Вы здесь

Когнитивтік лингвистика – жеке ғылым саласы

15 мая 2013 | 11426

Қaзipгi тіл білімінде тілдің коммуникативтік кызметінің семасиологиялық, прагматикалық, функционалдьқ, когнитивтік, психолингвистикальқ жақтарын кешенді зерттеу қолға алынуда.
XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз-өзінде және өзi үшін» (в самом себе и для себя) зерттеу жеткіліксіз болып, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамньң ТҰрмыс-тәжірибелік қызметімен тығыз байланыста карастыру кажеттігі туындады.

Ғасыр тоғысында нeriзi қаланған тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой-өpiciн кеңейту; санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикальқ-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарын тіл арқылы іздеп айқындау. Тіл арқылы көpiніc тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, тілді когнитивтік ТҰРҒыдан зерттеу қазіргі кезде әлемдегі тіл біліміндегі негізгі бағыттардың бipiне айналып отыр.
Heгiзгi мақсаттың жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттер:

  • тіл білімі мен когнитивтік лингвистиканың бip-бipiмeн байланысын көрсете білу;
  • тіл біліміне қатысты таным теориясының негізгі қағидаларын игеріп, оны қоғамтану мен өміртануда дұрыс қолдана білу;
  • когнитивтік лингвистиканьң бағыт-бағдарын айқындай келіп, оньң басқа салалармен байланысын зерделеу;
  • танымдық аспектілерге байланысты ғылыми еңбектерді, концептуалды пікірлерді, көзқарастарды талдап, талқылай білу;
  • когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді, метатіл түсініктерiн меңгеру, оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету:
  • танымдық лингвистиканы оқыту барысында студенттердің ойлау қабілеті, қоршаған ортаны зерттеп тану қасиетін, өзіндік ой-пікірін дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру, олардың дүниетанымын кеңейту;
  • ой, сана, тіл тұтастығы арқылы тілдік қатынасты жете меңгеру, таным үдерісін жан-жақты іске асыру.

Тілдің табиғатын танып білу үшін оның басты қасиетін айқындап алудың мәнінің айрықша, тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиет делініп, әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тіл - адам баласы қоғамында қатынас құрып сөйлесіп, пікір алмасудың құралы.
Mұсылмандық қайта өрлеу кезст болып саналатын X ғасырда Абу Хайан тілдің барлық элементінің маңыздылығын айта келе, тілсіз ешқандай да ойлаудың болмайтындығын негізге алып, тіл мен ойлаудың өзара тығыз арақатынасы туралы өз ойларын айтқан.

Бертін келе тіл мен ойлау мәселесі Лейбництің (форманың мағынаны берудегі РОЛІ ) И.Кант пен Г.Фреге еңбектерінде сөз болған. Соңғысының мағына теориясы жоғарыда атап өтілген Ананданардханидың семантикалық ілімімен ұштасады. СОНЫМЕН СОНАУ Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық үдерісіндегі тілдің алатын өзіндік рөлі мәселелері ӘЛІ күнге қазіргі заман ғылымдары болып табылатын КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ғылымының нысаны болып саналады.
СОНЫМЕН ҚОСА, философияда таным теориясымен айналысатын гносеология атты үлкен бір сала бар. 'Тілдің танымдық ғылымнан алатын орнының ауқымды екендігіне бүгінде шетелдік, отандық ғaлымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді.

Когнитивтік лингвистикадағы сананың рөлі мен маңызы
Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивтік ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағалаған.
1960 жылы Гарвард университетінде американдык профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталган орталық когннитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады.
Ежелден шешімін таба алмай келе жатқан сауалдарға когннитивтік лингвистика тұрғысынан жауап беруге болатындығын көруге болады. Мысалы, кейбір құбылыс, зат, оқиға, санада нақты бейне ретінде көрініс алса, кейбіреулері қарапайым ұғым, ал енді бірі тіпті символдар ретінде ғана түсіндіріледі (мәселен, махаббат – жүрек суреті).
КОГНИТИЗМНІҢ жаңашылдығы неде? Когнитивизм адам ойлауы жайлы мәселенің ең ұтымды тәсілі болып табылады.

Когнитивтік лингвистика ҚАЗІРГІ АНТРОЦЕНТРИСТІК парадигма шеңберіндегі базалық ілім деңгейінде қарастырылады. XX ғ. ортасында тілді адамның танымдық іс-әрекетіне қатысы тұрғысынан қарастыру мәселесі туындады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде Европада XX ғасырдың аяғына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, тереңірек зерттеліп, ҚАНАТЫН КЕҢ ЖАЯ ТҮСЕДІ. кем Осы тұста Дж. Лакофф, Р.Лангакер, Т. ВАН ДЕЙК, ДЖ ХЕЙМАН, Х.И.ШМИДТ, М Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көреді. Зерттеушілер танымдық ғалымдар аясында тілдің әлемнің «тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады.

Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А. Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, И.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көpiнic табады. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі негізгі ұғымдары сөз етіледі. Олардан танымдық ғалымдар ішінде тілдің атқаратын қызметінің жоғары екендігін аңғаруға болады.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын (біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық біЛіМДі адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттаута бағытталған.

Қазіргi кезде зерттеу нысанына байланысты танымдық үлгілер жөнінде ақпарат аларлык танымдық бағыттағы ізденістер баршылық. Когнитивтік үлгілер негізгі рол атқарады, сондықтан танымдық ғылымның басты ұстанымдары туралы қысқаша тоқталайьқ.
Әрине, бұл мәселенің ізденіс шеңбері кеңейіп, таным, интенционал, тіл логикасы т.б. ұғымдарымен толықтырылып, жана концепциялар, багыттар негізінде зерттелуде. Қазіргi кезде әcipece, шет ел ғалымдарының өзінің зерттеу нысанына байланысты танымдық бағыттағы көптеген ғылыми iзденістepi жарық көрді. Төменде танымдық ғылымының басты концепнияларына сараптамалық шолу жасамақпыз.

Tiл және таным үдерісі, тілдің танымдық қызметі
«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі 6ip ақпаратты қабылдап, оны белгілі 6ip өңдеуден өткізіп, мида сақтай отырып, кажетті кезінде оны колдану нәтижесінде адамның миында білім кабаттарының қалыптасу және тану үдерістерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Демек, танымдық ғылым – адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің, пайымдау нәтижесінде белгілі 6ip жүйеге келтіріліп, біздің санамызда белгілі бip жүйеге түcipіліп жазылып ділдік, яғни танымдық үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әр түрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бip өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасы қолданылады.

Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз екенін айта келе, өз тарапынан оны «адамның ми қыртысындағы менталды процестердің белгілі бip жүйеге келтіріліп, баскарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым» деген анықтама береді Ал бұл қағидалардың пайда болуы мен олардың атқаратын қызметін ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады.

Алғашқы танымдық үдерістер қазігі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар етінде түсіндірілді. Алайда бұған қарсы пікіррлер де аз емес: «Когнитивтік ғылым адам танымы құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу, әрине өзекті, ең бастысы – іс жүзінде қолданбалы. Дегенмен адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара–пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу, ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де оның ділдік жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің қажеті болмас еді». Осы пікірді қолдап В.З.Демъянков бұл «адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан, адам ic-әрекстінің интенционалдығын зерттемей, ТЕК ҚАНА символдық белгілермен ғана түсіндіруге әкеліп соғады» дейді.

Сонымен когнитивтік лингвистика - «тілдік білімнің табиғаты және оны қалай қолдану кеpектігін меңгеретін ғылым». Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы XX ғасырдың I жартысынан басталған, ғылыми негізі сұрыпталған, өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бip жүйеге түскен ілімдер қатарына жатады (Оразалиева Э.Д., 4).

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1

  1. . Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қальптасуы мен дамуы. Ғылыми монография. -Алматы, 2007.-312 б.
  2. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. -Минск, 2004. -256 с.
  3. Жұбанов К. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999.-581 Б.
  4. Аманжолов С. Қазақ тіл теориясының негіздері. - Алматы: Ғылым, 2002. - 368
  5. Жаманбаева К. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері эмоция, символ, тілдік сана. -Алматы: Ғылым, 1998.-140 б.
  6. Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. -Алматы, 1996. -207 с.
  7. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер. с нем. -М., 2000. - 400 с.
  8. Сепир Э, Избранные труды по языкознанию и культурологии. —М., 1993. — 656 с.
  9. Краткий словарь когнитивных терминов. //Под общей редакцией Е.С.Кубряковой. М.. 1996. -245.
  10. Уорф Б. Л. Отношение норм поведения и мышления к языку. Новое в лингвистике. Вып. I. -М 1980. -60 с.
  11. Даниленко В.П. Языковая картина мира в гипотезе Сепира-Уорфа. -М.? 1999. - 120с.
  12. Серебренников Б.А. Язык и мышление. -М.: Наука, 1988. -254 с.
  13. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік cypeтi (салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдени сараптама). Докт ...дис. қолжазбасы. -Алматы, 2004. -324 б.
  14. Загидудлина А.А. Основы моделирования языковой картины мира. -Алматы, 2004.
  15. Байтурсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тiлi, 1992. -264 б.
  16. Аймауытұлы Ж. Жан жүйесі мен өнер таңдау. -Алматы: Жалын, 1993.
  17. Жұмабаев М. Психология. -Алматы, 1993. - 269 б.
  18. Леонтьев Л Л. Основы психолингвистики. -М.: Высш. шк., 1997. -270 с. Ю.Жинкин IIII. Речь как проводник информации. -М.: Наука, 1982. -160 с.
  19. Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тіл синтаксисінің прагматикалык acneктici. Алматы, 2001. -194 б.
  20. Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. - М: Наука, 1987.
  21. Выготский Л.С. Собрание сочинений. В 6 т. Т. 2. Проблемы общей психологии. - М.: Педагогика. 1982. 504 с.
Қысқаша шолу
Пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Көлемі: 5 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз