Вы здесь

Қазақстан Республикасындағы жоғары мектеп оқытушысының жұмыс мазмұны

15 сентября 2013 | 2160

Қазақстанда оқу орындарының негізгі түрлерімен қатар, өтпелі сипаттағы кейбір оку орындары ұйымдаскан болатынды. Сондай оку орындарының қатарына халық ағарту институттарын (ИНО), 3 жылдық педагогикалық курстарды және т.б. оқу орындарын жатқызуға болады.
Халық ағарту институттары мектептер мен мектептен тыс мекемелер және халық ағарту орындары үшін орталықтандырылған мамандарды даярлауды іске асыратын 3-4 жылдық оқу мерзімді, жан-жақты мамандық беретін оқу орындары болып табылады.

Қазақстанда 1921 жылы 4 халық ағарту институттары жұмыс істеді. Оның ішінде 3 оқу орны бұрынғы Қазақ Республикасының астанасы болған Орынбор қаласында орналасты, біреуі - Семейде жұмыс істеді.

1929 жылы Орынборда Қазақтың халық ағарту институты (КИНО) ұйымдастырылды, ол 1925 жылы сол кездегі Қазақ Республикасының астанасы- Қызылорда қаласына көшірілді. Қазақстанда педагогикалық білім беру ісін дамыту ісінде Қазақтың Орынборда ашылған халық ағарту институттары ерекше үлес қосты. Орынбор Қазақ Республикасының астанасы болып тұрғанда, қазақ интеллигенциясының едәуір бөлігі сонда топтасқаны белгілі. Олар Орынборда сол кезде ұйымдастырылған қазақ өлкесін зерттеу қоғамының жұмысына да белсене араласты. А.Байтұрсынов осы қоғамның құрметті мүшесі, ірі басқарушысы болады. Осы қоғамның мүшелерінің қатарында Молдағали Жолдыбаев, Міржақып Дулатов, Александр Васильевич Затаевич, Михаил Павлович Баталов, Қайролла Қаратаев, Назипа Құлжанова, Сәкен Сейфуллин және т.б. жұмыс істеді. Олар қазақтың халық ағарту институтының жұмысына белсене араласып, көпшілігі дәріс берді.

Республика мектептері үшін мұғалім кадрларын даярлауда 1920 ж. ашылған Семей халық ағарту институтты жоғары білім беретін педагогикалық оқу орны ретінде өз алдына 1 және 2 сатылы мектептерге мұғалім кадрларын даярлау мақсатында ұйымдасқанымен, олар жоғары оқу орындары сияқты өз қызметін атқара алмады, кейбіреуінің ғұмыры ұзақ болмады.

Дей тұрғанмен, Қазақстанда халық ағарту институттары халыққа білім беру ісі мен педагогикалық кадрларды, оның ішінде ұлттық кадрларды даярлауда ерекше рөл атқарды. Халық ағарту институттары өтпелі сипаттағы оқу орындарының сипатында болды.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институт қабырғасында алғашқы жылдар жемісті еңбек еткендердің қатарыңда қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, СМұқанов, О.Жандосов, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов және т.б. болды. Олардың күш-жігерімен студент жастарды оқыту мен тәрбиелеудің озық дәстүрі қалыптасты.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты ашылуы республиканың көптеген жоғары оку орындарының өз отауларын тігуіне бірден-бір жол ашып берді.
Алғаш рет қазақ тіліңде жарық керген М.Жұмабаевтың «Педагогика» окулығы, Ж.Аймауытовтың психологиялық оқулықтары Республикады педагогика және психология ғылымдарын дамьггуда ерекше оқиға болып табылады.

М.Жұмабаев 1922ж. Педагогика оқулығын жазудағы басты мақсаты туралы:

«Қазақтың наны бір, жаны бір қолбасшысы -мұғалім. Еліміздің аз гана жылдың ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі. Бірге оқытқан, бірге оқытысқан, жұлдызымыз бір, жолымыз бір қазақ мұгалімдері. Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылдым. Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды ңабыл алыңдар», - деп, жазды.

Қазақ АҚСР-нің құрылуы, Халық ағарту комиссариаты мен оның жанында академиялық орталықтың ұйымдасуы, халық ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістер қарастырып отырған кезенде республикада жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуына саяси-әлеуметтік және педагогикалық апғы шарттар жасады, Республикада жоғары педагогикалық мектепті құруға берік негіз қаланды.

1928 ж. қазақ ғылымының қара шаңырағы атанған Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтынан бастау алған жоғары педагогикалық мектептің 30-жылдардың бас кезіңде белгші жүйесі қалыптасты.

Қазақстан жоғары мектебінің 1931-1940 жылдарда іс-тәжірибесін зерттеуде, теорияльщ-әдіснамалық тұрғыдан байымдауда және бұл кезеңде қалыптасқан тәжірибені жинақтауда тарихи-педагогикалық еңбектер басшылыққа алыңды.

Республикада алғаш ұйымдастырылған Қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне жолдама берді. Бірақ, республикадағы бір ғана педагогикалық жоғары оқу орны мұғалім кадрларын даярлаудың мәселесін шеше алмады. Сол себептен де 30-жылдардың бас кезінде бірнеше педагогикалық институттар ашылды.
Студенттердің әлеуметтік құрамын жақсарту мақсатында педагогикалық институтар жанынан жұмысшы факультеттер ашылды Оларды бітіргендердің саны 1931 жылы институтқа қабынданғандардың 11,5 пайызы болса, 1932 жылы 16,8 пайызын құрады.

1934 жылы Алматыда Қазақтың Мелекеттік университетінің ашылуы қазақ халқының еміріндегі ерекше оқиға болды. Оның негізгі мақсаты - республика және арнаулы оқу орыңдары үшін жоғары білімді ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау. Университет өз жұмысын бастағанда 5 профессор, 10 доцент, 10 ассистент барлығы 25 оқытушы-пофесссор құрамымен жұмыс істеді. Алғашқы ұйымдасқанда институтта физико-математика және биология факультеттері болса, кейіннен оларға химия және филология факультеттері қосылды. Университеттің тұнғыш ректоры болып, Хальщ ағарту ісінің кернекті қайраткері Ф.И.Оликов жұмыс істеді.

Қазақ университеті алғаш ұйымдасқан кезде Мәскеу универси-тетінен белгілі ғалымдар И.Д.Молюков, Д.В.Сокольский, Қазан университетінен профессор К.Д.Персидский, және басқа да жоғары оқу орындарыньщ профессорлары А.И.Бартенев, П.Н.Мишенко, В.П.Литвинов т.б. жұмысқа келді.

Университет қабырғасында қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушы, академик М.Әуезовтың, ғұлама ғалым, Қазақ КСР Ғылым Академиясының бірінші президенті, академик Қаныш Сәтбаев және басқа да республиканың ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлер еңбек етті.
Республика Халық ағарту комиссариаты жүйесі бойынша соғыс жылдары жоғары педагогикалық оқу орындарыньщ саны 13-тен 15-ке жетті, оның ішінде 1 университет, 6 педагогикальщ және мұғалімдер институты жұмыс істеді.

Соғыс жылдары Алматы қаласында шет тілдер мұғалімдер инсти-туты 1941 жылы қайтадын ашылды. Ол 1944 жылы педагогикалық институтқа айналды.
1944 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық институты алғаш рет шаңырақ көтерді.
Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Дене шыныктыру институты ашылды.

Ұлы Отан соғысы жылдардың алғашқы күндері уақытша жабылып қалған Семей мен Орал мұғалімдер институттары қайтадан қалпына келтірілді.
Қазақстанға қоныс аударған ғылыми-зерттеу институтары мен жоғары оқу орындары ерекше қорғаныс және халық шаруашыльщ мәні бар орасан зор жұмыс атқарады.
Республикады алғаш рет психолог маман кадрларды даярлауда белгілі ғалым Т.Тәжібаевтың еңбегі ерекше еді...
1952 жылдан бастап, мұғалімдер иститутары педагогикалық инсти-туітарға айнала бастады. Демек, орта мектептердің 5-10 сыныптарға мұғалім даярлаудың бірыңғай жүйесі қалыптасты.

Сонымен, 1954-1956 оқу жылдарынан бастап, педагогикалық институтардың саны 13-ке жетті, ал педагогикалық институтарда оқитын студенттердің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2-2,5 есе артты.

60-шы жылдардың ортасынан бастап, бұрынғы одақтык педагогикалық білім беру мәселелері белсенді зерттеліп, талқылана бастады.
60-жылдардың аяғы мен 70-ші жылдардың бас кезінде педагогикалық институттардың оқу жоспарына белгілі өзгерістер енгізілді.
Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогреске сәйкес жоғары педагогикалық білім берудің мазмұны бірізді жаңарып отырды.

Республика педагогикалық жоғары оқу орындарында барльщ оқу-тәрбие процесін педагогикаландыру арнаулы пәндерді оқьпудың кәсіби педагогикалық бағыттылығын арттыру, оқу жоспарына Тәрбие жұмысының әдістемесі, Окушыларға кәсіптік бағдар беру атты қосымша пәндерді енгізу, арнаулы курстар мен факультативтерді кеңейту үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастыру іске асты. Республика педагогикальщ жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысы кандидаттьщ және докторлық диссертациялар қорғау бағытында жұмыстар жүргізілді.

Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін кешенді түрде зерттеу, білім беру мазмұнын жетілдіру, оның ғылыми негіздерін жасау, жоғары педагогикалық мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше мән беру, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалім кадрларын даярлауды жетілдіру, қазіргі көп сатылы білім беру жағдайьгада мұғалім мамандарға даярлаудың ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелер бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып саналады.