды жарыққа шығарады, оны жұртшылыққа түсінікті айқын етіп жеткізеді.
Сонымен әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеясының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмірде, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі.
Мазмұн әлеуметтік категорияға жататындықтан да, қоғам өзгеруіне орай ол да өзгеріп, жаңа сипат алып отырады. Жаңа мазмұн жаңа форманың тууын талап етеді. Бірақ жаңа форма бір дегеннен туа қалмайтындықтан да алғашқы кездерде жаңа мазмұнның өзі уақытша блса да ескі форма арқылы көрініп отырады. Осы кезде мазмұн мен форма арасында алшақтық тууы да мүмкін. Жаңа мазмұнды ескі форма айқын көрсете алмаса, оның маңызын жояды. Мұндай жағдайда жаңа мазмұнға жаңа форма керек. Жаңа мазмұн жаңа форманы туғызғанда бұрынғы бар ескі формалардың негізінде, өңделіп, жарық көріп отырады. Сонымен жаңа форма бұйрықпен немесе жеке адамдардың тілегі бойынша жасалынбайды. Ол қажеттіліктен, творчестволық іздену арқылы бірте–бірте жасалады. Әдебиеттің көркем формасы әр халықтың өмірі, тіршілігі, мінез өзгешеліктері, әдет-дәстүрлерімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде жалпыға ортақ әдебиет формасы саналатын жәйттер бір кезде мазмұн болған. Мысалы, қайта өрлеу кезінде пайда болған новелла жаңалық, хабар сипатында көрінген.
Мазмұн мен форма жайын сөз еткенде бірінші мазмұнның бірнеше формасы болатыны өмірде жде өнерде де солай. Сонымен қатар мазмұнға қарағанда форманың өзгерімпаздығы. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі формаға көшіп отырады.
Мазмұн мен форма тарихи категория. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мазмұнын ала келеді.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен форманы көркем шығармаға көшірсек шығарма мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да форма-әдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі.
Әдебиеттегі пішін мен мазмұн – философиядағы пішін мен мазмұн категорияларына сүйене отырып, өз бойына әдеби туындының ішкі және сырқы жақтары жайлы түсініктерді тоғыстырған әдебиеттану ұғымы.
Әдебиеттегі пішін мен мазмұнды саралай қарастырғанда, әркез есте ұстайтын жәйттер бар: біріншіден, әңгіме ғылыми абстракциялыққа негізделетіні, яғни мазмұн мен пішін шындығында еш бөлшектенбейтіні. Себебі, пішін дегеніміз – мазмұнның қабылдану сипаты да., мазмұн дегеніміз – берілген пішіннің ішкі мәні.
Ал, әдеби туындының пішіндік (стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ), мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характерлер, жағдайлар,көркем идея, тенденция) немесе мазмұндық – пішіндік (сюжет) көріністері болып табылатын түрлі бөлшектері, жекелеген жақтары пішін мен мазмұнның біртұтас күйдегі шындығы болып табылады. Бұл – басқа мәселе.
Екіншіден, пішін мен мазмұн ұғымдары барынша жинақталған философиялық категория болғандықтан, оларды нақты – дара құбылыстарды талдау барысында аса абайлай қолдану қажет. Бұл, әсіресе, өзінің мазмұндық – пішіндік тұтастығы өзгені мүлде қайталамайтын, сол қасиетімен де маңызды саналатын бірегей бітімді көркем туындыларға қатысты. Мысалы, жалпы философиядағы мазмұнның бірінші, пішіннің екіншілігі жайындағы; пішіннің артта қалушылығы; пішін мен мазмұн арасындағы қарама – қайшылық туралы қағидалар жеке бір туындыны, әсіресе сол туындының бөлшектерін зерттеу кезінде сақталуы міндетті өлшемдер бола алмайды. Өнер мен әдебиеттегі пішін мен мазмұн қарым – қатынастағы ерекшелік жалпы философиялық ұғымдарды әдебиеттануға көшіре салуға жол бермейді. Өйткені көркем туындының өмір сүруінің ең қажетті шартының өзі – пішін мен мазмұнның жарасымы болып табылады. Мұндай жарасым болмаған жағдайда әдеби туынды қалай да өзінің көркемдігінен айырылады.
Сонымен қатар, мазмұнның «біріншілігі», пішіннің «артта қалушылығы», пішін мен мазмұнның «үйлеспеушілігі» мен «қарама – қайшылығы» ұғымдарын жеке қаламгердің шығармашылығын, әдеби даму кезеңдерін және тұтастай дәуірлерін (әсіресе, өтпелі де шұғыл өзгеріске толы дәуірлерді) қарастырғанда қолдануға болады. Мұндай кезеңдердегі пішіннің мазмұннан кейіндеп қалуын бір қаламгер шығармашылығын жеке алып қарамай, әдеби даму үрдісі аясында қарастырғанда ғана аңдай аламыз.
Әдебиеттегі пішін мен мазмұн ұғымдары арасына шек қою тек XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында ғана, ең әуелі немістің классикалық эстетикасында жүзеге асты. Гегель мазмұн категориясын енгізіп қана қоймай, оған айқын сипаттама да береді. Бұл жағдай әдебиеттің табиғатын түсіндіруде орасан мәнді қадам болды, сонымен бірге бұл тұста пішін мен мазмұнды бір – бірінен алшақтату қаупі де ьолды. XIX ғасыр әдебиеттануында мазмұн мәселелеріне баса назар аударылса, XX ғасырда керісінше, мазмұнды жеке алып зерттеуде кеңінен таралғанымен, әдебиетке пішіндік тұрғыдан үңілу басымырақ болды.
Негізгі әдебиеттер:
- Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
- Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы, 1966ж.
- Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
- Ахметов К. Әдебиметтануға кіріспе. Қарағанды, 2004жү
- Байтұрсынов А. Әдлебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж.
- Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы, 1995ж.
- Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997ж.
- Тюна В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001.
- Эсалняк А.Я. Основы литературоведения. Анализ художественного произведения: уч. Пос., 2-е изд. М., 2003.
- Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.
Пән атауы: | Қазақ тілі мен әдебиеті |
Көлемі: | 8 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |