Вы здесь

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын және шығармашылық қабілетін дамыту

11 мая 2015 | 4110

Жоспар

КІРІСПЕ 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 6
1.1 Шығармашылық теориясының зерттелуі 6
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері 12

ҚОРЫТЫНДЫ 30
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой өрісінің, шығармашылығының даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді технологиясын жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігу, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, ізгіліктік процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу нысандарына айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын тұлға етіп дамытуда олардың шығармашылық қабілетін дамыту басты нысанға алынған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш мектептің негізгі міндеті - «Баланың жеке басын бастапқы дамытуды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», - деп көрсетілген. Осы міндетті шешудің жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту болып табылады. Белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген.
Оқушының шығармашылық әрекетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көптеп жүргізілген. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологиялық-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.
Шығармашылық, шығармашылық қабілет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар өздерінің еңбектерінде жазып қалдырған. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн т.б. қазақ ойшылдарының еңбектерінде шығармашылық тұлға бойындағы сапалық белгілер: ерекше қабілеттілік, белсенділік, батылдық, қайсарлық, табандылық, қайраттылық, еріктілік т.б. аталып, олардың бала дамуындағы рөлі көрсетілген. Д.Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев тұлғаның дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Көрнекті педагогтер К.Х.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген белгілі педагог - ғалым М.Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, және қазақстандық көрнекті ғалымдар С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметовалар, Т.Тәжібаев өз еңбектерінде тұлғаны дамыту мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқыта отырып, баланың қабілеттерін, шығармашылығын дамыту мәселесі Ш.А.Амонашвили, Б.М.Теплов, К.К.Платонов, А.Н.Лук, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, Г.А.Давыдова және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә.Құдайқұлов, Г.К.Нұрғалиева, Б.А.Тұрғынбаева, А.Б.Мырзабаев, Л.Г.Дирксен, К.К.Жумадирова және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Педагогикалық инновацияның ғылым ретінде дамуына К.Ангеловски, М.С.Бургин, В.И.Загвязинский, В.П.Кваша, М.В.Кларин, А.Ю.Козырева, Н.В.Коноплина, А.В.Лоренсов, В.Я.Подымова, М.М.Поташник, В.А.Сластенин, Ф.Ш.Терегулов, О.Г.Хомерки, Т.И.Шамова, Н.Р.Юсуфбекова және тағы басқа педагог-ғалымдардың еңбектері маңызды үлес қосты.
Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытуға олардың арнайы тоқталмағанын байқадық. Осыдан келіп мектепте оқушының тұлғасын объект ретінде емес, субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, яғни өзіндік іс-әрекет негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде оқушының шығармашылығын дамытудың маңызды ролін ғылыми негіздеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдары мен шарттарын анықтау.
Зерттеу нысанасы: бастауыш сыныптардағы оқу процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.
Зерттеудің болжамы: егер, әр мектептің оқу жұмысын ұйымдастыруда:
- оқу нәтижелерін, оқушылардың жетістіктерін ұдайы қадағалау негізінде анықтауды оқу процесінде тұлғаны дамытуда оқушылардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік туады, өйткені олар өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға белсенділік көрсетеді.
Зерттеудің міндеттері:
- «шығармашылық», «қабілет» ұғымдарының мәні мен ара жігін ашу;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту мазмұнына сипаттама беру.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Педагогика
Көлемі: 23 бет
Жұмыстың түрі: Курстық жұмыс


Танысу


Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 400 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз