Вы здесь

Оқушылардың рухани адамгершілік тәрбиесінің ғылыми негіздері

13 апреля 2014 | 7146

Жоспар

Кіріспе

1. Оқушылардың рухани адамгершілік тәрбиесінің ғылыми негіздері
1.1 Жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тәрбиелеудің қазақстандық ғалымдардың ой-пікірлері
1.2 Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің мәселесі бойынша педагогикалық тәрбиенің дамуы
1.3 Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары

2.1 Практикалық жоғары сынып оқушыларында рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздерін қалыптастыру мүмкіндіктері
2.2 Жоғары сынып оқушыларының рухани адамгершілікке тәрбиелеу негізінде сынып жетекшісі жұмысының мазмұны

Кіріспе

ХХ1 ғасырға аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі- рухани адамгершілік тәрбиесі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 62-бабында «Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржысының мүмкіндіктері шегінде баланың дене, психологиялық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады» деп айтылған. Міне осымен байланысты, жеткіншектерді адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы арта түсуде.
Оның маңыздылығы, әсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасымен байланысты тәрбиедегі жүйелі көзқарас қалыптастырудың жалпы стратегиялық бағыты және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға үлкен ықпал жасау мәселесі қаралып отырғанда бұрынғысынан да артып отыр. Қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс таппауы, керісінше, қоғамға жат мінездердің белең ала бастағанына біздер куә болып отырмыз. Қоғамда орын алып отырған осы келеңсіз жағдайлар (тұрмыстық қиыншылықтар, күн сайын туындап отырған қымбатшылық, жұмыссыздық т.б.) оқушыларға теріс ықпал етпей тұрмайды. Алайда, осындай жағдайлар жат қылықтардың (мейірімсіздік, зұлымдық, зорлық-зомбылық, күншілдік, т.б.) балалардың бойында қалыптасуына себеп болып отыр.

Сондықтан да болашақ ел иелерін өз және келешек замандарында өмір сүре алатындай білім беріп,тәрбиелеу қажеттігі де-талқыға салынбайтын мәселелердің бірі.Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты халықтың рухани,адамгершілік,имандылық көзқарасына,жастар арасындағы білім мен тәрбиеге байланысты.
Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз-олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру.Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: «Адамгершілік-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді,мінез білімдерін,моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі» деп анықтама берілген болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде; «Адамгершілік тәрбиесі-мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылар мәдениеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген анықтама береді.

Адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыпастырудың, этиткалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл тәрбие адамдардың адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруіне,олардың бойында адамгершілік мінез- құлық дағдылар мен әдеттерді,іскерліктерді сіңіруге бағытталған педагогикалық процесс ретінде көрініс береді.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 1500 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 45 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу