Вы здесь

Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары

08 апреля 2013 | 7865

Жоспар

Кіріспе
1тарау. Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары.
1.1. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
1.2. XI-XIV ғ.ғ. түркі ғұламаларының психологиялық идеялары. (Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Жүйнеки, К. Иассауи, Р. Хорезми, Ж. Қоршы, С. Сараи)

ІІ тарау. Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми көзқарастары.

2.1. Әл-Фарабидің психологиялық ой-пікірлері
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» ның маңызды проблемалары (әлеуметтік психология)
Әл-Фарабидің музыка жайлы толғаныстары
Әл-Фарабидің медецина саласындағы көзқарастары
Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары
2.2. Әл-Фарабидің ғылыми салалары туралы ой-пікірлері. Фараби ғылымдарының шығу төркіні туралы
Әл-Фарабидің таным процесстеріне көңіл аударуы
Әбу Насыр Әл-Фарабидің интелекті сөзінің мағынасыжайындағы пайымдамасы

2.3. Фараби шәкірттер

Қорытынды
Қорытындылаған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады.
Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.

Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың талдау өкілдері қатысты. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орынын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден – ақ аңғарған сияқты. Сондықтан болуы керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді. Олардың ішінде араб-парсы тілінде жажылған:

  1. Ибн Әл-Надим 995 ж.
  2. Әль-Байхаки 1169 ж.
  3. Ибн Әл-Кифти 1248
  4. Хаджи Халифа 1667
  5. Латын тілінде жазылған Венике 1448
  6. Камерариус 1638
  7. Француз тілінде жазған Козегартен 1844
  8. Генрих Зутер 4902 ж.
  9. А.Сайылы мен Члкен 1950
  10. С.Н. Григорян.12. Хайруллаев 1963 ж.

Қуанрлық бір жай, кейінгі кезде Москваның шығыс зерттеушілері Фараби еңбектерін зерттеу, орыс тілінде аудару жұмыстарын тиянақты түрде қолға алып отыр. Фарабидің Евклид «Негіздерінің» бірінші және бесінші кітіаптарына түсініктеме, «Ғылымдардың шығуы», «Зиялы қаланың тұрғындары туралы кітап», «Мәселелердің түпкі мәні» деген тәрізді бірсыпыра шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Фараби мұраларына басқа шет елдерде де көп мән берілуде. Бұл тұрғыда Америкалық ғалым Николас Решер көзқарастары айтуға тұрарлық еңбек. Николас Решер АҚШ-тың Питтсбург университетінің профессоры. Ол көптен бері Фараби және оның шәкірттерінің ғылыми мұраларын зерттеумен айналысып келеді. Николас Решер ұзақ іздеудің нәтижесінде 1962 жылы ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Фарабиді зерттеушілер үшін құнды еңбегін жариялады. Мұнда 1000 жыл бойында Фараби жөнінде кім не жазды, Фараби шығармалары қай тілге аударылды, оның мұрасы жайындағы алдағы уақыттарда қолға алынбақ жұмыстар жөнінде айтылып, мәселелер қойылды. Николас Решер кітаптың кіріспесінде былай дейді (ағылшын тілінен аударылды):
«Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Махамед Ибн Тархан Ибн Ұзлақ
Әл – Фараби » Түркістандағы Фараб (Отырар) қаласында 870 жылдары туған.
Медицина мен фиолософиядан Бағдатта білім алған, ғалымдар Несториан мен Әбу-Бишер Матта Ибн Юниске шәкірт болған, сонан кейін ғалам және сопы (мұсылман мистігі) ретінде өмір сүрген, көбінесе Алепподада тұрған. Әл-Фараби, әсіресе, Аристотельдің (комментаторы) түсіруші ретінде әйгілі, арабтар оны «Екінші ұстаз», яғни бірінші ұзтаз – Аристотельдің ізбасары деп атайды. Ол Аристотельдің логикалық шығармасы «Органонға» және ішінде Птолемейдің «Алмагесі» бар әр түрлі гректің және философиялық еңбектеріне түсініктемелер жазған. Оның үстіне Әл-Фараби ғылымының сан-саласы бойынша өз тарапынан да дербес трактаттар жазды, оның музыка және саяси философия жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Фараби үлкен беделге және атаққа ие болып тұрып, 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.
Фараби мұсылмандардың аса ірі бес – алты философтарының бірі. Маймонидің (Орта ғасырдағы еврей философы – А. К.) айтуынша Фараби еңбектерінің ортағасырдағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылды, осы арқылы Фараби ағартушыларының (француз ағартушылар А. К.) еңбектеріне тікелей және оның еңбектеріне цитаттар келтірілген басқа авторларға жанама түрде әсер етті.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диететичи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруде айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі.
Республикадағы «Мәдини мұра» бағдарламасына сәйкес, қазіргі кезде шашырап жатқан рухани байлықтарымызды жинақтап алуымыз керек. Осы орайда Әл-Фараби бабамыздың қолда бар еңбектерңн талдап, таразылап игілікке жарату осы күннің өзекті мәселелерінің бірі екені күмәнсіз.

Зерттеу мақсаты: Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастарын талдау.

Зерттеу міндеттері:
1. Әл-Фарабиге дейінгі психологиялық ой-пікірлерді қарастыру:
2. Әл-Фарабидің психолгиялық салаларына қосқан үлесін айқындау;
3. Әбу Насыр Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін нақтылау

Зерттеу объектісі: Түрік ғалымдарының еңбектері.
Зерттеу мәні: Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары.
Зерттеу болжамы: Егерде әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің психологиялық пайымдаулары, жалпы ғылым туралы көзқарастарын ғылыми тұрғыда талдаса, ол психология ғылымының қалыптасу тарихына өзіндік үлес болып табылады.
Біздің мақсатымыз, қолда бар материалдарға, мұраларға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көршілікке түсінікті түрде таныту. Сондықтан да біз көбінесе Фарабидің өзінің таза ғылыми еңбектерінде оның ішінде психологиялық көзқарастарында келтірілген деректерге сүйенеміз.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 2000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 30 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу