Вы здесь

Мектеп жасына дейінгі кемістігі бар балалар психологиясы

09 мая 2013 | 31943

Жоспар

КІРІСПЕ
1. КЕМІСТІГІ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДА БЕЙІМДЕЛУІ
1.1. Кемістіктің психо-физиологиялық негіздері
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар дамуы бұзылуының негізгі түрлері
1.3 Ақыл-есі, көру, есту, сөйлеу, қимыл қозғалыс кемсітіктері бар мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық мінездемесі
1.4 Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету
2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың даму ерекшелігін арнайы әдіс-тәсілдер арқылы зерделеу
2.2 Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары және арнайы білім берудің ұйымдастырылу түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген психологтарды ерте балалық шақ мәселесі қызықтыруда. Бұл қызығушылық кездейсоқтық емес. Бала өмірінің алғашқы жылдары сол кезеңнің қарқынды даму сатысына жатады. Баланың денелік дамуы, психологиялық және денсаулық деңгейінің негізі салынады. Осының нәтижесінде мүмкіндіктер ағымы қалыптасады, баланың болашағы айқындалады. Әлі туылмаған бала - ол адамның қалыпты тіршілік иесі. Ананың әлі туылмаған баланың дамуына қатынасы тікелей маңызды. Жүкті болғаннан кейінгі ананың балаға қатынасы, махаббаты оның туылуымен байланысты. Ананың туылмаған баламен қатынасқа түсуі, баланың психикасының дамуына ықпал етеді.

1983 жылдың шілдесінде доктор Верни бес жүз әйелге сұрақнама жүргізді, ондағы көрсекіш бойынша әрбір үш әйелдің біреуі көтеріп жүрген баласының психикасы туралы ойланбаған. Осы жағдайда дүниеге келген балада жүйке жүйесінің бұзылғандығы байқалған. Мұндай балалар нәресте кезінде басқа балалардан көбірек жылайды. Сондай – ақ олар бейімделу кезінде де қоршаған ортаға үйрене алмай, қиындықтар көрген. Нәресте кезінде балаға өз уақытындағы мүмкіндікті қалыптастыру мен психологиялық сапаны көтеру қажет. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі, қайталанбас қадірі, өзіне тән даму деңгейі қалыптасады. Осыған орай мектепке дейінгі балалар мекесесіндегі кеңес берушілер бала дамуындағы әртүрлі бұзылулардың деференциялды диагностикасынан хабардар болып, жаңа психология әдістерін жүргізуде маңызды болып табылады[1].
Адамның жеке басын біртұтас организм деп қарастыратын психологиялық жүйеде кемтарлықтың орнын толтыру жайындағы мақсатты ой басты орын алады.

Кемістік әлеуметтік жағдайда ғана болатын ғана емес, сонымен қатар ол күш қуат, қабілеттілік екендігін психолог-педагогтар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп заң ретінде қалыптасқан пікірлер бала соқыр болса да, көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ұмтылады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органикалық кемістіктерді анықтау жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын маңызды істің бірі болып табылады.

Адлер адам бойындағы жетіспеушіліктің диалектикалық өзгеруіндегі психологиялық заңдылық оның өздігінен сезініп, сол кемістікткерінің орнын толықтыруға ынталану әрекеттерін түсіндіріп береді. Бұл көзқараста психологияны биологиямен, әлеуметтік ғылыммен жақындастыру ниеті айқын байқалады.

Кез- келген организімнің тіршілігі биологиялық жағдайға бейімделген. Ал адамның тіршілік бейнесі әлеуметтік жағдайдың талаптарына бағытталған.Осы орайда Адлер «Біздің көздеген мақсатымызға жету үшін ойланып толғанамыз, сезіп- білуіміздің бәрі де қажеттігімізді қанағаттандыру болып саналады» дейді[14-28].
Жалпы кемістіктің орнын толтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан биологиялық теріс түсініктерден арылту. Мұндай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс мүшелердің қызметін қатар атқарып кетеді деген пікірге тоқталады. Мысалы, сипау сезімі мен есту сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып, оны толықтырады дейді.

Бала кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі бала психикасының даму шамасына орай жасалынатын әдіс – тәсілдер және оның кемістігін толықтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жайтты ескеріп, олармен санасып отырғанда оған кеміс баларадың бойындағы олқылықтарды толықтырудың әдіс- тәсілдерін қарастырып, оларды жүзеге асыру жолдары іздестіріледі.

Психологияда балалардың кемтарлығы жайындағы өзекті мәселені әлеуметтік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды қажет етеді. Біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселе - дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Жалпы бір сөзбен айтқанда психологиялық тұрғыдан мүмкіншілігі шектлген балалар мінез-құлқын дамыту жұмыстарының принцептері дені сау балалармен бірдей болып келуі де ықтимал [9-37].

Кеміс балаға тек ауру жағынан ғана қарау біздің теориямызбен практикамызды теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан- жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасы соқыр, қаншасы саңырау тағы басқа өзге де кемістіктерін анықтап олардың денсаулық деңгейін жете анықтаудың жолын іздейміз.
Өз тарапынан арнаулы мектеп әлеуметке кері, қоғамға қарсы тәрбие беретін сияқты. Біз кеміс балаларды мұндай ортадан кең әлеуметтік тіршілік ортасына алып шығуымыз керек. Келешекте кемтарлар сау адамдармен бірге өмір сүріп, олармен араласып, жалпы білімдік мектептерде оқулары тиіс.

Жалпы осы кемтарлықты жою мақсатына мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап олармен дұрыс қарым – қатынас жасау, анықтау, түзету жұмыстарын толыққанды ұйымдасытрылуы шарт болып отыр. Осы іс-әрекет жүзеге асырылған жағдайда ғана олардың өмір тіршілігіне көмектесу адамгершіліктің айқын көрінісін берген болар еді.
Зерттеудің мақсаты: Дамуында ауытқуы бар бала кемістігін, басқа мүшелердің көмегімен толықтырып психикасының даму шарасына орай тәрбие талаптарын ұйымдастыру, даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығу жолдарына бағыттау.
Зерттеудің міндеттері:

  1. Әр түрлі ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу існде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп олардың ауытқуларын психо- физиологиялық тұрғыдан толықтыру мүмкіндігін тудырып отыруды ұйымдастыру.
  2. Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету жолдарын қарастыру .
  3. Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортаға тез икемделіп араласып кетуін ұйымдастыру.

Зерттеу пәні: Мүмкіншілігі шектелген балалардың даму ерекшелігін анықтауда әдістер мен шарттар жиынтығы .
Зерттеу нысанасы: Павладар қаласы «Үміт» балалар үйі. Мектепке дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалар.
Зертеу әдістері: .Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориалық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу, ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану. Дамуында ауытқуы бар балалардың қабылдау деңгейін, бір- бірімен қарым- қатынасын, қоршаған ортадағы орнын анықтауда психологиялық әдістерді қолдану.

Зерттеу болжамы: Егер мектепке дейінгі балалар үйлерінде мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу ісінде, психолог, педагогтар баланың жан дүниесінің күйзелісіне терең ой жүгіртіп, баланың бойындағы аутқуын жетімсіздік деп қарамай, ынталандыру, кемістіктерді толықтыру, түзету жолында психологиялық әрекеттері жүзеге асырылса, онда мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортада өз орнын табуда, кемістіктерінің орнын толықтыруларына қиындық болмай, толық қанды жеке тұлға ретінде қалыптасқан болар еді .
Зерттеу кезеңдері: 2012 жылдың 15қазан 16-ші қараша аралығындағы кезең.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С.Выготский «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы», Г.Л. Пубовский «Аномальды балалар дамуының психодиагностикалық мәселесі», В.А.Запорожец «Баланың психологиялық дамуы», И.А. Соколянский «Нәрестенің психикалық дамуы» және т.б. зерттеулері.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зертеуде мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың психикалық дамуы анықталынып сандық және сапалық нәтиже шығарылды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, көлемді екі тараудан, қорытындыдан, ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 10000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 55 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу