Вы здесь

Арал теңізінің экологиялық ахуалы

08 апреля 2013 | 6430

Жоспар

КІРІСПЕ

  1. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
  2. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны
  3. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар

ҚОРЫТЫНДЫ
Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу – л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми - зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шет елдік ғылыми -зерттеулер мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота - жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 – 25 м, бұл теңізде жалпы ауданы шамамен 2235 км кв. болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение, т. б. Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстіктегі жағасы Әмударияның атырауынан тұрады, батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктік 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабықтарынан тұрады. Арал теңізінде орталық Азияның 2 аса ірі өзені Амудария мен Сырдария құяды. Климаты континеттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 - 26 С, қыста - 7,0 – 13,5 С. Жылдық жауын -шашынның орташа мөлшері шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын - шашынның мөлшері 5,9 км, өзен ағындысы 54,8 км, көл бетініен буланған ылғал 60,7 км. 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болатындықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан - жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м - ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқуы көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының теспературасы жазда 26 – 30 С, қыста 0 С - тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 - 14 % болатын, соңғы он жыл ішінде 25 - 30 % - ке дейін өсті. Суы мөлдір, 25 м - ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Биология, валеология
Көлемі: 11 бет
Жұмыстың түрі: Курстық жұмыс


Танысу


Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 490 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз: