Вы здесь

Сезімдік таным психологиясы

15 мая 2013 | 10171

Түйсік - бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік сананың сезімдік ұлпасы ретінде. Түйсік және стимулға қатысты мінез-құлықтың бағдарлануы. Қозғалысты реттеудегі түйсіктің рөлі. Түйсік - психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсіктің танымда, еңбекте, қарым қатынаста дамуы. Сенсуализм және оның психология тарихындағы түрлері.

Түйсіктің бейнелеу объектілерінің материалды қасиеттерінен тәуелділігі. Түйсік бейнелерінің ерекшелігі. Түйсіктің негізгі қасиеттері: модалдық, интенсивтілік, кеңістікті-уақыт құрылымы. Сезгіштіктің мидың сенсорлық функциясы ретінде және түйсінудің объектілердің материалды қасиет бейнелері ретіндегі арақатынасы.
Түйсіктің негізгі түрлері – статикалық-динамикалы, есту, көру, тактилді, кинестетикалық-динамикалы, температуралы, дәмдік, иіс, вибрациялы, ауырсну, интероцептивті түйсінулер. Химиялық, физикалық, механикалық түйсінулер (В.Вундт).

Түйсінулердің классификациясы. Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер. Протопатикалық сезгіштік. Механикалық, химиялық, механикалық түйсіну түрлері.
Анализаторлар-түйсіктің анатмомиялық - физиологиялық механизмі. Рецепторлар - стимулдың физикалық энергиясын жүйке жүйесінің электрофизиологиялық энергиясына өзгертуші. Анализатордың орталық аяқталуы. Бас миының үлкен жарты шарындағы қабығында сезгіштіктің әр түрлерін локализациялау. Б.Г.Ананьев бойынша сенсорлық ұйымдастыру филогенезде құралған анализаторлардың арасындағы тұрақты байланыстардың жүйесі ретінде.
Стимулдың физикалық параметрі, олардың анализатордағы бейнелері. Түйсіну табалдырықтары жайлы түсініктер. Анализатордың шешуші қабілеті. Абсолютті (төменгі және жоғарғы) сенсорлық табалдырық. Дифференциалды сенсорлық табалдырық. Вебер-Фехнер заңы. Стивенс заңы. Психофизика бойынша жаңа зерттеулер.
Сезгіштік туралы ұғым, оның динамикасы. Субсенсорлық құбылыс. Анализаторлардың адаптациясы, сенсибилизациясы. Анализаторлардың сезгіштігін жоғарлатудағы іс - әрекеттің рөлі. Түйсіктің ассоциациясы. Синестезия.

Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы
Көру түйсігі және оның ми субстраты. Түстерді түйсіну сапасы: жарқырау, контраст және түс, қанығу олардың жарық стимул физикалық параметрлерінен тәуелділігі. Ахроматикалық және хроматикалық көру. Түстерді араластыру заңдары. Негізгі және қосымша түстер. Юнг-Гельмгольц, Геринг- түстерді көру теориясы.
Жарық сезгіштік. Көру өрісі және бұрышы. Көру өткірлігі. Жарық және қараңғы адаптация. Фоторецептордағы фотохимиялық процестер.
Түйсік, оның ми субстраты. Есту түйсіну сапалары: қаттылық, биіктік. Дыбыс тембрін талдау. Олардың стимулдың физикалық қасиетінен тәуелділігі. Есту түйсінуінің іс әрекетпен, қарым-қатынаспен байланысы.

Кинестезия – адамның практикалық әрекетімен байланысты бұлшық- буын сезімдері. Спортта қимыл координациясының, локомациясының, жұмыс қимылдарын реттеудегі кинестезияның ролі. И.М.Сеченов бұлшық ет сезімі жайлы. Бұлшық ет түйсінулері – барлық интермодалды ассоциациялар мүшесі ретінде.
Тактилді түйсіктер – енжар сипап сезу. Тері сезім мүшесі ретінде. Тактилді анализатордың құрылысы. Тактилді түйсінудің сипап сезу құрамына кіруі. Еңбекте, танымда, қарым қатынастағы сипап сезудің рөлі. Тактилді түйсіну әлем жайлы және олардың басқа түйсінулерді бекіту ролі жайлы объективті информация көзі ретінде.
Ауырсынудың екі жақты табиғаты – олар эмоция және түйсінулер. Ауырсыну – түйсіну зақымданған объект жайлы мәлімет беруші. Ауырсыну түйсінулерінің биологиялық мағынасы.
Температуралық түйсінулер – орта температурасын және теріні, денеңнің температурасының айырмашылығына реакция. Жылу алмастыруды және температуралық түйсінулерді реттеу.

Статикалы-динамикалық түйсінулердің жалпы сипаты, жылдамдату және теңесу түйсінуі. Гравитация-статикалы-динамикалық түйсінулердің тұрақты шарты. Жұмыс үстінде, күрделі спорттық қимылдарды, локомацияны реттеудегі статикалы-динамикалы түйсінулердің рөлі.
Вибрациялық түйсінулер естуге жақын. Механикалық тербелістерге диффуздық сезгіштік. Естудің вибрациялық түйсінулермен компенсациясы.
Иіс сезу, дәм және интеррецептивті (органикалық) түйсіктер, метаболизммен байланысы, организмнің дұрыс тіршілігі үшін мәні. Дене схемасы – субъектінің өз денесін ұғыну нәтижесі ретінде.

Қабылдау және елес
Қабылдау сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы сипаттамасы: объективті және субъективті – бағдарлаушы бағыттар. Қабылдау психологиясындағы гештальтпсихология, когнитивті психология, Б.Г.Ананьев және А.Н.Леонтьев мектептері.
Қабылдаудың қасиеттері: заттылық, тұтастық, категориялық, ұғынымдылық. Апперцепция.
Қабылдаудағы ішкі ыңғайлануды зерттеу. Ішкі ыңғайланудың қабылдауға әсерін эксперименталды зерттеу. Инварианттылық арақатынас заттық бейне мазмұнын құрудың заңы ретінде. Қабылдау бейнелерін құру фазалары (Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов).

Адамның ортамен өзара әрекетіндегі кеңістік пен уақытты қабылдау. Кеңістікті бағдарланудағы қимыл анализаторларының рөлі. Ырғақ және қозғалысты қабылдаудағы есту және кинестезия түйсінулерінің ролі. Мидың функционалды ассиметриясы кеңістікті бейнелеудің негізгі механизмі ретінде (Б.Г.Ананьев).