Вы здесь

Оқушылардың психологиялық негіздері және есте сақтау қабілеттілігі

14 апреля 2013 | 6064

Жоспар

КIРIСПЕ
1-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

  1. Бастауыш мектеп оқушыларында ес процесінің даму ерекшеліктері.
  2. Қабілеттіліктің танымдық процестермен /ес/ байланысына түсінік.
  3. Қабілеттердің классификациясы факторларының ерекшеліктері.

2-ТАРАУ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ

  1. Зерттеудің барысы, мақсат- міндеттері.
  2. Зерттеудің классикалық әдістері.
  3. .Зерттеудің әдістерін талдап, өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………….....................................……….63
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...……………………………………......................................…..66
ҚОСЫМША…………………………………………………......................................….68

Кіріспе

Қабілеттіліктің танымдық процестермен /ес/ байланысына түсінік

Қабілеттердің қалыптасуы мен дамуы диагностикалық құралдарды жасаудағы негізгі сүрақ. Ес психологиясы тарихқа бай екендігі баршаға мәлім. Егер ес процестерін түсінуге ретроспективті қарар болсақ, онда оның құрылымын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан анықтауға жасалған көптеген талпыныстарды көреміз. Абстрактілі-теорилық трактовкадағы есті із ретінде қарастырудан ес психологиясындағы іс-әрекет бағытына дейін есті зерттеудегі шешуші қозғалысты іс-әрекет пен психиканың бірлігі туралы диалектико-материалистік методологияның ортаңғы принципін тарату негізінде жүзеге асты.
20-шы жылдардың аяғында ес процестерін талдаудың жаңа бағыты байқалды (П.Жане, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьевтің еңбектері). Есті әлеуметтік-генетикалық талдаған П.Жане болды. "Ес эволюциясы мен уақыт ұғымы" (1928) еңбегінде П.Жане адам есінің психологиялық механизмдерін қарастырады. П.Жане бойынша естің жоғарғы формасы "жоқка әлеуметік реакция" жоқты жеңудегі ерекше әрекет болып табылады /13/.

Сонымен, естің эксперименталды зерттеулерінде екі бағыт: есті із ретінде (Г.Эббингауз және т.б.) және есті әрекет ретінде зерттеу айқын көрінетінін айтуға болады, Екінші бағытта есте сақтау процесіне қатысты: А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов; еске түсіру процесіне қатысты – Ф. Бартлетт, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов эксперименталды таратушылар болса, ал есті әрекет ретінде зерттеу бағдарламасын алғаш Ж. Пиаже ұсынды. Отандық және европалық психологияға күшті әсер еткен ес психологиясы мәселесіне іс-әрекеттік тұрғыдан құрау туралы айтар болсақ, осы бағыт төңірегінде орындалған зерттеулерді талдай отырып, екі мәселенің көрінетінін айтпай кетуге болмайды: ес және іс-әрекет және ес іс-әрекет ретінде. Л.С. Выготскийдің ес "осы сөздің толық мағынасында" іс-әрекетті береді, деген ойы соңынан "ес және іс-әрекет" мәселесін көтерген бірқатар зерттеулерді ерткенімен, бірақ ес – динамикалық құрылымға ие, күрделі функция деп аталды.
Бірқатар авторлар, 60-шы жылдардың басына қарай ес психологиясы мәселесі басқа психикалық процестерді немесе іс-әрекеттер: ойын, оқу, еңбек, спорт түрлерін қарастырумен астасып кетті. Осыған орай, ес қызметінің көптеген заңдылықтары белгілі болды. Ес процесінің ойлау, қабылдау, жеке адамның еріктік, эмоционалды, мотивациялық жағдайларымен байланысына жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, есте сақтауды қалай ұйымдастыруға болады? оқушыларды қандай құралдармен қаруландыру керек? деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болды.
А.А.Смирнов "есте сақтауда түсінудің ролі жалпыға белгілі", деп жаза отырып, материалды терең, әрі айқын түсіну құралы ретінде көрінетін есте сақтау мен ойлау процестерінің байланысын көрсетеді . Одан әрi А.А.Смирнов ойлау әрекеті "өзінің әр алуан және күрделі көріністерінде" қайта жаңғыртудың психологиялық ядросын құрайды, деп дәлелдейді. Есте сақтаудың қарқындылығы үшін ойлау белсенділігінің маңызды ролі П.И. Зинченко, А.Н. Шлышкованың жұмыстарында бекітілді. Бұл зерттеулердің логикасы авторларды, ойлау әрекетінің өзін қарастыруға әкелді. Ойлау процестерін зерттеу логикасы Ж. Пиаже мен Б. Инельдерді ес процестерін зерттеуге әкелді. Зерттеушілер көрсеткеніндей, еске түсіру кұрылымы субъект меңгеретін қабілет пен естің оперативті бірліктеріне тәуелді. Ж. Пиаже мен Б. Инельдер «есті ұйымдастыру ой схемасы деңгейіне қатысты өзгеріп, индивидтің интеллектісімен бірге дамуы керек», деген қорытындыға келді. Қысқа мерзімді есті зерттеуге арналған П.И.Зинченко, Б.М. Величковский, Г.Г. Вучетич еңбектері "қысқа мерзімді есті зерттеуде алынған ақпараттың қайта құрылуы, ақпараттық шешімді даярлауда, мәселелік жағдайдың бейнелік-концептуалды моделін калыптастыруда мәнді роль атқаратынын" көрсетті.
Б.Г. Ананьевтің басшылығымен жүргізілген зертеулерде ес басқа психикалық функциялармен: зейін, ойлаумен және Д.Векслердің тестер жинағымен анықталған жалпы интеллектуалды даму деңгейімен байланысты зерттелінді. Естің басқа психикалық функциялармен байланысында ұзақ мерзімді есте тұту мен ырықты зейін арасында оң байланыстар көп болды.
К.Д. УШИНСКИЙ, Рибо, П.П.Блонский, А.А. Смирнов, С.Г. Бархатовалар еске түсіру, есте сақтау, жеке адамның ерік-күшінің байланысын көрсетеді. Е.С. Маклах және И.А. Рапорттың ес ерекшеліктері мен жеке адам ерекшеліктері арасындағы нақтылы байланыстарды анықтауға бағытталған зерттеулері, жоғары мектеп оқушыларында ұзақ мерзімді есте сақтаудың дамуы, жеке адамның еріктік сапаларының дамуымен байланысты екенін көрсетті. А.И. Липкина өзін-өзі бағалауында әр түрлі адамдардың мнемикалық іс-әрекеттеін зерттей отырып, жеке адамның өзін-өзі бағалау сипаты мнемикалық есептердің нәтижесін шешуге әсер ететінін көрсеті.
Операционалды механизмдердің зерттелуі А.А. Смирновтың (Е.К. Матлин, К.П. Мальцев, А.И. Липкина, Э.А. Фарапонова және т.б) басшылығымен жүргізілген жұмыстарда барынша көрсетілген.
Вербалды және бейнелік есті экспериментті зертгеу негізінде Э.А. Фарапонова, «материалды есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану, мнемикалық іс-әрекеттердің жас айырмашылықтарына байланысты», деп қорытынды жасайды.
В.И.Самохвалова, К.П.Мальцев, З.М.Истомина жүргізген мектеп жасына дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
Г.Г.Гордилова, И.А.Зимняя, Н.С.Магина және т.б. еңбектері естің шет тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей қатысатынын көруге болады. И.А.Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді: оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес жетекшілік етеді.
Т.В. Зотова зерттеу нәтижелерінде қабілеттердің функционалды механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.
1. Операционалды механизмдер "интермодальды", яғни, есту
және көру есте сақтауларына бірдей ортақ.
2. Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдердің
есте сақтау процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.
3. Материалды құрылымдық ұйымдастыру механизмдерді қолдану деңгейіне тікелей әсер ететiндігі туралы қорытындыға
келді.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 490 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 65 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу