Вы здесь

Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны

11 мая 2015 | 37534

Жоспар

Кіріспе.....................................................................................................3

Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру..........................................................................................6
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру.....................................9

ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану мазмұны
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері..................................................................................14
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы...........................................17

ІІІ. Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы...............19

Қорытынды..........................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі
адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті
бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы
баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені «қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? – деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.
Осы аталғандарды негізге ала отырып балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын жасау негізделді.
Зерттеу пәні:
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын жасау
Зерттеудің міндеттері:
- Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
- Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.
- Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
- Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын қолдану әдіс- тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын қолдану әдіс- тәсілдерін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі табиғатты таныстыру бағдарламасын қолдану туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдарының классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

Қысқаша шолу
Пән атауы: Психология
Көлемі: 33 бет
Жұмыстың түрі: Курстық жұмыс


Танысу


Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз: