Вы здесь

Бастауыш мектеп жасындағы көру мүмкіндігі бұзылған балалардың қабылдау ерекшеліктері

09 мая 2013 | 18102

Жоспар

КІРІСПЕ

1. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ КӨРУ МҮМКІНДІГІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың клиникалық, педагогикалық-психологиялық сипаттамасы
1.2 Көруі бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері
1.3 Көруі бұзылған балалардың кеңістікті бағдарлануында қабылдаудың рөлі.
2. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ КӨРУІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 2-сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндігінің деңгейін анықтау.
2.2 Қабылдауды танымдық іс - әрекеттер барысында дамытуға арналған кешенді әдістерді жүргізу
2.3 Констатирлеуші эксперимент мақсаты, міндеті мен әдістемесі

2.4 Түзету-дамыту әдіс, тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде ағарту саласының бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Яғни, балалардың жеке басын дамыту, ішкі потенциалын ашу, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, денсаулығын қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр.

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен катар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты.

Өмір бойы адам 80 пайыз ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Адамның көру функциясы нашарлауының нәтижесінде даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру қабілеті төмендеген кезінде және нашар көретін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы заңдылықтарды зерттейтін ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы бастауыш мектеп жасындағы көру мүмкіндегі нашар(бұзылған) балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, құқығын өзімен қатарлы қалыпты балалармен тең қылып, қалыпты және дені сау азамат етіп тәрбиелеу. [52,62]
Ең бірінші көру мүмкіндігі бұзылған жағдайға психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көру мүмкіндігі нашарлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан алдындағы әйгілі «энциклопедиясында» (көру мүмкіндігі бұзылған жайлы) қарастырған. Д. Дидроның еңбектері қоғамның көру мүмкіндігі шектеулі адамдарған деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу қажеттігін дәлелдеді.

Көру мүмкіндігі шектеулі адам қараңғылықты сезбейді және түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көру м.мкіндігі шектеулі адамдар шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Өз еңбегінде А.В. Бирилев мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: «көзін байлаған адамның жарық көруі мен көру мүмкіндігі шектеулі адамның жарықты сезуінде айырмашылық бар» - деген.

Көру мүмкіндігі төмен бала өзінің көру мүмкіндігі нашар екенін ауырсынбайды және көруі нашарлаған деп те сезінбейді, оны тек әлеуметтік ортасы ғана сезеді деп санайды. Шындығында соқыр адамдардың икемділік қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді.
Белгілі мылқау, соқыр, саңырау Е. Келлер былай деп жазды: көру мүмкіндігі нашардардың сипап сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар көру мүмкіндігі жоғары адамдар сияқты дамымаған. [12,13]

Туа біткен көру мүмкіндігі нашар адамдардың қайғысы жүре біткен көру мүмкіндігі нашар адамдар қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші кетпейді,- дейді Щербина. Ол өз басынан өткен мынадай бір жағдайға баяндады. Көру мүмкіндігі нашар балалар мектебінде тәрбиені 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретпегендіктен қолына қасық ұстауды да жат.

Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес көру мүмкіндігі нашар баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастық шағынан, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек.

Ондай балаға көзің көру мүмкіндігі нашар екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көру мүмкіндігі нашар бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды.
Көзі көрмейтіндер ғылым әлемінде, өнер, әдебиеттен орын алады. Ғылымға үлкен үлес қосқан греция философы Демокрит ( б.з.б. ғ) және Диодит ( б.з.б. I ғ) көздері көрмеген Атақты математиктер есімі- Дидима ( Александрия, б.з.б.IV ғ) Н. Саундерсен ( Шотландия, XVIII Ғ), тифлолог Л.Брайл Франция (XIXғ), орыс кеңестік профессор А.М. Щербина ( 1874- 1934). [29,52]

Орыс және кеңестік оқымыстылар арасында көзі көрмейтіндер баршылық, олардың арасында 40 ғылым докторы, 200 ғылым кандидаттары отандық ғылымның абыройын асқақтатқандар. Кең шеңберде аты әйгілі отандық математиктер; академик Л.С. Понтрелгим, физика-математика ғылымында А.С. Витушкин, В.И Зубова және басқалар. [16,102]
Кәсіптік педагогика, тифлопедагогикаға өз үлестерін қосқан көзі көрмейтін оқымыстылар; п.ғ.д, профессор Б.И. Коваленко, п.ғ.д.. профессор В.С. Сверлов. Көзі көрмейтін адамдар программист, экономист, тарихшы. филолог, математик болып озат еңбек етеді. Көптеген көру мүмкіндігі нашар адамдар өнер және әдебиетте елеулі орын алған.
Көру мүмкіндігі нашардар арасында керемет композиторлар мен музыканттар бар. Париждегі К. Монтель атты көру мүмкіндігі нашар балаларға арналған Ұлттық институттың оқушысы алты жасар кезінде соқырланып қалса да, пианино мен рояльдың құлағында ойнайтын.

1784 жылы Парижде, 1791 жылы Ливерпульде, 1801 жылы Лондонда, 1804 жылы Берлинде, 1881 жылы Москвада көру мүмкіндігі нашардарға арналған білім беру мекемелері ашыла бастады. Көру мүмкіндігі нашардардың психикасын алғаш зерттеу XIX ғасырдың 70 жылдарына таман жүзеге асырыла бастады.
Бұл өз кезегінде тифлопсихологиялық зерттеулерге өзіне тән сипат берді яғни, көру мүмкіндігі нашардардың психикалық өмірлерін зерттеу интроспекция (өзіндік бақылау) жолымен іске асты.

Ғалымдардың еңбектерінің ішіндегі ерекше және маңызды монография М. Сизераның «көру мүмкіндігі нашардардың көру мүмкіндігі нашардар жайлы айтқаны» еңбегі осыдағы және басқа да еңбектерде көру мүмкіндігі нашардардың ішкі өмірі мен мінез-құлқын сипаттайтын мәлімет берілген. [16,25]

Балалардың қабылдау процесін дамыту мәселесін жан-жақты зерттеу, көру мүмкіндігі нашар баланың әлеуметтік ортада тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізетіні анық.
Зерттеу тақырыбы: Көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты – көруі нашар балалардың қабылдау процесінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысанасы - кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың қабылдау процесі.
Зерттеу пәні – көру мүмкіндігі шектелген балалардың қабылдау процесінің қалыптасу ерекшеліктері.
Болжамы - егер көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдау мүмкіндігін анықтап дамытсақ, онда олардың дамуында екінші кемістіктің пайда болуының алдын алып, баланың келешекте нәтижелі дамып, әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз.

Зерттеу міндеттері:

  • көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдауының теориялық негіздерін қарастыру;
  • басқа танымдық процестерден ерекшеліктерін белгілеп алу;
  • психолог ғалымдардың көруі нашарлардың қабылдауын дамыту әдістемелерін іс жүзінде жүзеге асыру;
  • зерттеу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

Зерттеу әдістері:

  • тифлопедагогика мен тифлопсихологиядағы әдеби деректерді талдау;
  • картиналарды жинап құрастыр ойынын өткізу;
  • ойындар, жаттығулар, сабақтар;
  • қабылдауды дамытуға арналған кешенді әдістер;
  • мәліметтерді өңдеу әдістері.

Зертеудің теориялық әдіснамалық негізі:
Ғылыми жұмыс В.П. Ермаковтың, Л. Брайлдың, Б.И. Коваленконың, А.М. Щербинаның, О.И. Скороходованың жазған еңбектеріне сүйенеді.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Зерттеу қорытындысы көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдау процесінің қалыптасқан деңгейі мен оның осы арқылы дүниеге деген көзқарасының арасындағы байланысты терең түсінуге көмектеседі.

Кіші мектеп жасындағы көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдауының теориялық негізгі тарауы бойынша, көру мүмкіндігі нашардар мен олардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері және соқырлардың кеңістікте бағдарлануында қабылдаудың рөлі тақырыптары қарастырылды.
Ғылыми жұмыста көру мүмкіндігі нашар балалардың түрлері мен категориялары және олардың пайда болу себептері жайлы айтылған. Сонымен қатар қабылдау мүмкіндіктерінің ерекшеліктері жазылған.

Кіші мектеп жасындағы көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдау процесінің ерекшеліктерін оқып зерделеу тарауы бойынша, 2 сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктерінің деңгейін анықтау және қабылдаудың, кеңістікте бағдарланудың дамуына арналған сабақтар тақырыптары қарастырылды.
Жаттығулардың мақсаты - көру мүмкіндігі нашар балалардың елестету, сипап сезу қабілеттерін, жылдамдықтарын, бақылағыштығын анықтау болды.
Зерттеу орны – соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп интернат « Болашақ ».

Зерттеу кезеңдері - І кезең 2010 – 2011 оқу жылында зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысып, талдау жасалынды.
ІІ кезең 2012 оқу жылында бастауыш сыныптың оқу үрдісінде дипломдық жұмысқа материал жиналып енгізілді және олардың мазмұны қарастырылып баспаға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 10000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 56 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу