Вы здесь
Бейнелеу сабағында ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту
23 апреля 2014 | 7886Жоспар
Кіріспе
І. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселелерінің теориялық аспектілері
1.1 Педагог пен психологтардың көзқарасы тұрғысынан ақыл-ойы кем балалардың дамуы
1.2 Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері
1.3 Бейнелеу өнерінің сабағы мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде
ІІ. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамытудағы эксперименталды зерттеу
2.1 Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту деңгейін анықтау
2.2 Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамытудағы бейнелеу өнері қызметінің түзету маңызы
2.3 Бейнелеу өнері бойынша сабақтарында ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту жөніндегі түзету-дамыту жұмысының нәтижелері
ІІІ Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады. Осы кезеңде баланың ақыл-ой мен қызметінің мәдени формаларымен қоршаған ортаны тануда адамға тән әдіс-тәсілдерімен меңгереді; оның ойлаумен қатар жалпы және ұсақ моторикасы қарқынды дамиды.
Сенсомоторикалық даму бала дамуының жетекші факторының бірі болып табылады. Оның қоршаған ортамен (перцептивті, кинестетикалық, кеңістік) белсенді түрде өзара әрекеттесуі қабылдау жүйесін қалыптастырады.
В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған.
Мектеп жасындағы балалардың бейнелеу сабақтарында ұсақ моторикасын дамыту мәселесі тым өзекті, өйткені нақ бейнелеу қызметі сенсомоториканың дамуына себеп болады: жұмыс жасау кезінде көз және қол келісімділігі, іс-әрекет жасау кезіндегі дәлдігі мен қозғалыс және икемділікті үйлестіруді жетілдіру, қол саусақтарының ұсақ моторикасын түзету.
Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін, барлық психологиялық процестерін, сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінде ақпаратты өндеу кезінде талдау мен синтезі ұшталған моторлық қызметінің саналы таңдауды қамтамасыз етеді. Бала моторлық қызметінің жақсарған кезінде өзін кез келген жағдайда, кез келген ортада жайлы сезінетінін түсінеді.
Л.В. Занков, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Г.Е. Сухарева және басқа мамандар ұсақ моторикасын дамытудағы ақаулары ақыл-ой мешеулікке тән белгілері деп санайды. Осы мамандар мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда қол саусақтарының қозғалысы арбиған, келісімді емес, олардың нақтылығы мен қарқыны бұзылған деп атап көрсетеді.
Л.В. Антакова-Фомина, М.М. Кольцова, Б.И. Пинскийлердің өткізілген зерттеулерінің мәліметтері бойынша ақыл-ой дамуы мен саусақтар моторикасының байланысы расталды. Балалардың сөйлеуін дамыту деңгейі қолының жіңішке қозғалысын қалыптасу дәрежесімен тікелей байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларында қолдың ұсақ моторикасын дамытудың тиімді формасының бірі бейнелеу қызметі бойынша сабақтары болып саналады. И.М.Соловьев өзінің зерттеуінде бейнелеуде түзету-дамыту маңыздылығын жете бағаламауға назар аударды. Ол тану қызметін дамытуға тиімді ықпал тигізетін бейнелеу түрлерінің ара қатынасын табу мүмкіндігі жайлы айтады. Жүйелі даму баланың моторикалық қызметін дамыту механизмін белгілейді. Моторикалық қызметінің дамуы тану қызметін дамытуды, келіп түсетін ақпаратты қабылдауды жақсартады. Қазіргі арнайы психология мен педагогика түзетудің тиімді құралдарын іздеуде бейнелеу қызметін оқыту мен тәрбиелеу процесінде пайдалануға бағытталған.
Көптеген мамандар бейнелеу өнердің мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын түзету және дамыту құралы болды, олардың даму заңдылықтарын, ұсақ моторикасының ерекшелігін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар тузетулік көмек жүйесі мақсатқа бағытталған және жүйелі болуы тиіс.
Зерттеу өзектілігі ұсақ моториканың дамуы психиканың тану, еріктілік пен эмоционалды салаларын дамыту байланыстығымен белгіленеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда ұсақ моториканы дамыту деңгейі тану қызметінің мүмкіндіктерімен келісілген және оқыту тиімділігіне үлкен әсер етеді. Жіңішке моториканы дамыту – бұл тану қызметін жүзеге асырудың басты шарты болып табылады, тек дәстүрлі әдістерімен ғана емес, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларын пайдаланумен өткізілетін табысты оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балаларда мәселенің шешімі түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, олардың ішінде ерекше орынды бейнелеу өнері алады.
Осы мәселенің өзектілігі менің зерттеу тақырыбымды белгіледі: «Бейнелеу сабағында ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту»
Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнердің ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасының дамуына әсерін анықтау.
Зерттеу объекті: ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: бейнелеу өнері ақыл-ойы кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту құралы ретінде
Жұмыс гипотеза ретінде ақыл-ойы кем оқушылардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған бейнелеу қызметін оқытуды арнайы ұйымдастыру кезінде оқушылардың ұсақ моторикасы тез дами бастайды деген болжамы ұсынылып отыр. Бейнелеу қызметі сабақтарын ұйымдастыру кезінде нақты шарттар мыналар болып табылады:
1. Даму ортаны құру.
2. Арнайы әдістерді іріктеу.
3. Ең қолайлы тәсілдерді сұрыптау.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің негізгі міндеттері белгіленді.
1. Мамандар жұмысында ұсақ моторикасын дамыту мәселелерінің теориялық аспектілерін талдау.
2. Ақыл-ой кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктерін анықтау
3. Ақыл-ой кем бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамытуға бейнелеу өнері сабақтарының әсерін талдау.
4. Ақыл-ой кем балалардың ұсақ моторикасын түзету бойынша педагогтар үшін нұсқауларды әзірлеу.
Зерттеудің қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешу және алға шығарылған гипотезаны тексеру үшін мынадай әдістер пайдаланады: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау, бақылау, әнгімелесу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, нәтижелердің санды және сапалы талдауы.
Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы бұрын сонды педагогика саласында ақыл-ойы кем балалардың сенсомоторикалық қызметтері жайлы мәселе нақтылап жарияланған жоқ. Ақыл-ойы жетілмеген бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу сабағындағы қолдың ұсақ моторикасы арқылы танушылық қабілеттерінің дамуы.
Практикалық маңыздылығы: ақыл-ой кем балалардың бейнелеу сабағында ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктері мен бар жетіспеушіліктерді түзетуді талдау және соған қатысты нұсқаулықтарды әзірлеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
«Кіріспеде» зерттеу мәселесінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні мен объектісі белгіленді, гипотеза тұжырымдалды, практикалық маңыздылығы ашылды.
«Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту мәселелерінің теориялық аспектілері» атты бірінші тарауында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде ақыл-ой кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамытудың негізгі мәселелері, оның даму формалары мен әдістері баяндалған.
«Мектеп жасындағы ақыл-ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамытудың эксперименталды зерделеу» атты екінші тарауында бейнелеу өнері сабақтарында ақыл-ой кем бастауыш сынып оқушыларының ұсақ моторикасын дамыту ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу нәтижелері көрсетілген, ақыл-ой кем оқушылардың ұсақ моторикасын дамытуға оңтайлы әсерін тиізетін педагогтар үшін нұсқаулықтар әзірленген.
Қорытындыда осы зерттеудің гипотеза ережелерін растайтын жалпы нәтижелері берілген.
Әдебиеттер тізімінде 75 талданған теориялық көздері бар.
Төлем түрлері
Жұмыстың құны: 3000 теңге
Kaspi Gold:
|
Пән: | Өнер, мәдениет, дінтану |
Көлемі: | 42 бет |
Жұмыстың түрі: | Дипломдық жұмыс |