Вы здесь

Қазақ халық педагогикасындағы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу

03 ноября 2015 | 1981

Жоспар

КІРІСПЕ..................................................................................................................... 3

1. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ОТАНСҮЙГІШТІК СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................6

1.1 Халықтық педагогикалық теорияда оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесі мәселесі........................................................................................................ 6
1.2 Қазіргі оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің
ерекшеліктері............................................................................................................ 27
1.3 Оқыту үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық моделі......................................................................................................................... 39

2. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ.............................................................47

2.1 Оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары......................................................... 47
2.2 Оқыту үрдісінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру технологиясы............................................................................................................ 54
2.3. Оқыту процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық-тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен нәтижелері.......................................................................................................... 62

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................ 72

ҚОСЫМША............................................................................................................74

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде-еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді [1,12]. Өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары екендігін атап өтеді. «Біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды,-дейді Н.Ә.Назарбаев,-мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың-біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туындатады» [2,2].

«Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман-саулығы, мемлекеттік қауіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшейту екендігін мойындау»,-деп жазады Б. Момышұлы [3, 71].
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-тәрбие процесінде отансүйгіштік тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқушы жастардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруды жаңа сапалық денгейге көтеру Отанымыз-Қазақстан Республикасының даму болашағының көздеген ұлы мақсаттарымызды іске асырудың кепілі. Осыған байланысты патриоттық тәрбие мемлекеттік, әлеуметтік орын алатын педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе.

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі алғашқы еңбектер демократ-ағартушыларымыз Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарын, А.Құнанбаевтардың есімдерімен байланысты. ХХ ғасыр басындағы қазақтың белгілі зиялылары С.Торайғыров, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. өз еңбектерінде ұрпақтар тәрбиесінде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы қарастырды. Халық қаһарманы, белгілі қайраткер жазушы Б.Момышұлының патриоттық тәрбие маселесіне арналған арнайы еңбектерінің теориялық және практикалық маңызы ерекше.
Педагогика ғылымының классиктері К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский т.б. оқушылардың патриоттық тәрбиесін теориялық негіздерін қалаған.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері көптеген педагог-ғалымдардың (А.П.Кабаченко, Л.В.Метелица, Г.П. Лебедев, Л.Ф. Спирин, П.В.Конаныхын, Э.В.Коваленко, М. М. Ященко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Отандық педагог-ғалымдар А.Бижанов, У.К.Санабаев, А.Бейсембаева, А.Ә.Түктібаева, Ө.Жұмақанов, Р.Ж.Ержанова, К. Б. Сейталиев, А.А.Қалыбекова, Ж.Ж.Наурызбай, Қ.Ж.Қожахметова, С. Қалиев, К. Ж. Бұзаубақова, С.Қ.Қасенов, К. Т. Елемісова, Б.Ү.Үрбісінов, Е.Жұматова, С.Т.Иманбаева, Д.С.Құсайынова, Ә.Айтақов, Ш.Әміралиев т.б. еңбектерінде оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты мәселелер қамтылған.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін жалпы орта мектептерде педагогикалық пәндерді оқытуда оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру әдістемесінің назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді. оқушылардыдаярлауда оқыту үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Бұл жағдайларда жалпы орта мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің міндетті деңгейіне қойып отырған талаптары мен қазіргі таңдағы оқыту үрдісінде оқушыларды Отанды сүюге, оны қорғауға, мемлекетті нығайтуға дайындықтарын қамтамасыз ету тәжірибесі арасында сәйкессіздікке әкеліп соқтыруда.
Сондықтан мектептің оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың деңгейіне қойылытын қазіргі талаптар мен оны жүзеге асырудың ғылыми-негізделген педагогикалық шарттары және әдістемесінің жасалынбауы арасында қайшылық туындап отыр.
Демек айқын көрініп отырған қарама-қайшылықты ғылыми негізде шешу біздің зерттеуіміздің проблемасы болып табылады. Осыған орай, бұл проблеманың теориялық және практикалық маңыздылығын ескере отырып, ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ халық педагогикасындағы отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: қазақ халық педагогикасы арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемелік талдама жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ халық педагогикасы арқылы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.
Зерттеудің болжамы: егер тәрбиелік идеал теориясы негізінде қазақ халық педагогикасы арқылы жан-жақты сомдалса, онда ол отансүйгіштік тәрбиенің негізгі құралы ретінде педагогикалық айналымға еніп, оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру үрдісінің сапасын арттырар еді, өйткені бүгінгі күн талабына сәйкес отансүйгіштік тәрбиенің мазмұнын толықтырып, әдіс-құралдарын іріктеу қажеттілігі айқындалады. Зерттеудің міндеттері

  1. Жалпы орта мектептерде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін, құрылымын және міндеттерін айқындау.
  2. Қазіргі мектептің тәжірибесінде оқу процесінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ашу.
  3. Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттарын айқындау.

Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ халық педагогикасы арқылы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, бүгінгі заман талабына сай отаншылдық рухы биік азамат тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық және теориялық негізіне жеке тұлға туралы теория; таным теориясы; жеке тұлғалық іс-әрекет теориясы; тәрбиелеуші оқытудың тұжырымдамалық негіздері; оқушыларды тәрбиелеудің тұжырымдамалық ережелері; отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәнін анықтайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.

Зерттеудің дерек көздері: философтар, педагогтар, психологтар т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, педагогика классиктерінің отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы ой- пікірлері; жалпы орта мектептерде оқушы-жастарды тәрбиелеу мәселелері құрастырылатын директивті және нормативтік құжаттар және ережелер; мектептердің оқу бағдарамалары, оқу-әдістемелік құралдар, тәрбие жоспарлары; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша озат педагогикалық тәжірибе.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептердің озат тәжірибесін жинақтау, талдау жасау және қорыту; зерттеу бойынша арнаулы сауал-сұрақ, әңгіме, диогностикалық байқау жүргізу; жоғары оқу орындары құжаттарын қарау және талдау; эксперименттік-тәжірибе жұмысы; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау әдістері.
Зерттеу жүргізілетін тірек оқу орындары: «Білім» колледжі және №48 орта мектебі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні, құрылымы және міндеттері айқындалды;
  • оқу процесінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері ашылды;
  • оқу процесінде оқушыларды отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;
  • жалпы орта мектептерде педагогикалық пәндерді оқытуда оқушы- тердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүзінде дәлелденді.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысымыздың нәтижелері жалпы орта мектептерде болашақ педагог мамандарды даярлауда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.

Оқу үрдісінде оқушыларды отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға қатысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар педагогикалық

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Педагогика
Көлемі: 85 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу