Вы здесь

Мектепке даярлық тобының жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық негіздері

10 мая 2013 | 18259

Жоспар

КІРІСПЕ
1 . БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ОРНЫ
1.1 Баланың жетекші іс-әрекетті оның психикасын дамыту факторы ретінде
1.2 Баланың жетекші іс-әрекетінің даму ерекшеліктерін түсіндіретін теориялар
1.3 Балалардың жетекші іс-әрекеті теориясына негізделген психокоррекциядағы арттерапияның орны
2 . БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІ ІС-ӘРЕКЕТІНІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мектепке даярлық тобындағы балалардың жетекші іс-әрекеті көмегімен танымдық дағдыларын диагностикалау
2.2 Балалардың жетекші іс-әрекеті көмегімен дамыту коррекциясын жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісу» тапсырылды [1].

Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді.
А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді.

Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж.Пиаже [2], Л.С.Выготский [3], Л.И.Божович [4], Д.Б. Эльконин [5], А.Ф.Обухова [6], Л.А.Венгер [7] т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен.

Қазіргі кезде балаларды мектепке қабылдау барысында психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы олардың оқуға даярлығын бағалау және таным процестері мен жеке тұлғалық қасиеттері зерттелінеді. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша мектепте оқытуға даярлығы төмен болған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу балаларға психологиялық қызмет көрсетудің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр. Практикалық психологияда мектепке даярлық тобындағы және мектепке жаңа қабылданған балалардың іс-әрекетінің үйлесімділігі мен таным процестерінің жетілгендігін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер жеткілікті мөлшерде жасалған. Олардың ішінде И.В.Забрамная [8], Йирасек-Керн [9], О.И.Мотков [10], А.Анастази [11], Р.С.Немов [12], Е.И.Рогов [13], Р.В.Овчарова [14], Т.Р.Нұрмұхамбетова [15] т.б. ғалымдар ұсынған әдістемелер көмегімен мектепке қабылдаған балалардыдың таным процестері мен танымдық әрекеттерінің үйлесімділігін бағалап, олардың дамуында кемістіктер анықталған жағдайда балалармен неше түрлі түзету және дамыту жұмыстарын арнайы әдістемелер көмегімен жүргізуге болады.

Мектеп психологиялық қызметі осы мәселелерді қолға алғанда ғана баланың мектеп режиміне үйренуі және оқу барысында табысты болуы қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі мекемелердегі психологтар балалардың жетекші іс-әрекетін анықтап, оны баланың мектепке даярлығын қамтамасыз ететін құрал ретінде пайдалануы керек. Сонда ғана баланың мектепте оқуға даярлығы талаптарға сай болып, оның мектептік адаптациядан өтуі жеңілірек жүреді. Осы проблеманы шешу жолдарын тереңірек түсініп оны мектеп тәжірибесінде пайдалану жолдарын жан-жақты меңгеріп алу мақсатымен диплом жұмысымның тақырыбын «Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық дамуындағы жетекші іс-әрекетін ұйымдастырудың психологиялық негіздері» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелердің психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу пәні: Мектепке даярлық тобындағы балалардың жетекші іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты: Мектепке даярлық топтағы балаларыының іс-әрекеттерін зерттеу нәтижесіне сүйене отырып балалардың мектепке даярлығын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектепке даярлық топтағы балалардың жетекші іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтап, коррекциялық іс-шаралар көмегімен олардың мектепте оқуға даярлығын жоғарылатуға болады.

Зерттеу міндеттері:

  • білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мектепке даярлық топтағы балаларының жетекші іс-әрекеттерінің даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау;
  • бала бақша психологының мектепке даярлық тобындағы балалардың жетекші іс-әрекеттері мен қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
  • мектепке даярлық тобындағы балалардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін психодиагностикалық әдістемелер көмегімен зерттеу;
  • балалардың іс-әрекетке икемділігін зерттеу нәтижелері бойынша олардың ептілігін жетілдіру және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мектепке баратын балалардың оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру үшін арнайы ойын коррекцияларын жүргізу;
  • балалардың жетекші іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында олардың таным процестерін дамыту жаттығуларын жүргізу;
  • жинақталған материалдарды ретке келтіру және диплом жұмысының мәтінін жазу.

Зерттеу әдістері:
Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: балалардың мектепке даярлығын қамтамасыз етуде жетекші іс-әрекеттің орнын анықтау бағытындағы ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау; мектепке даярлық тобындағылардың танымдық әрекеттерінің қалыптасқандығын бағалау үшін «Жасап көру және корректура», «Фигураны тап» әдістемесі, «Мүсін өнері», «Не салынғанын тап», Мейлидің «Интеллектуалдық талдау тесті», «Карточкалармен жүргізілетін» әдістемелер, дидактикалық ойындар көмегімен диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Балалардың мектепке даярлығын жетілдіру жұмысын ұйымдастыруға олардың жетекші іс-әрекеттерін ұйымдастыру «Бояуға арналған диктанттар», «Түспен ажырату», «Баға беру», «Сандар құрамыз», «Бояуға арналған диктант», «Суреттік диктант», «Геометриялық диктант» т.б. танымдық әрекеттерді ұйымдастыру ойындары мен әдістемелері көмегімен жүргізілді.

Зерттеу кезеңдері: Диплом жұмысын орындау екі кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде мектепке деярлық тобындағы балалардың жетекші іс-әрекеті және ол әрекеттердің ерекшеліктері туралы ғылыми әдістемелік еңбектер жүйелі түрде талданды, талдау нәтижелеріне сүйене отырып мектепке даярлық тобындағы балалардың танымдық әрекеттерінің қалыптасуына жетекші іс-әрекетінің тигізетін әсері анықталды, мектепке даярлық көрсеткіштері талданды, балалардың танымдық әрекеттерін жетілдіруге арттерапияны пайдалану мүмкіндіктері бағаланды, балалардың таным процестері мен танымдық әрекеттерін бағалау әдіс-тәсілдері жинақталды, дипломдық зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты анықталды.

Екінші кезеңде мектепке даярлық тобындағы балалардың жетекші іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында олардың таным процестерінің даму деңгейі диагностикаланды, танымдық әрекеттерін дамыту әдістемелеріннің көмегімен дамыту коррекциялары ұйымдастырылды, нәтижелерін талдау барысында балалардың мектепте оқытуға даярлығы бағаланды. Зерттеу барысында жинақталған материалдар жүйеге келтіріліп, диплом жұмысының мәтіні жазылды.
Зерттеу базасы: Астана қаласындағы № 31 «Салтанат» атындағы бала-бақша.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 65 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу