Вы здесь

Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

30 марта 2018 | 4042

Жоспар

1 Тыйым жайлы қысқаша түсінік
Тыйым ғылым саласында «табу» деп аталады, əжелгі мағынасы «киелі, «атауға, соқтығуға тыйым саланған» дейтін ұғымдарды білдіреді. Кезінде Тынық мұхиттың орта бөлігіндегі Полинезия топ аралдарында тұратын жергілікті тайпалар тілінде кейбір сөздер белгілі бір əлеуметтік топтарға ғана тəуелді болып, ол сөздер өз атымен емес, басқаша аталатын салт болған. Бұл құбылысты алғаш рет ағылшын жиhанкезі Джеймс Кук (1728–1779) байқайды, əрі тіл білімі ғылымы саласына енгізеді. Соңғы зерттеулер бұл құбылыстың дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде бар екендігін дəлелдеді, «табу» ұғымы қазақ тілінде «тыйым» деп аталады.
Тыйым – қауымдық дəуірдегі адамдардың мифтiк-дiни наным-сенімі негізінде, табиғаттағы ие-киелердің, табиғи жұмбақ күштердің, тылсым заттар мен құбылыстардың белгісіз қатерінен, пəле-жаласынан, түрлі кесапаттан сақтандыру, олар туғызған үрейден арылу немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету мақсатында қалыптасқан, сөзсіз орындауға тиісті қағида-ережелерінің жиынтығы. Атап айтқанда, тыйым адамдарға нені атауға, нені істеуге, неге соқтығуға болмайды дегенді үйретіп, оларды оғаш сөз-қимылдан тежеп, белгісіз қатерден сақтану мақсатымен алдын ала жасалған іс-шара болып табылады. Тыйым, əдетте, тыйымдық субъекті (тыйымды орындаушы адам), тыйым нысаны (тыйылатын нəрсе немесе іс-қимыл) жəне тыйым мақсаты (белгісіз бақытсыздықтан сақтану) сынды үш фактордан құралады [1].
Тыйым алғашқы қауымдық қоғамда наным-сенімнің туындысы болып, өркениет үрдісінің əр кезеңінде толығып, кемелденіп отырған. Бағзы дəуірде адамдар тек табиғатқа сүйеніп, ғұмыр кешетін, тіршілік тəсілі аса қарапайым да əлсіз еді. Түрлі табиғи апаттар екінің бірінде оларға қауіп төндіріп отыратын. Десе де, адамдардың өмір тəжiрибесi біртіндеп молая түсті де, неден тыйылуды тəжiрибе жүзiнде ұғына бастады, бір-ақ не себептi тыйылатынын бiле бермедi. Сөйтіп, бұл жұмбақтың жауабын мифтiк, дiни қисыннан іздеді. Олар табиғаттағы барлық заттардың ие-киесі бар, өмірге, тіршілікке қауіп-қатер төндіріп отырған осы ие-киелер деп жорыды, оған əрі үрейлене, əрі ізетпен қарады. Сонымен ие-киелердің қатерінен сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету, іс-қимылдарын сол ие-киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында алуан түрлі тыйымдарды ойлап тауып, тұрмыста қолдана бастады. Бұл дəуірде қалыптасқан тыйымдар негізінен ие-киеге табыну, табиғатқа табыну, тотемге табыну, аруаққа табыну немесе шамандық наным-сенімге қатысты тыйымдар еді. Олар ізгі рухтардан жəне кесірлі рухтардан тыйылу болып екіге бөлінетін. Демек, бағзы дəуірдегі қолайсыз табиғи орта, мешеу тіршілік тəсілі, сондай-ақ адам танымының таяздығы тыйымның пайда болуына негіз болған.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 10000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 51 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу