Вы здесь

Бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу

09 мая 2013 | 18656

Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН ПРОЦЕСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Оқушыларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу проблемасының қазіргі жағдайы: мақсаты, мәні, принциптері
  2. Бастауыш мектеп оқушыларын ойын арқылы адамгершіліке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері
  3. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының рөлі

2 . БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЫН ПРОЦЕСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР

  1. Баланы жеке тұлға ретінде ойын арқылы қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар және оларды пайдаланудың тиімді жолдары
  2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік ізгілікке тәрбиелеудің мазмұны және әдіс-тәсілдері
  3. Педагогикалық эксперименттің нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: XXI ғасырға енді аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде болашақ жас ұрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдылығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде [1]. Осы айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі - адамгершілік тәрбиесі.

Оған дәлел -Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының 8-бабында былай деп көрсетілген: "Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту..." және 62-бабында "Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржының мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады" деп айтылған.

Адамгершілік тәрбиесі қай заманда болсын адамзат алдындағы ізгі қасиеттердің бірі болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын салауатты, саналы адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуді қазіргі қоғамда өте маңызды, әрі қажетті шешуді күттірмейтін мәселе болып отыр. Себебі адамгершілік тәрбиесі өзінің педагогикалық, психологиялық мәнділігімен ерекшеленеді. Оны қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде адамгершілік тәрбиесі ұғымына берілген сипаттамадан көруге болады.

Атап айтқанда, адамгершілік тәрбиесі - болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық құндылықты тиімді пайдалануға бағытталган жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Ал қазіргі нарық билеген мына заманда жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс алмауы, керісінше, қоғамға жат теріс мінездердің көптеген белең ала бастағанына біздер куә болып отырмыз. Алайда, қазіргі орын алып отырған келеңсіз жағдайлар (тұрмыстық қайшылықтар, күн сайын туындап отырған қымбатшылық, жұмыссыздық, нашақорлық т.б. оқушыларға ықпал етпей тұрмайды, алайда, осындай жағдайлар жат қылықтардың (адамға деген қатыгездік, мейірімсіздік, зұлымдық, күншілдік, құбылмалы мінезділік, өзіне-өзі сын мінезбен қарамаушылық т.б.) балалардың бойында қалыптасуына себеп болып отыр.
Сондықтан бүгінгі танда білімнің Мемлекеттік стандартына сәйкес Республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту керек. Осыған орай қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі тәрбиенің мақсаты оқушыларды рухани бай, саналы, жан-жақты мәдениетті, ілтипатты болуға, еңбекқорлыққа икемді және бәсекелестікке бейім тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.

Адамгершілік тәрбиені беретіндер мұғалімдер болғандықтан бүгінгі қоғамның сұранысына сай олардың бойында адамның ең ізгі қасиеттерінің болуын қалыптастыру - бүгінгі мектептің міндеті. Мұндай жағдайда адамгершілік тәрбиесінің тиімділігін арттыру мақсатында, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, баланың тұлғалық дамуына бағытталған негізгі іс-әрекеттің бірі — ойын.

Әлбетте адамгершілік тәрбиесі адамның барлық іс-әрекетіне (оқу-танымдық, еңбек, спорттық, шығармашылық және т.б.), оның ішінде әсіресе ойын әрекетімен байланысты болады. Осы талапқа орай, мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындары және мектеп жас ұрпақты адамгершілікке ойын арқылы тәрбиелеуді, олардың кішкентай кезінен бастап-ақ ғылыми негізде іске асырып отыруға тиісті.

Біздің зерттеуімізге алынған проблеманың педагогика тарихындағы теориялық негізін қалаған ғалымдар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо,
К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б. Қазақстанда адамгершілік тәрбиесін жан-жақты қарастырған Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ы.Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев, жастарға гумандық тәрбие идеясын ұсынған Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш.Құдайбердиевжәне т.б.
Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұнын В.Г. Афанасьев, Л.М. Архангельский, С. Абдильдин, Р.Б. Абсаттаров; психологиялық қырынан зерттеген Ж. Пиаже,Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, Л.И. Божович, Л.В. Занков, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, Қ.Т.Шерьязданова және т.б.педагог-ғалымдар; С.Қалиев, К.К.Құнантаева, ГА Уманов, Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, С.Ұзақбаева, Қ.Қ. Жанпейісова, А.Г. Қазмағамбетов, В.В. Трифонов, М.Ә. Құдайқүлов, Г.П. Хайруллин, Ш. Майғаранова, Б.К. Момынбаев, Б.А. Ким, Л.К Керимов, Э.И. Шнибекова, Р.К. ғылыми еңбектерінде адамгершілік тәрбиесіне құнды пікірлер айтқан.
Оқушылардың ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын әртүрлі аспектіде қарастырған ғылыми еңбектер баршылық. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың спорттық ойынның рөлін теориялық және тәрбиелік тұрғыдан көрсеткен Т. Қуанышев, Е. Сағындықов,М. Танекеев және т.б.
Дегенмен, қазіргі заман талабына сай мектептердегі адамгершілік тәрбиесінің жұмыс жүйесіне жасалған талдау негізінде, оқушылардың білімі мен дайындық деңгейінің төмендігін байқатады.

Жарық көрген философиялық, тарихи педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми әдебиеттер, сонымен қатар докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау нәтижесінде олардың санының көптігіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мәселесіне арналған нақты ғылыми жұмыстың жоқтығы дәлелденді.

Сондықтан қазіргі мектеп жағдайында адамгершілік тәрбиесін беруді, оның мазмұнын бір жүйеге келтіруді, мектептің алғашқы сатысынан бастау керектігін және ойын әрекеті арқылы бастауыш мектептегі адамгершілік тәрбиесін өзгеше жаңаша тұрғыда қарау қажеттілігі бұл мәселенің теория мен тәжірибе жүзінде шешілу деңгейі арасында қарама-қайшылық тудырады.

Бұл аталған қарама-қайшылықты шешу жолдарын бастауыш мектептегі зерттеу мынадай педагогикалық шарттарын анықтайды: ойын процесінде бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттердің қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде бұл мәселені зерттеу қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұрғысынан өз дәрежесінде жүргізілмеуі, жүйеліліктің болмауы - бұл жұмыстың көкейкестілігі болып табылады.

Аталған қарама-қайшылықты шешу зерттеу жұмысының тақырыбын "Бастауыш мектеп оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу" деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу объектісі: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларын ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеп әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектеп оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық мәні тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік тұрғыдан анықталса, олардың мақсатына сай жас шамасы ескерілсе, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет-сапаларына ықпал ететін ойынның теориялық негіздері айқындалса, сабақта және сабақтан тыс уақытта ойын әрекетін пайдаланудың жүйелі әдіс-тәсілдері қолданылса, бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жұмысы жақсарып, адамгершілік қасиеттері мол ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндіктері кеңінен туындайды.
Зерттеудің міндеттері:

  • "ойын", "ойыншық", "ойыншық түрлері" ұғымдарының адамгершілік тәрбиесін арттыруға мәнін педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастыру;
  • бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
  • бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиет сапаларына ықпал ететін ойынның негізгі ерекшелігін ашып көрсету, оның көрсеткіштерін анықтау;
  • педагогикалық эксперимент - тәжірибе жұмысын өткізу барысында ойын әрекетін пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде ойын процесін тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Философия, тарих, психология, педагогика ғылымдарының тұжырымдары, еңбектері, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы іс-әрекеттің ролі мен зандылықтары алынды; адамгершілік тәрбиесінің теориясы; тұтас педагогикалық процесс теориясы; ойын теориясы.
Зерттеудің әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, социометрия, әңгімелесу, сауал-сұрақтар алып оны талқылау, педагогикалық бақылау, эксперименттік тәжірибелік жұмыстар.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • қоғамымыздың бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сай бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие барысының жетілуіне және баланың жан-жақты үйлесімді дамуына ойын әрекеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері айқындалды;
  • қушылардың бойында адамгершілік қасиеттер мен сапалардың қалыптасуына ықпал ететіндей ойынның негізгі ерекшеліктері және "ойын", "ойыншық", "ойыншық түрлері" түсініктерінің педагогикалық, психологиялықбүгінгі күннің талаптарына сай мәні анықталды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • бастауыш сынып оқушыларын ойын процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен бағыт бағдарлары көрсетілген.

" Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу" бағдарламасы жасалынып, мектеп тәжірибесіне ұсынылды. Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 70 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу