Вы здесь
Туризмдегі кәсіпкерлік орта
09 июня 2013 | 9206Кәсіпкерлік орта дегеніміз – еліміздегі нарықтық экономикадағы барлық субъектінің қажеттілігінен шығуға бағытталған азаматтардың экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуші әлеуметтік – экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайлар болып табылады.
Кәсіпкерлер кәсіпкерлік ортаны құрайтын, көздеген мақсатты орындау жолындағы іс-әрекеттер, жобалар мен келісімдер орындалатын мүмкіндік болғанда ғана қызмет атқара алады. Осы аталған факторларға қоса кәсіпкерлік даму үшін шешуші роль атқаратын жағдай – экономикалық еркіндік. Экономикалық еркіндік маңызы – заңды кәсіпкерлік істерді орындау үшін, экономикадағы басшылыққа мемлекеттің кепілдігі болып саналады. Экономикалық еркіндік дегеніміз – барлық азаматтарға өзінің өнері мен қабілетін, білімін мүмкін экономикалық қызмет пен іс-әрекеттерге жұмсап пайдалануына мүмкіндіктің болуы. Осындай жағдайларға байланысты қолдан жасаған монополияға, жөнсіз бәсеке мен жарнамаға жол бермейтін құқықтық нормалар мен ережелердің қажеттігі туындайды.
Кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлердің өздері құратын ішкі ортаға бөлінеді.
Сыртқы орта дегеніміз – сыртқы факторлардың жиынтығы және ол бүкіл елдегі және жеке аймақтағы кәсіпкерлік сі-әрекеттерге айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге сыртқы ортаның әсері кәсіпкерлердің пікірі мен тілегіне қатыссыз, заңды жағдай және ол кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама әсер етеді. Кәсіпкерлер сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделіп, қауіп – қатерлі жағдайлармен күресіп отырғанда ғана табысқа жетеді. Классикалық экономикалық теория ғылымының негізін қалаған ғалымдар кәсіпкерліктің негізгі жағдайлар мен сыртқы ортаның факторлары.
Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мынадай кіші жүйелер жатады:
- елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдайлар;
- қоғамның және мемлекеттің бірқалыпты дамуын сипаттайтын саяси орта;
- құқықтық орта – нарықтық экономика субъектілерінің, кәсіпкерлердің міндеттері мен жауапкершіліктері, құқықтарын анықтап жеткізуші;
- кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы және реттеуі;
- тұрғындардың төлем қабілеті мен жұмыссыздық деңгейіне байланысты әлеуметтік – экономикалық жағдайлар;
- мәдени орта – тұрғындардың білім деңгейі, кәсіпкерлік белгілі бір түрімен щұғылдану мүмкіндігі;
- ғылыми – техникалық және технологиялық орта;
- белгілі бір істі дамытуға қажетті өндірісті табиғи факторлардың жеткілікті болуы;
- физикалық орта – кәсіпкерлік ортаның қызметіне әсерін тигізетін табиғи климаттық жағдайлар;
- табиғи катаклизмдердің болмауы;
- институционалдық – ұйымдастырушылық орта, коммерциялық, іс-әрекеттер мен іскерлік байланыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік алатын ұйымдар санын анықтап, реттеуші.
Кәсіпкерліктің табысты болуы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде кәсіпкерлік ұйымның ішкі жағдайларының жиынтығы маңызды роль атқарады. Кәсіпкерліктің ішкі ортасы кәсіпкердің жеке басының жауапкершілігіне, күш-еркіне, мақсаткерлігіне, табандылығына бизнес ісін ұйымдастырып, меңгере білуіне тікелей байланысты.
Кәсіпкерліктің ішкі ортасына мынадай факторларды жатқызуға болады:
- жеке капиталының жеткілікті мөлшері;
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық – құқықтық формасын дұрыс таңдай білу;
- іс-қызмет түрін таңдай білу, әріптестерді іріктеу;
- нарық жағдайын білу, маркетингтік зерттеуді жоғары дәрежеде жүргізу;
- кадрларды таңдай білу, персоналды басқару және оларды материалдық ынталандыру мәселелері;
- кәсіпкерлік құпияны сақтай білу механизмі және т.б.
Кәсіпкерлікті табысты жүргізудегі ең басты, маңызды мәселе бизнес – жоспар дайындау, кездесетін қиыншылықтар мен кедергілердің алдын алу, жаңа технология енгізу, қызмет диверсификациясы, ұйымның даму стратегиясының негізін анықтап, дайындау. Сонымен бірге кәсіпкерлер мен менеджерлердің ұйымдық – құқықтық ережелерге сай ұйым қызметін реттеуші заңдар мен нормативті актілер тәртібін қатаң сақтау ішкі орта факторы болып саналады.
Қазақстан кәсіпкерлері үшін жапондық кәсіпкер К. Татенсидің өзінің «Кәсіпкерліктің мәңгі тынысы» атты кітабында жазылған ішкі ортаны қалыптастыру тәжірибесінің маңызы зор. «Омрон» компаниясындағы тиімді, ұтымды, табыстарға жетуге жол салған менеджменттің негізі әрбір жұмысшыға өз мүмкіндігін толық пайдалануға, өз жұмысынан қанағаттанарлық сезім алуына, кәсіпорынды басқаруға қатысуына ықпал ету болып табылады. Жеке тұлғаның қадірлей білу менеджменттің негізі. «Омрон» компаниясында менеджменттегі басты мәселе - әрбір жұмысшы өзінің қабілетін толық көрсете алатындай мотивация жасау.
«Омрон» компаниясында менеджментті жетілдіруде, басшылықты жүзеге асыруда «кәсіпорын – қоғамның құлы» деген ұғымның маңызы зор болды, сондықтан олардың ұраны: «Барлық адамдарға арналған бейбітшілік және жақсы өмір үшін жұмыс істеу».
Қорытынды
Жоғарыда атап өткендей, елде ішкі және сыртқы жағдайлар, яғни белгілі бір қажетті кәсіпкерлік орта қалыптасқанда ғана өркениетті кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туады.
Пән атауы: | Туризм |
Көлемі: | 2 бет |
Жұмыстың түрі: | Реферат |