Вы здесь

Математикаға оқытудың психологиялық-педогогикалық, методологиялық негіздері («Квадрат үшмүше» тақырыбы негізінде)

29 января 2020 | 2381

Жоспар

Кіріспе 2

1. Математикаға оқытудың психологиялық-педогогикалық, методологиялық негіздері 5
1.1 Орта мектепте математиканы оқытудың мақсаттары 5
1.2 Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін тәрбиелеу 8
1.3 Математика сабақтарындағы заманауи педагогикалық технологиялардың рөлі 25
2. Математика сабақтарындағы «Квадрат үшмүше» тақырыбын оқытудың мазмұны 36
2.1 Квадрат үшмүше және оның түбірлері 36
2.2 Квадрат үшмүшенің графигі 39
2.3 Квадрат үшмүшені зерттеу 47
2.4 Квадрат теңсіздіктер 51
2.5 Квадрат үшмүшенің ең үлкен және ең кіші мәндері 54
2.6 «Квадрат үшмүше» тақырыбы бойынша мектеп оқулықтарының салыстырмалы талдауы 55
2.7 «Квадрат үшмүше» тақырыбын оқытуда инновациялық технологияларды қолдану 64

Қорытынды 75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

Кіріспе

Кіріспе

Басқа ғылымдар саласы сияқты математика жалпы білім ұғымдарынан, ережелерден, заңдардан және басқалардан тұрады. Ал мұның барлығы мектептегі оқу үрдісінде дамытылады, жетілдіреді және меңгеріледі. Оқытудың сапасын көтеру, оның заман талабына сай болуы білім жүйесінің маңызды құраушыларының бірі болатын – ғылыми ұғымдарды оқушылардың меңгеруін жетілдіруді талап етеді.
Оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруі, олардың бағдарламадағы материалдарды тиянақты игеруге, шығармашылық шыңдалуына, ғылыми көз қарастарының қалыптасуына және ойлау қабілеттерінің артуына зор ықпалын тигізеді.
Алайда, оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбын меңгеру үрдісіне арналған зерттеулердің көптігіне қарамастан, бұл мәселе әлі де өзінің толық шешімін талап етуде. Математика курсының және де оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, квадрат үшмүше тақырыбын дамытудың жолдары толық зерттелген жоқ, оқушылардың осы тақырыппен байланысты ұғымдарды меңгеруінің әдістемесі әліде жетілдіруді қажет етеді. Ағартушылық іс-тәжірибесінде әр бір төрт-бес жылда ғылыми мағлұматтар екі есе көбейеді, ал әр он-он бес жылда мектеп өмірінде қайта құрулар, өзгерістер болып отырады, психология және педагогика ғылымдары жаңа мазмұндармен толығады. Мектеп бағдарламаларында болып жатқан өзгерістер, соңғы жылдары республикамызда жарыққа шығып жатқан оқулықтар математиканы оқыту жүйесін қайта қаруды, атап айтқанда оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруін негіздейтін әдістемелердің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді.
Бұл айтылғандардан осы зерттеудің тақырыбы және көкейкестілігі туындалып, мектеп оқушыларының квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруін қамтамасыз ету проблемасы қойылады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың жұмыс тәжірибелеріне сүйене отырып, көрсетілген проблемаға біздің де көзқарастарымыз қалыптасады. Алдында айтылғандарға байланысты дипломдық жұмыстың «Квадрат үшмүше», - деген тақырыбын актуалды деп есептеймін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мектеп оқушыларының квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруінің теориялық негіздерін және дидактикалық шарттарын айқындай отырып, оқушыларының квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруінің әдістемесін құру
Зерттеу объектісі – мектеп оқушыларының квадрат үшмүшені сабақта меңгеру үрдісі.
Зерттеу пәні – квадрат үшмүше тақырыбы бойынша білім, ептілікті және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған есептер жүйесі.
Зерттеу барысында мынандай болжам ұсынылады: квадрат үшмүше тақырыбын меңгеруге бағытталған жаттығулардың арнайы жүйесін дұрыс қолдану, математиканы оқып-үйренудің тиімділігін жоғарлату.
Көздеген мақсатқа жету үшін және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін зерттеу жұмысының мынадай міндеттері анықталады:
- квадрат үшмүше тақырыбымен байланысты математикалық ұғымдардың мазмұнын анықтаудың ролі мен орнын анықтау;
- шешу үрдісінде жаңа таным қалыптастыратын жаттығулар жүйесін құраудың негізін қарастыру;
- есепті шешу арқылы квадрат үшмүшені оқып-білуді іске асыратын жаттығулар жүйесін құрастыру;
- оқушыларда квадрат үшмүше тақырыбын оқу барысында оларды қолдану әдісін қарастыру;
- квадрат үшмүше тақырыбын оқып-үйренуге ұсынылған тәсілдің тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру (оқушылардың берілген материалды меңгеру сапасын, кері байланыстың артуы, оқушылардың ойлағыштық іс-әрекетіне жетекшілік етудегі мұғалімнің ролінің жоғарылауы және т.б.).
Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамы оның келесі зерттеу міндеттерін анықтады: психологиялық және педагогикалық зерттеулерді арқау ете отырып, мектеп оқушыларының квадрат үшмүшені меңгеруінің негізгі кезеңдерін, белгілерін және деңгейлерін анықтау; оқушылардың квадрат үшмүшені меңгеруіне ықпал жасайтын дидактикалық шарттарды айқындау; VІІ-ІХ сынып оқушыларына квадрат үшмүшені меңгеруге арнайы құрастырылған алгебралық есептер жүйесін оқыту құралы ретінде қарастыру; осы есептер жүйесінің VІІ-ІХ математикалық оқулықтарында алатын орынын және оны қолданудың әдістерін анықтау; ұсынылған әдістеменің тиімділігіне тәжірибе жүргізу арқылы көз жеткізу;
Қойылған міндеттерді түбегейлі шешу үшін келесі ғылыми педагогикалық әдістер қолданылады:
- зерттелініп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
- алдыңғы қатарлы математика мұғалімдердің озық тәжірибелерін талдау және жалпылау;
- негізгі мектептердегі математиканы оқыту үрдісін бақылау;
- мұғалімдермен анкета, пікірталас және әңгімелер жүргізу;
- зерттеу барысында дайындалған әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибе жолымен тексеру;
Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жалпы білім беретін орта мектепте оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбының меңгерілуі мен қалыптасуы және оларды дамытудың психологиялық заңдылықтарын қарастырған ғалымдардың көзқарасы келтірілген, сонымен қатар, дипломдық жұмыстың мақсаты, зерттеу пәні мен объектісі, міндеттері, болжамы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы көрсетілген.
Бірінші бөлімінде математиканы мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген. Оқушылардың квадрат үшмүше тақырыбын терең меңгеруіне мүмкіндік туғызатын әртүрлі заманауи педагогикалық технологиялар қарастырылған. Сонымен қатар оқушылардың математикалық ойлау қабілетін тәрбиелеу әдістері қарастырылған.
Екінші бөлімінде квадрат үшмүше туралы, оны анықтау тәсілдері және квадрат үшмүшемен байланысты барлық жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерде қолданылып жүрген және қолданыста болған оқулықтада квадрат үшмүше тақырыбы қалай қарастырылғаны, берілгені, есептер жүйесі талқыланып, талданған. Квадрат үшмүше тақырыбын инновациялық технологиялар арқылы оқытудың, меңгертудің мысалдары көрсетілген.
Әрі қарай дипломдық жұмыстың қорытындысы, пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 5000 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Математика
Көлемі: 80 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу