Вы здесь

Жанұялық қатынастағы конфликтілі ситуациялардың көрініс деңгейлері

01 февраля 2015 | 13420

Жоспар

1 ЖАНҰЯДА ТУЫНДАЙТЫН КОНФЛИКТІЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Конфликтілер туралы түсінік, зерттеген ғалымдар 6
1.2 Жанұялық конфликтілердің түрлері, туу себептері, ерекшеліктері мен құрылымы 9
1.3 Жанұядағы ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері 17

2 ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ КОНФЛИКТІЛІ СИТУАЦИЯЛАРДЫҢ КӨРІНІС ДЕҢГЕЙЛЕРІ
2.1 Жанұялық қарым – қатынастардың психологиялық құрылымы 25
2.2 Балапсихикасына кері ықпалын тигізетін ата-аналармен жұмыс жасау түрлері 272.3Жанұяндағы конфликтілерді шешу және алдын алу жолдары 41

3ЖАНҰЯДАҒЫ КОНФЛИКТІЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІК –ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР
3.1 Жанұялық конфликтілердің балалар психикасына ықпалы 54
3.2Ата- аналарда туындайтынконфликтілердің себептерін анықтау59

ҚОРЫТЫНДЫ 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ 82
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі жанұядағы ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің, қалыптасуының негізі – оның жанұясы. Осы шағын әлеуметтік топ – бала үшін өмір мектебі. Жанұядағы ата–ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030-жылғы жолдауындағы», мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз болары сөзсіз. Ұрпақ қамы – ертеңгі ел қамы. ХХІ-ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт талабынан өткен бай қазынасын Жанұя тәрбиесінде қолдану - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.

Өсіп келе жатқан бала үшін жанұяның тәрбиелік ықпалының қаншалықты екендігін ресейлік М.И. Лисина, И.В. Дубровина, А.Г. Фузская т.б. және де Қ.Т. Шериазданова, С.М. Елеусізова, К. Оразбекова сияқты отандық педагог – психологтардың зерттеулерінен көруге болады.

Жанұяның беріктігі қоғамның жағдайымен даму қарқындылығымен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта жағдайсыз жанұялардың саны артуда. Мұндай жанұялардың пайда болу себептері: ата - аналардың ішімдікке салынуы, нашақорлық, зорлық - зомбылықтың артуы т.б. Мұндай жанұялар психолог, мектеп, мемлекет тарапынан көмек көрсетуді қажет етеді.
Ақмола облысының ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, өткен жылы 181 ата - ананың өз ата –аналық құқығынан айырылу фактісі тіркеліп, 110 ата -ана баласынан уақытша шеттетілген. Ағымдағы жылдың өткен екі айының ішінде ғана 16 ата - ана өз ата -аналық құқығынан айырылып, 9-ы балаларынан уақытша шеттетілді.
Ендеше ата - ананың өзара теріс қарым - қатынасы немесе рухани азғындануы, арзан сезімді қуалап, неке бұзуы сияқты неше түрлі жат қылықтар баланың тәрбиесіне кері әсер етері анық.

Жанұя сәтсіздігінің бірден бір себебі-ажырасу. Шаңырақ ортасына түскен күні жас баланың психикасына түсетін ауыртпалық жүгі оның бүкіл өміріне кері әсер етеді. Бала әке – шешесінен ғана емес, ата - әжесінің тәлім - тәрбиесінен де қол үзеді. Жан - жағына зер салып, ой қорытатын жас енді өз бетімен шешім қабылдайтын болады.Осындай балалардың іс - әрекеті бақылаусыз қалғандықтан, қоғамда жасөспірімдер тарапынан жасалатын заң бұзушылық көптеп белең алып келеді.Соның нәтижесінде облысымызда 1371 бала кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекциясының , 91 жасөспірім наркологиялық орталықтың есебінде тұрса, 34-і спирттік ішімдік ішкен,57-сі токсикологиялық заттарды қолданған.Ал, 61 бала кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында тіркелген.Өткен жылы кәмелеттік жасқа толмағандар арасында 362 қылмыстық іске жол беріліпті.

Жанұяда баламен қарым – қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білулері керек. Бүгінгі күндері әкелер түрлі себептерге байланысты (экономикалық, әлеуметтік) өзінің жанұядағы патриархалды күшін жоғалтқан

Жанұяда, әсіресе ата- ананың, туған – туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылдап жатқан шешімдерге берген бағаларды жас бала арнайы тындап, мән бергенімен, ойын арасында естігнін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды.

Зерттеу нысаны:балалар мен ата – аналардың жанұядағы қарым – қатынас әрекеті, конфликтілер және баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы.

Зерттеу пәні: жанұядағы конфликтілі ситуациялардың бала психикасындағы ықпалы .
Зерттеудiң мақсаты:жанұядағы ата- аналар арасындағы туындайтын конфликтітердің туу себептерін белгілеп, олардың бала тәрбиесіне тигізетін кері әсерін анықтап,дұрыс шешілу жолдарын қарастыру, алдын-алу жұмыстарын көрсету.
Зерттеудiң мiндеттерi:

  1. Конфликтітердің түрлерін, шығу себептерін ғылыми-теориялық тұрғыда негiздеу;
  2. Ата -аналар арасында туындайтын конфликтітердің түрлерін, құрылымын айқындау;
  3. Ата -аналар арасында туындайтын конфликтітердің себептерін анықтау.Ата -аналар арасында туындайтын конфликтітердің алдын-алу жолдарын көрсетіп, әдістемелік нұсқаулар беру.

Ғылыми болжам: Егер де,жанұядағы ата-ана арасында туындайтын конфликтітердің шығу себептері дұрыс анықталып және болдырмау жолдары қарастырылса, онда балалардың психикалық саулығын дұрыс қалыптастыруға болар еді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: материалистік диалектиканың теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар; философия, педагогика және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға, Жанұялық қарым-қатынастың аймағы туралы психологиялық тұжырымдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

  1. Жанұядағы ата- аналар арасындағы туындайтын конфликтілердің теориялық аспектілері анықталып, «конфликті» ұғымының мәні мен мазмұны анықталды;
  2. Жанұядағы шиеліністердің түрлері, туу себептері, ерекшеліктері мен құрылымы айқындалды;
  3. Жанұядағы конфликтітерді шешу және алдын алу жолдары көрсетіліп, педагог–психологтарға әдістемелік кеңес беру үлгілері жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні:Жанұядағы ата-аналар арасындағы конфликтітердің шығу себептерін анықтап,шешілу жолдарын көрсету арқылы педагог– психологтардың іскерлік дағдыларын қалыптастырудың жолдарының қарастырылуы құнды.
Зерттеудiң әдiстерi: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгiме, сауалнамалар жүргiзу, тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы мен оқу-әдiстемелiк құралдарын зерттеп, қорыту; жүргiзiлген iс-тәжiрибенi сараптау, эксперимент нәтижесiне баға беру.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Ақбұлақ негізгі мектебінің оқушылар,ата- аналар қауымы.

Жетекші идея: Нарықтық экономика мен ғылыми – техникалық прогресс жағдайында жанұя мен балалардың психологиялық үйлесімді қарым – қатынас мәдениетін жақсарту негізінде баланың жеке басының парасатты, белсенді, дарынды, креативті, ұшқыр ойлы қасиеттерін қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері мен деректі көздері: жеке тұлға дамуындағы іс - әрекет және өзара қарым – қатынас теориялары, психодиагностикалық әдістемелер, этномәдениет және этнопсихология ғылымдарындағы қарым – қатынас жайлы ілімдері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар, «Балалардың құқығы туралы Конвенция» т.б.)

Зерттеу әдістері: психологиялық, философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, мәдени әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ – сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруға, конфликтілерді болдырмауға арнайы ұйымдастырылған ойын жаттығулар, ата – аналарға арналған семинарлар арқылы қалыптастыру көрсетіледі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Жанұядағы «қарым – қатынас мәдениеті», «баланың психикалық саулығы» ұғымдарының мәні нақтыланып, олардың құрылымы мен қызметтері анықталады.
  2. Жанұядағы конфликтілерді болдырмау мен алдын – алу жолдары, әдістемелік нұсқаулары жасалды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайдағы жанұя мен балалар қарым – қатынасының ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделіп, жанұядағы үйлесімді психологиялық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектептің, бала – бақшаның оқу - тәрбие үрдісінде, ата – аналарға пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, тәжірибелік – зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 101 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу