Вы здесь

ХVІІІ ғасырға дейіңгі Ресейдегі тәрбие және педагогикалық ойлар

15 мая 2013 | 3799

Ресейдегі тәрбие және педагогикалық ойлар: Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде және кейіңгі дәуірлерде де тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, әскери өнерге үйретті. Мұнын бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды. Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы егінші,сонымен бірге өз мекенің жаудан қоғай алатын батыл әскер керек болды. Балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Бұлардың педагогикалық мәнін ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский өте жоғары бағалады. Халықта жазьа әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен рөль атқарды. Тарихи деректерге қарағанда ХІІІ ғасырда Шығыс славяндарда ана тілінде жазуы болған. Олардың ішінде латын, гірек тілдерін білуші адамдар кездеседі. 988 жылы Киев русінің Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне таралуына әсер етті. Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде кейін славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Орыс жеріндегі алғашқы дің иелері гректер болды, кейін шіркеу және монастырь жанынан дің иелерін даярлайтын мектептер ашыла бастады. Монастырьларда дін қызметкерлерін даярлаумен қатар кітаптар көшірілді, осының негізінде алғашқы кітапхана пайда болды. ХІ ғасырда Киевке әйелдер монастырында әйелдер училищесі ашылып, 300 қыз бала оқуға, жазуға, ән айтуға, іс тігуге үйретілід. ХІ – ХІІ ғасырда Киев мемлекетінде қалдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар кездеседі. ХІІ-XV ғасырларда орыс жері татар-монғол басқыншыларының қол астында болды. Татар-монғол жаулауы орыс жерін көп күйзеліске ұшыратты.

Монастырь, шіркеу жанындағы мектептер қирады. Осы дәуірдің өзінде орыс жерінде хат таныту ісі жүргізілді. ХІV – XV ғасырларда саутты адамдар жергілікті жерлерде балаларды жиып оқытты. Олар қолодан жазылған кітаптар арқылы хат танытуға 2-3 жыл уақыт өткізді. Жазу құралдары болмағындықтан, жазуды меңгеру қиынға түсті. ХІV – XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет болды. Қолөнері жақсы дамыды, шетелдермен ірі сауда жасалды. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Бұл қолөнерінің бір түрі болып саналады. Новгород жеріндегі ірі монастырьларда кітап көшірілді. Новгород жерінде сауатты адамдар көп болды, кітаптар кең тарады. XV ғасырдағы Новгород сөздіктері біздің заманымызға дейін жетті. XVІ ғасырда Москва княздығының басшылығымен орыс жері бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Волга өзенінің бойы, Сибир жері қосылғаннан кейін, орыс халқының басшылығымен көп ұлтты Ресей мемлекетіне айналды. Мемлекет феодалдық болды. ХІV – XVІ ғасырларда діңи-моральдық бағыттағы мақалалар жинағына педагогикалық мазмұнда жазылған мақалалар да енген.

Туысқандық мектептер: XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірініш жарытсында Украина мен Беларуссия Поляк-Литва мемлекетінің қарамағында болды. Поляк пандары украйн мен беларус халықтарының қанап, поляктандыруға тырысты. Поляк қанауына қарсы украйн мен беларустар діңи ұлттық ұйымдар (братства) құрды. Бұл ұйымдар демократиялық принципте құрылды, мәселелер жалпы жиналыста көпшілік дауспен шешілді. Бірақ ұйымның басшылығы бай адамдардың қолында болды. Ұлттық қанауға қарсы күрес құралдырының бірі туысқандық мектеп болды, олар поляктардың католик мектептеріне қарсы ұйымдастырылды. Алғашқы украин туысқандық мектебі 1586 жылы Львовта ашылды. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ана бала мектепті бітірмей баланы оқудан алмайды, баланың оқуға үзбей баруына кедергі келтірмейді және т.б) анықталды. Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.

Мұғалім ақылды, ұстамды адам болуы керек, ашушаң, біруді күңдейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауға тиіс. Мектепке барлық сословиенің балалары алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқандық мектеп уставында (5 параграф) мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көрді, байдың балалары мен кедей балаларына бірдей қарады. әркімнің шамасына қарай оқытты. Бұл мектеп мұғалімдері XVІ – XVII ғасырларда бірнеше славян тілі грамматикасын құрастырып, баспадан шығарды. Туысқандық мектептерде грек, латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астраномия, музыка оқытылды. XVІ – XVII ғасырлардағы Украина және Беларуссия туысқандық мектептеріндегі оқу жұмысын ұйымдастыруда класс сабақ жүйесінің элементтері болды. XVII ғасырда көптеген шығармалар басылып шықты. Олардың ішінде діни емес, сатира түрінде жазылғандары, көрнекті адамдардың өмірі туралы шығармалар да болды. Қолдан жазылған әліппелер шығарылды, кітап баспасы дамыды. Орыс теңізшілері солтүстікте және Азияның шығысында ірі географиялық жаналықтар ашты. Славян санауынан арабтың цифрлық сануына көшудің математика ғылымының дамуында үлкен мәні болды.

Ресейдегі XVIIІ ғасырғы ағарту ісінің дамуы: XVII ғасыр әсіресе оның екінші жартсы Россияда ағарту ісінің дамуында елеулі кезең болды. Бұл XVIIІ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту формаларына дайындық еді. XVII ғасырда шіркеу және монастырь жанындағы бастауыш мектептердің саны көбейді. Бұл мектептерде оқуға және жазуға үйретті. Тек қана ер балалар жеті жастан бастап жоғарыда аталған мектептерде оқыды. Әр бала үлгергенінше жеке оқыды. Мұғалім баланы класста жеке оқытты. XVII ғасырдың екінші жартсына дейін қолдан көшірілген кітаптармен оқытылды. XVII ғасырдың екінші жарытысында Москвада бірнеше грек латын мектептері пайда болды. 1687 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияны ашуда ағайынды білімді гректер Лихудылар үлкең еңбек сіңірді. Олар жоғарғы кластарда риторика және филасофиядан сабақ берді, грек және латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулық құрастырды. Кейін олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты.

Осының үлгісімен XVII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды. Мәскеуде славян-грек-латын академиясы дін иелерін даярлап қана қойған жоқ, оны бітірушілер медицина мектептеріне, ал кейбірулері университетке түсіп оқыды. А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Беженов және т.б. XVII ғасырдағы мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер сол университетте оқығандар. 1755 жылы Москва университеті ашылғаннан кейін ол діни академияға айналды. XVІ ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында Москвада алғашқы баспадан шыққан кітаптар діни кітаптар болды. Ал мектепте қолдан көшірілген кітаптармен оқыды. Кейбір әліппелер әрі әліппе, сонымен қатар грамматика, арифметика, тарих, табиғаттану пәндерінің оқулығы болды. Украинада XVII ғасырда Павма Берында құрастырған анықтама-сөздік басылып, онда 4000 сөзге түсінік берілді. 1634 жылы Москвада Василий Бурцевтің әліппесі басылды. 1694 жылы Карион Истоминнің суретті әліппесі шықты. Бұл әліппенің әр беті бір әріпке арналды.
XVII ғасырдың екінші жартсында орыс педагогикасының елеулі ескерткіші – «Балалар тәртібінің ережелері» дүниеге келді. Бұл еңбекте 164 сұрақ –жауап берілген. Соның ішінде балалар өзін үйде, қонақта, басқа адаммен жолыққанда, мектепте қалай ұстауы жөнінде ережелер бар.