Вы здесь

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың қолданысы

20 ноября 2013 | 5915

Жоспар

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне, ұлттық ойлау жүйесі мен парасат әлеміне Шәкәрім Құдайбердіұлы қосқан елеулі үлес кеңестік дәуірде тарихи санадан аластатылды. Сондықтан халқымыздың қоғамдық өміріндегі Шәкәрім шығармашылығының жеткен деңгейі мүлдем ғылыми айналыстан шығарылуы рухани вакумға айналып, табиғи дамудың сабақтастығына зор нұқсан келтірді. Еліміздің егемендікке жетіп, өз билігі өзіне тиюі – рухани мұрасын түгендеп, ұлттық дүниетанымына қайта үңілуіне, осыған орай Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін ғылыми зерделеу қажеттігі туындайды. Бұл ретте ұлы ақын, үлкен ойшыл, ағартушы-ғалымның діни-теологиялық, қоғамдық-философиялық тақырыпқа жиі қалам тербеуі, соған сәйкес аталған салада соны ұғымды бейнелейтін лексикалық топтың қалыптасуына ықпал етті. Ал бұл атаулар өз кезіндегі қазақ әдеби тілінің қанатын жайып, өсіп-өркендеуінің бір арнасы – лексикология екені аян. Сондықтан Шәкәрім шығармашылығының тілдік ерекшелігін зерттеу – қазақ әдеби тілінің нормалануы мен ғылыми атаулардың жүйеленуі және қалыптасуына қосқан оның сүбелі үлесін жан-жақты тани түсуге жол ашып, терминтаным саласындағы рөлін айқындауға көмектеседі.

Кіріспе

«Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың қолданысы» атты курстық тақырып осы айтылған мәселелерге арналып, ХХ-шы ғасырдың басындағы жазба дәстүрдің бұқаралық сипат алуымен қатар уақыттың сұранысынан туып, әлеуметтің қажетін өтеген танымдық еңбектерінің тілдік тұрғыдан алғаш талданып, саралануының ғылым үшін мән-маңызы өте зор. Сол арқылы бұған дейін қазақ тіл білімі ғылымы саласындағы қалыптасқан теориялық тұжырымдар мен қағидаларға, көзқарастар мен үрдістерге жаңаша үңіліп, тың өзгерістер енгізуге, өзіне тән ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың өз тұсындағы және өзінен кейінгі қолданылу ерекшеліктерін салыстыра айқындау. Аталған лексикалық атаулардың қазақ әдеби тілінің сол дәуірдегі әлеуметтік қызметіне сәйкес ұғым-түсінігін бейнелеудегі маңыздылығы мен мәнін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, творчестволық тұлғаның шетел сөздері мен тілдік ортаға орай қазақ тілінің ішкі ресурсын сәтті пайдалану шеберлігі мен тәжірибесін сипаттап беру. Осыдан келіп төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдеби тілінің жазба дәстүрде орнығуы мен қалыптасуына Шәкәрім Құдайбердіұлының қосқан шығармашылық үлесі;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы төлтума рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканың сапалық деңгейін анықтау;
  • Рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексиканы жүйелеу және семантика-стилистикалық сипаттама беру;
  • Қазақ тіліне Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары арқылы тұңғыш рет соны рухани-дәни және қоғамдық-философиялық ұғым-түсінікті білдіретін сөздердің енуі және тілдік қолданыста орнығып, әдеби нормалану процесін талдау;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары тілінің рухани-діни және қоғамдық-философиялық лексикасын этимологиялық, генетикалық құрамын талдап, анықтау.

Зерттеудің нысанына Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы қазақ әдеби тілінің құрамдас бір бөлігі рухани-діни және қоғамдық-философиялық ұғым-түсініктерді білдіретін лексиканы саралап, семантикалық мағыналық реңктерін талдау, жүйелеп, зерттеу мәселелері жатады.

Зерттеудің дерек көздері. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары./Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/(1988); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. (1990); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. (1991); Шәкәрім Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты. (1993); Шәкәрім. Иманым. (2000); «Айқап», «Абай», «Таң» журналдары мен «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріндегі жарияланымдарын пайдаландық.

Зерттеудің әдістері. Ғылыми жұмыста тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдіс, сипаттама әдісі, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды. Жасалған тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын тілдік тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны етіп қарастыру, оның қазақ әдеби тілінің ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі аралықтағы қоғамдық өмірдің саяси-құрылымдық, әлеуметтік-экономикалық жағынан күрт өзгерістер бар.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Курстық жұмыста талданған Шәкәрім Құдайбердіұлының тілдік лексикалық қолданыстары кейінгі жылдары баспа бетінде жарық көрген Шығармалары./Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/(1988); Үш анық. (1990); Түрік-қырғыз һәм хандар шежіресі. (1991); Мұсылмандық шарты. (1993); Иманым. (2000) кітаптарынан алынғандығын және мысалдардан соң жақша ішінде деректік басылған жылы мен беті көрсетілгендігін ескертеміз.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Көлемі: 24 бет
Жұмыстың түрі: Курстық жұмыс


Танысу


Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 490 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз