Вы здесь
Малайзия елінің қонақ үйлері
13 июня 2013 | 5896Малайзия – бұл Азияның ең негізгі жүрегі болып табылады. Малайзияға келіп сіз өзіңізді үш көне мәдениеттің бір елде үйлесімді өмір сүріп жатқанын қайталанбастай сезінесіз. Яғни олар – малайлық, қытайлық және үнді мәдениттері. Осы күшті құбылыстарды жергілікті тұрғындар мақтан тұтады. Олар туристерді әрдайым жылы жүзбен, қонақ жайлықпен қарсы алады. Бұл жерге келгенде сіздер Катазан, Ибан және тағы басқа Сабаха, Сарабака тайпаларының іздерін көре аласыз. Осы жерде болған британдық, португальдық және голландықтар тайпаға өздерінің үлесін қосқан.
Бұл жер сіздерге тропикалық жұмақтың есігін айқара ашатын халықаралық Куала-Лумпур аэропорты. Бұл дүниедегі қазіргі заманғы әдемі аэропорттардың бірі болып табылады. Сіз бірден осы елдің жақсы дамыған дәрежеде екендігін сезіне аласыз, себебі экономикасы және астанасы өте жоғары дәрежеде дамыған.
Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан ел. Оның аумағы 332,8 млн. шаршы шақы¬рымды құрайды. Яғни, жер көлемі жағынан біздің Қазақстаннан 8 есе кіші. Халқының саны, біздің қолымыздағы деректер бойынша, соңғы 30 жылға тарта уақыт ішінде екі жарым есе өсіп, 26 миллионнан асып жығылған. Ұлттық құрамы – әркелкі. Жартысынан астамын жергілікті малай халқы, 26 пайызын қытайлықтар, 8 пайызға жуығын үнділіктер құрайды. Негізгі тілі – малай тілі, халқының басым бөлігі – мұсылман.
Қазіргі Малайзия – бұл ғасыр¬лар бойғы кедейшілік шырмауын ысырып тастап, жиырма жылдың ішінде өзінің экономикалық қуатын ондаған есе өсірген, көктіреу үйлері бар әсем қалалары көздің жауын алған, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің бірі. Оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыруы тоқсаныншы жылдардың ортасында жасалған “2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағ¬дар¬ла¬масына” сәйкес жүргізіліп келеді.
1957 жылы Малайзия өз тәуелсіздігіне ие болады. Малайзия қазіргі күні бәсеке¬лестікке қабілеттілік жөнінен әлемдік рейтинг бойынша 24-ші орында, технологиялық индекс бойынша 25-ші орында, Үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды алға жылжыту рейтингі бойынша – 2-ші орында, мемлекеттік қаржыны бақылауға алуы жөнінен 2-ші орында тұр.
Малайзияда әр бес жыл сайын әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспары жасалынады. Таяудағы бес жыл ішіндегі даму мәселелері 2006-2011 жылдарға арналған – тоғызыншы малайзиялық жоспарда қарастырылған. Осы жоспар бойынша ішкі жалпы өнім көлемін әр жыл сайын 6 пайызға өсіріп отыру көзделеді. Ал мұның өзі жан басына шаққандағы табыс көлемін 2010 жылы 13,9 мың долларға жеткізуге мүмкіндік береді.
Малайзияда сізге қажеттінің бәрі бар: неше түрлі дүкендер, экзотикалық асханалар, әдемі демалуға жайлы жағажайлар, қалың ну ормандар, дайвинг ойнауға арналған су бақшалары, гольф ойнайтын аландар бар. Малайзия сізге ұмытылмастай демалыс сыйлайды.
Куала Лумпур
Куала Лумпур таңғажайып мәдениеттерге, әдет-ғұрыптарға толы қала. Бұл қалаға сіз келгеніңізге өкінбейсіз. Малайзияның оңтүстік-басының жартысында орналасқан.
Жақынырақ жағалауда – Диксон деген порт бар, оған екі сағатта жетесіз. Бұл үлкен порттардың пункті, жағажайда демалуға болмайды.
Куала Лумпур – қаласының аты оның тарихымен байланысты қойылған. Жүз жыл бұрын қытайлықтар Малайзияда темір кенін анықтап, Куала Лумпур атты жерде тұрақтанған. Ол малайлықтардың «екі майлы өзеннің сағасын» білдіреді. Бұл жерде ауыл пайда болып, осы атпен қазіргі заманға сай дамып, қарқындап өсті.
Бүгінгі таңда Куала Лумпур – таусылмастай мейрамдарға, жеміс-жидектер фестивалі, дракон биі және де басқа мейрамдарға толы. Куала Лумпур бұл таңғаларлық оқиғаларға толы және осы жерден сіз өзіңізге керекті, қажетті заттарды таба аласыз.
Жыл бойы бұл жерге келиге болады. Қарашадан-ақпанға дейін жауын-шашын көп жауады. Бірақ бұл жерде жауын өте қатты жауады, бірақта аз ғана уақытта тоқтайды. Ауаның температурасы төмендемейді. Наурыздан-мамырдың сонына дейін қалада құрғақ және ыстық мезгіл болатынын байқауға болады.
Мемлекеттің басты қақпасы бұл халықаралық KLIA аэропорты, дүниедегі 45-тен астам авиакомпанияларға қызмет етеді. Бұл дүниедегі ең үлкен аэропорттардың бірі болып табылады. Және де техникалық, электрондық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Томожниялық және паспорттық бақылау жүйесі өте жақсы дамыған.
Қонақ үйлері
о.Лангкави, Pelangi Beach & Spa Resort 5*
Орналасқан жері:
Бұл қонақ үй, дәстүрлі малазиялық ауыл стилінде салынған және Лангкави жағажайының тропикалық бақшасының батысында орналасқан. Курорт Pulau Rebak Kecil жағажайын жағалай өсіп тұрған пальмалардың арасындағы 30 акрадан жоғары жерді алып жатыр, сонымен бірге Лангкави халықаралық аэропортына 8 шақырым жерде орналасқан.
Номер типтері:
- Superior Garden View – бақшаға қарай орналасқан номерлер
- Deluxe Lake View – көлге қараған бетте орналасқан номерлер
- Deluxe Sea View – теңізге қараған бетте орналасқан номерлер
- Marina Club Room – қонақтарға ерекше артықшылық дәрежеде қызмет көрсететін номерлер
- Suite – екі комнаталы номер (спальня + гостиная)
Номерде:
Кондиционер; вентилятор; ванна/душ; таразы; фен; мини-бар; халықаралық байланысқа тікелей шығатын телефон; видеоканалды теледидар; сейф; шай және кофе дайындалатын арнайы жабдық; балкон немесе дәліз бар.
Қонақ үйде:
Сән салоны; автокөлікті жалға беру; дискотека және караоке; сувенирлік дүкен; бизнес орталығы; киім тазалау/химчистка бар.
Балаларға арналған:
Балаларға арналған ойын алаңы және тәрбиешімен қамтамасыз етілген.
Тамақтану:
- «Tepiang Cenang» - ғажайып бақша көрінісіне қарай орналасқан жайлы кафе;
- «Niyom Thai Restaurant» - Тайлық асханалы мейрамхана;
- «The Spice Market» - Малайзиялық және интернационалдық асханалы мейрамхана;
- «Music Room» - түнгі клуб, дискотека;
- «Pelangi Lounge» - жеңіл дәмтатым мен сусындар ұсынатын бар, кешке мұнда «жанды дауыспен» өтетін көрсетілімдер өтіледі;
- «Horizon Pool Bar» - бассейндегі бар.
- “Cascade Pool Bar” – бассейнге қараған бетте орналасқан бар;
- “Cenang Beach Bar” – жағажайдағы бар.
Ойын-сауық және спорт:
2 бассейн, теннистік корттар, мини-гольф, фитнес орталығы, жағажайдағы спорт түрлері. Дискотека және караоке бар.
Емделу және SPA:
SPA орталығы: сауна, булы монша.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
Куала Лумпур, Equatorial Hotel 4*
Орналасқан жері:
Қонақ үй қаланың коммерциялық және іскерлік орталықтарының жанында орналасқан, сонымен бірге негізгі ойын-сауық және дүкендер орталықтарына жақын және ең таяу аэропортына дейін 70 шақырым, ең жақын жармеңкеге (kuala lumpur central) дейін 3 шақырым жерде орналасқан.
Номерлер түрлері:
Қонақ үй 300 номерден құрылған. Олардың ішінде:
- 102 Superior
- 102 Executive rooms
- 40 Deluxe rooms
- 43 Equator Club Executive
- 9 Executive Suite
- 3 Senator Suite
- 1 Equatorial Suite
Номерлерде:
Қазіргі заманғы жиһаздар; CNN, CNBC, NHK және Star Sport каналдары бар кабельді теледидар; ішкі видеоканал; 4 музыкалық каналдар; телефон; мини-бар; ванна/туалет; фен; сейф.
Сонымен қатар, шылым шекпейтіндерге арналған және бірлестірілген, 4-нан тұратын отбасыға өте қолайлы номерлер бар. Бірлестірілген номер – бұл Deluxe-пен (ортақ есік) қосылған Superior номері болып табылады.
Қонақ үйде:
Дүкен, бар, мейрамхана, бизнес орталығы, конференц зал, автокөлікті жалға беру, валюта айырбастау бар.
Тамақтану:
3 мейрамхана (жапондық, малайлық, интернационалдық асханалар), кофейня, бистро, лобби-бармен қамтамасыз етілген.
Ойын-сауық және спорт:
Ашық бассейн, массаж, сән салоны, сауна, фитнес орталығы.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
о.Сабах, Sutera Harbour Resort 5
Орналасқан жері:
Қонақ үй, аэропорттан 10 минуттық жолдан тұратын Сабах штатында орналасқан, маңында мұхиттың жағасында Кота Кинабалу атты сауда және іскерлік орталығы бар. Оңтүстік Қытай теңізіне қараған жағы мен Кинабалу тауының жанындағы 384 акралы территорияны алып жатыр.
Sutera Harbour Resort туристік кешені - Magellan Sutera Wing және Pacific Sutera Wing 1999 жылы салынған қонақ үйлерден тұрады.
Номерлер түрлері:
Magellan Sutera Wing: 4 этажды негізгі ғимаратта 456 номерден құралған:
- 370 Deluxe Garden/Sea view rooms
- 10 Magellan Suites
- 37 Magellan Club rooms
- 38 Deluxe Suite
- 1 Presidential Suite
Pacific Sutera Wing: 500 номерлік категориялары:
- 191 Deluxe Golf View
- 184 Deluxe Sea View
- 33 Junior Suite
- 30 Executive Suite
- 1 Presindetial Suite
Бизнесмендер үшін қонақ үй Pacific Club атты клубты номерлер ұсынады, ол қонақ үйдің екі жоғарғы этажда орналасқан.
Қосымша: іскерлік орталығы, бөлек check-in/out, Интернетке тегін кіру, континентальды таңғы ас және Оңтүстік Қытай теңізіне панорамдық көрініспен қараған арнайы залда кешкілік коктейлдер, күн сайынғы газеттер туралы қызмет көрсетулермен қамтамасыз етілген.
Номерде:
Кондиционер, телефон, теледидар, радио, сейф, мини-бар/тоңазытқыш, электрлі шайнек, ванна/туалет, фен, балкон.
Тамақтану:
Екі қонақ үйде де 16 мейрамханалар мен барлар бар.
Magellan Sutera Wing мейрамханалары мен барлары:
- "Al Fresco"- жерортатеңізі асханасы
- "Ferdinand's" – итальяндық асханасы
- "Five Sails" - азиаттық асханасы
Pacific Sutera Wing мейрамханалары мен барлары:
- "Silk Garden" - қытай асханасы
- "Cafe Boleh"- малайлық асханасы
- "Waves pool bar" - бассейндегі бар
- "Lobby Lounge"- қонақ үй холлындағы мейрамхана-бар. Кешке қарай жанды музыка ойналады.
Көрсетілетін қызметтер:
Балаларға арналған клуб(3-тен 12-ге дейінгі), ойын-сауық бөлмелер.
“Mandara Spa” SPA-орталығы, бизнес орталық, автокөлікті жалға беру, дүкендер, шаштараз, room-service – тәулік бойы.
Ескерту:
Қонақ үйде өте кішкентай жағажай, бірақ “Marina Centre”-ден қарама-қарсы корал аралына қайық жүреді, онда теңіз таза, су спортының түрлері: оның ішінде снорклинг және дайвингпен айналысу. Қонақ үйден әрдайым Кота-Кинабалу астанаға автобус жүріп отырады.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
о.Лангкави, Four Seasons Resort 5*
Орналасқан жері:
Жаңа қонақ үй Танджунг Ру жағажайында және барлық номерлер Андаман теңізіне көрінісіне қарай орналасқан. Бөлмелердің жабдықталуы малайлық дәстүрлерінің соңғы қазіргі заманғы дизайн тенденцияларына сай жасалған.
Номерлердің түрлері:
- Melaleuca Pavilion (68 кв.м) – номерлер қонақ үйдің екіқабатты корпусында орналасқан. Бірінші қабатта орналасқан номер, king-size көлеміндегі жатын бөлмелік кроваттан немесе екі жатын бөлмелік кроваттан, қонақ күту залы, ванна бөлмесінен тұрады. Екінші қабаттағы номер болса, king-size көлеміндегі жатын бөлмелік кроваттан, қонақ күту залы, ванна бөлмесінен және үлкен дәлізден тұрады.
- Beach Villa (220-350 кв.м) – виллалар теңіздің жағалауында құрылған. Әр вилланың жеке өзіндік бассейндері мен бақшалары бар. Виллада – 1,2 немесе 3 жатын бөлмелер,сонымен бірге , king-size көлеміндегі жатын бөлмелік кроваттан немесе екі жатын бөлмелік кроваттан, үлкен қонақ күту залы, ванна/душ бөлмесінен тұрады. Әр виллада бір жеке SPA-процедуралы массажды үстелі бар бөлме және әрқайсысында 42-дюйм диагональды плазмалық панелі бар теледидар орнатылған.
- Presidential Suite (1400 кв.м) – Қонақ үйдің ең әдемі әрі кең вилласы қонақ үй жағажайының көрікті бөлігінде орналасқан. Вилла king-size көлеміндегі екі жатын бөлмеден, үлкен қонақ күту залы мен асханадан, ванна/душ бөлмесінен, жеке SPA-процедуралы массажды үстелі бар бөлмеден тұрады. Қонақтарға қызмет көрсетуде – персоналды бассейн қызмет етеді.
Номерде:
Кондиционер, CD және DVD, радио, үлкен ванна/душ бөлмесі, фен, халаттар, аяқ киімдер, мини-бар, шәйнек, үтік, тікелей халықаралық байланысқа шығатын телефон, видеоканалдары бар теледидар, Интернет.
Тамақтану:
«Серай» мейрамханасында, малай тілінен аударғанда «лемонграсс» деген білд., итальяндық және жерортатеңізі асханасының тағамдары ұсынылады.
Қонақ үйде сонымен бірге, «Икан-Икан» мейрамханасы бар, ол толығымен дәстрлі малайлық стильде жабдықталған. «Икан-Икан» малай тілінен аударғанда «балық» деген білд., «Икан-Икан» мейрамханасында клиенттерге тайлық, қытайлық және малайлық асханасының экзотикалық тағамдары ұсынылады.
«Келапа» кафесінің бассейнінде клиенттерге қызмет көрсететін барда тропикалық және интернационалдық коктейлдері дайындалады.
«Ру» деген барда клиенттерге дәмтатымдар ұсынылады.
Қонақ үйдегі сервис:
Бизнес орталық және конференц зал, олар соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған.
Ойын-сауық және спорт:
Екі ашық бассейн, теннистік корт, фитнес орталығы, атқа міну иподромы, виндсерфинг, парустық спорт, суда жүзудің түрлері.
Емделу және SPA:
SPA орталығы: орталықтың қызметінде дәстүрлі малайлық және индонезиялық массаж, үнділік аюведа, ежелгі қытайлық сауықтыру және жасару әдістерімен қатар Йога бар.
Балаларға арналған:
Арнайы меню, балаларға арналған халаттар, балаларға арналған демалудың әртүрлі түрлері, би және малай тілінен сабақтар және т.б.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
о.Пангкор, Pangkor Laut Resort 5*
Орналасқан жері:
Пангкор Лаут аралы Малайзияның жартылай аралдарының батыс жағалауында, жекеменшік иелігінде орналасқан. Мұнда келу үшін Куала Лумпурдан о.Пангкорға дейін 20 минутта ұшақпен ұшып келіп, кейіннен кішкене қайықта аралдардың жанынан әдемі табиғатты тамашалап жүзіп келуге болады.
Аралдың аумағы 120 га-ды құрайды.
Номерде:
Көптеген номерлер үлкен екі жатын бөлмелік кроватпен, диван, жазба үстелі, ванна/душ, кондиционер, тоңазытқыш, элекртлі шәйнек және кофе құралы, фен, телефон, сейф. Қосымша сұраныс бойынша CD-плеер дисктер таңдауымен беріледі.
Қонақ үйде:
- ROYAL BAY HILL|GARDEN VILLAS: 45 вилла тропикалық орманның маңында орналасқан. Әрқайсысынан аралға қарай көрікті көрініс ашылады. Әр вилла екі қабаттан, әр қабат екі бөлмеден тұрады.
- ROYAL BAY BEACH VILLAS: 8 вилла төменде, әсіресе паркке, жағажайға, мейрамханалар мен бассейндерге жалғасып кеткен. Вилланың құрылымы Hill|Garden Villaсымен сәйкес.
- ROYAL BAY SEA VILLAS: 21 вилла, оның әрқайсысы бір қабаттан орнатылған, олар негізінен суда орналасқан және теңіз бен аралдың өзіне көрікті көрініс береді. Ең романтикалық варианттың бірі.
- MARINA BAY VILLAS: Бұл вилла жақында ғана салынып біткен және V.I.P. туристерге арналған вилла кешені. Мұнда 9 вилла бар.
Тамақтану:
Chapman’s Bar мейрамханасы Emerald бухтасында орналасқан. Бір күн ішінде жеңіл дәмтатымдар мен сусындарды ұсынады.
Oasis Bar (бассейнде) кез келген сусынды таңдап алуға болады.
Palm Grove Café – таңғы асқа арналған швед столы.
Uncle Lim’s Kitchen – теңізге қараған ашық таза ауада отыратын мейрамхана. Мұнда Шығыс асханасын ұсынады.
The Samudra – классикалық малайлық асхананы ұсынатын мейрамхана.
Royal Bay Beach Club мұнда бір күн бойы интернационалдық асхананың тағамдарынан дәм татуға болады.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
о.Лангкави, Holiday Villa Langkawi 4*
Орналасқан жері:
Қонақ үй «Алтын Үшбұрыш» орталығында, яғни сауда және коммерциялық районының кілтінде, қолайлы жерде орналасқан. Бұл туристер мен әскенр адамдарға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Номерлер түрлері:
- Deluxe – 443 номер;
- Suite – 69 екі бөлмелі номер.
Номерде:
Кондиционер, ванна/душ, таразы және телефон, фен, халаттар мен аяқ киімдер, видеоканалы бар телефон, радио, тікелей халықаралық каналдарға шығатын теледидар, сейф, мини-бар, шай және кофеге арналған құрал, жүйелі электронды кілттер.
Қонақ үйде:
Қазіргі заманға техникамен жабдықталған бизнес орталығы, конференц зал, банкетный зал, түнгі клуб, сувенирлі дүкен, автокөлікті жалға беру.
Ойын-сауық және спорт:
Ашық бассейн, тренажерлы зал, екі теннистік корт, аэробика, гольф.
Емделу және SPA:
Сауна, булы монша, джакузи.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
о.Лангкави, Berjaya Langkawi Beach & Spa resort 4*
Орналасқан жері:
Қонақ үй Бюрау Бэй құмды жағажайда орналасқан. Ол 70 акралы территорияны қамтиды, және халықаралық аэропорттан 15 минуттық шақырымда орналасқан.
Номерлер түрлері:
- Superior Room – бақшаға қарай орналасқан номерлер;
- Deluxe Room – терезеден теңіздің ғажайып көрінісі көрінеді;
- Junior Suite – теңіз көрінісі.
Номерлерде:
Балкон немесе дәліз, кондиционер, вентилятор, душ, видеоканалы бар теледидар, тікелей халықаралық байланысқа шығатын телефон, фен, мини-бар, шай және кофе дайындауға арналған жабдық.
Тамақтану:
- "Dayang Cafe" – малайлық және халықаралық асханалар тағамдары таңғы, түскі және кешкі ас ұсынылатын негізігі мейрамхана. Бұл мейрамхана тәулігіне 24 сағат бойы ашық болады.
- "Teppanyaki Corner" – жапондық делекатестері жағажайдың үстінде беріледі.
- "Oriental Pearl" - қытай мейрамханасы.
- "Pantai Beach Restaurant" – музыкасы бар жағажай мейрамханасы.
- "Lobby Lounge" - холлдағы кафе және бар, кешкісі жанды музыкамен.
- "Poolside Bar" - бассейндегі бар.
Қонақ үйдегі қызмет көрсету:
Қонақ үй лоббиіндегі сейфтер, киім тазалау, автокөлікті жалға беру, сувенирлі дүкендер, туристік агентстволар, валюта айырбастау (төлеуге кредит карточкалары пайдаланылады).
Ойын-сайық және спорт:
Бассейн, теннистік корттар, жағажайдағы су спортының түрлері. Дискотека және караоке.
Турдың басталуы: қаңтар
Турдың аяқталуы: қаңтар
The Ritz Carlton Kuala Lumpur *****
Бұл қонақ үй Куала Лумпурдың алтын үшбұрышында орналасқан. Қонақ үй Star Hill Gallery сауда комплексімен бір ғимаратта орналасқан, келген қонақтар Галереяның мейрамханаларына еркін бара алады. Кез-келген 14 мейрамханадан тамақтанғаннан кейін, өзінің номеріне, есепшотына жаздыруға болады. Галереяның 14 мейрамханасы Риц қонақ үйіне кіреді. Осы галереяда көптеген бутиктер де бар. The Ritz Carlton қонақ үйінде 247 номер бар. Бұл жататын орындар барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Теледидар көру, кофе, шай, фэн, минералды су, үтік, аяқ киім т.б. тегін. Тек бар, телефон, интернет ақылы.
The Ritz Carlton қонақ үйі – Малайзиядағы қонақ үйлердің ішінен 1 орында. Қонақ үйдің іші керемет.
Mandarin Oriental Kuala Lumpur*****
Mandarin Oriental қонақ үйі қаланың орталығында егіз ғимаратқа көрші орналасқан. Бұл қонақ үйде 592 номер бар.
Бұл жер демалуға, бизнеспен айналысуға қолайлы. Терезелерден әдемі парктерді, көптеген таң қаларлық жерлерді және т.б. көре аласыз.
Shangri – la Kuala Lumpur *****
Астананың бизнес орталығына және мәдениет орталығына 5 минуттық жерде орналасқан. Онда сіз өзіңізге керекті заттарды арзан бағаға сатып аласыз және де қыдыруға, тәтті тағамдармен тамақтануға болады. Қонақ үйде 701 номер бар.
Бұл Малайзияның қонақжайлылығын сезінуге болатын керемет жер.
The Regent Kuala Lumpur *****
Астананың басты Букит Бинтанг көшесінде орналасқан. Маңайынан неше түрлі сауда орталықтарды, мейрамханаларды, банк және офистерді көре аласыз. Өзінің осындай жерге орналасқанына байланысты іскерлік кездесулерге қолайлы жер болып табылады. Жақын жерде 3000 мыңға жуық магазиндер, кафелер бар. Қонақ үйде 486 номер бар.
Crowne Plaza Mutiara Kuala Lumpur *****
Бұл қонақ үй 36 қабаттан тұрады. Куала Лумпурдың шопинг және көңіл көтеретін жерінде орналасқан. Жаңа Көрмелік орталығына, егіз Petronas ғимаратына және де қаланың түнгі клубтарының жанында орналасқан. Қонақ үйде 565 номер бар.
The Legend Hotel Kuala LumPur *****
Бұл қонақ үй қала орталығынан 15 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйге қарама-қарсы астана орталығындағы ең үлкен Көрмелік Putra World Trade Center орналасқан.
Қонақ үйде 572 номер бар. Қонақ үй қаланың тыныш жерінде орналасқан және де арзан.
Пән атауы: | Туризм |
Көлемі: | 19 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |