Вы здесь

Сәби нәресте кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері

26 апреля 2014 | 30574

Жоспар

КІРІСПЕ
І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы-
ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ

Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі-
Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Баланың сәби нәресте кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің және т.б.еңбектері бар.
Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады
Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • сәби нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;
  • сәби балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар аудару;
  • сәби нәрестенің үлкен адамдармен қарым – қатынасындағы ерекшеліктерін анықтау;
  • нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктеріне назар аудару т.б.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеуге берілген «Сәби нәресте кезіндегі бала психологиясы» атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.