Вы здесь

Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім беру

15 мая 2013 | 9284

Жоспар

Кіріспе
І Тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің теориялық негіздері

  1. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік білім берудің дидактикалық қағидаларының сипаты
  2. Білім берудегі инновациялық технологияларға шолу
  3. Кейстік оқыту технологиясының теориялық негіздері

ІІ Тарау. Жоғары сынып оқушыларын «Авто ісі» пәніне оқытудың әдістемелік негіздері
2.1. «Авто ісі» пәнін оқытудың мазмұны

  1. 10 сыныпқа арналған тақырыптық жоспар
  2. сабақтың үлгі жоспары

2.2. Авто ісі пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдістін қолдану жолдары 47
ІІІ Тарау. Автомобильдің қоректендіру жүйесі

  1. Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
  2. Қоректендіру жүйесінің приборлары
  3. Қоректендіру жүйесінің ақаулары

Қорытынды
Әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта өрлеудің қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады. Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігін ескере отырып ішкі мүмкіндіктерін ояту, білімге құштарлығын арттыру, ең алдымен, олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға түсіріп, қолайлы жағдай туғызуды талап етеді. Оның ғылыми негіздерін зерттеуде ұлы ғұламалар мен психолог-педагог ғалымдардың (Әл-Фараби, Я.Коменский, Ж.Баласағүн, К.Ушинский, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Л.Толстой, А.Макаренко, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, И.Песталоцци, Д.Лихачев, Л.Фридман, т.б.) тәрбиелей отырып оқыту теорияларын басшылыққа алуға болады.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде білім беру, прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Сондықтанда білім беру ісінде оңды нәтижелерге жетелейтін жаңа педагогикалық оқыту технологиялары туралы соңғы кездері ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде және баспа материалдарында кеңінен айтылуда. Сабақ барысында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар Т.И.Щукина, Н.Бабанский, В.Ф.Шаталов, Т.А.Ильина т.б. өз еңбектерінде көрсеткен.

Жас кезден игерілген ойдың орамдылығы ауылдық икемділігі дүниенің қыр-сырын шексіз меңгеруге болатынына мүмкіндік беретін психологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеген Я.А.Пономарев Л.С.Выготский Н.А.Лук сияқты ғалымдардың еңбектерінен белгілі.

Кәсіпке баулуда жоғары сыныпта өтілетін «Ауылшаруашылық техникасы» пәнінің келешегі зор. Оқушыларды оқытуда заман талабына сай озық технологияларды және оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі даусыз. Соңғы жылдары жаңа білім бағыттары туралы көптеп жазылып жүр. Ол Кейс әдісі интенсивті оқыту технологиясы ретінде оқушының өз бетінше ойлау және инициативашылдығын мен мұғалімнің творчестволықпен педагогикалық жетекшілік етуінің үйлесімділігіне ерекше мүмкіндіктер береді. Кейстер шешімдерді ұжымдық және жеке ізденісті қажет ететін практикалық проблемалар көрсетілген оқу материалы.

Кейс әдісі - оқушының мәселені нақты іс-әрекетте алынған теориялық білімін қолданып, талдау қабілеті, бейімдік дағдылар мен шеберлікті дамытуға және өз ұстанымын қорғауды үйренуге мүмкіндік береді. Қарастырған зерттеу жұмыстары авто ісіне үйретуде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселелерін қарастырмаған, сондықтан да біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқушыларды «Авто ісі» пәнінің «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда инновациялық оқыту әдістерін қолдану» деп алдық.
Зерттеудің нысанасы: 10 сынып Авто ісі пәні.
Зерттеудің пәні: оқушыларды ииновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып кәсіпке баулу үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларын «Авто ісіне» үйретуде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:

  • білім беру процесінде дидактикалық принциптердің маңызы мен мәнін зерделеу;
  • инновациялық оқыту технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін негіздеу;
  • кейс әдісінің теориялық негізін аныш қарастыру;
  • оқушыларды «Авто ісіне» үйретудің мазмұнын анықтау;
  • пәнді оқыту барысында кейс әдісін қолдану жолдарын ашып көрсету;
  • Зерттелетін пән мазмұнын ашып қарастыру.
  • Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: жоғары сынып оқушыларын Авто ісі сабағында «Қоректендіру жүйесі» тарауын оқытуда кейс әдісінің қолданылу жолдары мен материалдық техникалық базасының ерекшеліктері ашып көрсетіледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 490 теңге
Kaspi Gold:
  1. Номер карты: 5169 4931 1873 7181
  2. Тел: +7 707 912 14 62
  3. ФИО: Мадина Кайратбеккызы
  4. Төлегеннен кейін, Мына форма арықылы хабарласыңыз:
Қысқаша шолу
Пән: Электроэнергетика
Көлемі: 53 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу