Вы здесь

Оқу әрекеті және рефлексия

17 мая 2013 | 7930

Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін кеңейту, мәдени деңгейін көтеру, танымдық қабілеттерін дамыту, оқу процесін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарды. Бұл оқушыларға өз әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру әдіс- тәсілдерін меңгертуді талап етеді.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім мазмұны тұжырымдамасында оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалау нәтижесін эталонмен салыстыра меңгеруі /1/ қажетті төл

Ол бірінші кезекте оқу әрекетін қалыптастырудың негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатына жеткізуді көздейді.
Әрі оқушыны ынталандырып, шығармашылық әрекетке жетектейтін байланыстарды, өзара тәуелділікті, заңдылықтарды өздігінен меңгеруін қалыптастыруы талап етеді.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы – үздіксіз және күрделі үрді. Ол білім алудың белгілі сатысымен шектелмейді. Болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Олай болса бастауыш мектептен бастап оқушыларының оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасын қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болмақ. Сондықтан оқу әрекеті, рефлексия табиғаты мен байланыстары туралы ұжымдық аңғартады.
Ал оқу әрекетінің негізгі құрамына жататындар:

  • оқу міндеттері (оқу тапсырмалары);
  • оқу тәсілдері (оқушылардың қолданатын нақтылы практикалық және ой – тәсіл амалдары);
  • бақылау( оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
  • бағалау (сырттай және өзін-өзі бағалауы);

Оқу әрекетінің құрамына оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп, бағалап отыруы кіретіндіктен оқу әрекетіне деген рефлексивті қарым қатынасын қалыптастыру ең басты мәселелердің бірі болады.
Осындай күрделі құралдағы оқу әрекетіне байланысты оқушылардың сәйкесті ойлау қабілеті қалыптасады. Ал ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Ол белсенді сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады.

Білім алу іскерлік пен дағдыны қалыптастыру өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау тек оқу әрекетінде ғана болады деп біржақты түсінуге болмайды. Ол басқа әректетерге де тән. Бірақ ол оқытуда бағытта жүргізіліп, басқа жағдайда өте баяу жүреді әрі ұзақ уақытты талап етеді.
Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнын теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет етеді.

Оқу тапсырмасын орындау тәсілдері оқулық таңдамайды. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді. Нәтижесінде болашақта ой және дене еңбегін белсенді атқаруға негіз қаланып, жоғары сыныптарда одан әрі жетіледі.
Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың кешенді қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады.

Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия – оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы.
Өкініші орай біздің жүргізген тәжірибемізде бастауыш мектеп оқушылары өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады.
Нәтижесі оқушы өз әрекетін талдай, бақылай білмейтіндігін көрсетті. Міне сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігінпрактика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.

  1. Оқу әрекетінің құрамына тоқталып, мәнін түсіндіру.
  2. Орындалған әрекет тізбегін еске түсіру.
  3. Анықталған әрекет тізбегінен ең тиімдісін анықтау.
  4. Әрекеттер нәтижесін құрастыру және шығару. Мұндай нәтижелер бірнеше болуы мүмкін:
  • оқу әрекетіне байланысты идеялар, ұсыныстар жасалып, заңдылықтар анықталып, сұраққа жауаптар берілуі;
  • оқу әрекеті барысындағы қолданылған тәсілдер мен амалдардың анықталуы;
  • алдағы жоспарланатын оқу әрекетіне болжам жасалуы.

5. Оқу әрекеті барысында тексеруді және бағалауды жүзеге асыру.
Сонымен оқушыға кез-келген тапсырманың орындалу жолын меңгерту оқу әрекетінің негізгі құрамын таныстырумен байланысты. Ол пәнді талғамайды. Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады және мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының бір талабын оқып-үйренуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік берді.