Вы здесь

Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекеті

09 мая 2013 | 21777

Жоспар

КІРІСПЕ
1 . АУЫЗША СӨЙЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сөйлеу әрекеті, оның түрлері
1.2 Ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздері
1.3 Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселесінің теориялық зерттелінуі
1.4 Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық-психологиялық факторлар
2. СӨЗДІК ҚОРДЫ БАЙЫТУ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕУ
2.1 Оқушылардың тіл мәдениетін, сөздік қорын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
2.2 Эсперименттік зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері
2.3 Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйесі
2.4 Халық педагогикасында қалыптасқан балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Барлығымызға мәлім болғандай, адам барлық нәрсені алдағы қажеттілігіне жарату үшін үйренеді. Сол сияқты игерген икемділігі мен дағдысын өзінің шығармашылықпен қолдануына жаттығады. Сондықтан оқытудың негізгі шарттарының бірі - игертілген білім, икемділік пен дағдыларды, яғни тілді өз тәжірибесіне пайдалану. Ал тілді тәжірибеде пайдалану - сөйлеу, яғни қарым-қатынас жасау.

Ауызша сөйлеу әрекеті жазумен байланысты игертіледі, сондықтан оқушылар ауызша, жазбаша тілдің ерекшеліктерімен, стилімен, жанрларымен таныстырылады. Сабақтарда оқушылардың сөздік қоры толықтырылып, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін игеру арқылы белсеңді сөздіктері дамиды - мәтінді түсініп оқу және оның мазмұнын шығармашылықпен айтуға дағдыландыру арқылы тіл мәдениеті қалыптастырылады.

Еліміздің «Білім туралы заңы» тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп, 5 баптың 2-ші тармағында: «Меншік нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбір білім деңгейі үшін мемлекеттік жалпы стандартқа сәйкес мемлекетгік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды» міндеттейді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер орта мерзімді кезеңге арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ, ол бірінші кезекте қазақстандықтардың білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр» - деп, білім сапасын арттырудың маңызын көрсетеді.[1]

Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік тілдің біріктіруші факторға айналуы жөнінде нақты талаптар қояды: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндеттер қояды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына байланысты ауызша сөйлеу өзінің қызметін өрістете түсуге мүмкіндік алды. Қазақ тілі тұрмыс аясында ғана емес, басқару орындарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру, оқу-тәрбие жүйесінде кеңінен қызмет ете бастады. Бұқаралық электронды ақпарат құралдарының қазақ тілінде беретін хабарларының уақыты бұрынғыдан әлдеқайда артты.
Бірақ адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен электронды ақпарат хабарларында ауызша сөйлеудің орфоэпиялық нормаларының сақталына бермейтіні байқалады. Оны орфоэпиялық сөздікте: «Алайда қазіргі кезде ауызша қолданылу мәдениеті аса жоғары деуге болмайды», - деп көрсетілген.

Сондықтан теле, радио хабарларының шығармашылық қызметкерлері мен дикторлар, жоғары оқу орны аудиторияларындағы лекторлар, сахнадағы актерлер, өндірістік қызметтегі мамандар, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар сөзді дұрыс ырғақпен, үйлесіммен, үндесіммен дыбыстай алмай жататын жайттар жиі кездесіп жүр. Әсіресе, бұл жай танымы мен ойы, тілі мен білімі даму үстіндегі мектеп оқушыларының қатысым әрекетінде жиі байқалса, олардың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Өйткені әрбір айтылған ой, баяндалған білім, берілген ақпаратты дұрыс қабылдау тыңдап түсінуге байланысты. Егер жеке сөз мағынасы, сөз тіркесі мен сөйлемдегі пікір мен ой, мәтіндегі мазмұн тиісті орфоэпиялық немесе орфографиялық нормада айтылып не жазылып қолданылмаса, тілдік қарым-қатынас өз дәрежесіңде жүрмей, қатысым әрекеті нәтижесіз аяқталады. Сондықтан оқушылардың дұрыс сөйлеуіне бағыт-бағдар көрсететін әдістемелік зерттеулер мен құралдар қажет.

Ауызша қатысым адамдардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік тұлғалардың сөзге, сөйлемге айналып, дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен бірге ауызша қатысымда тілдік қатынастың әртүрлі қызметін (эмоциялық, экспрессивтік, байланыстырушылық т.б.) іске асырылады. Бұл дауыс ырғағына, күшіне, тембріне, интонациясына т.б. байланысты. Сондықтан оқушыларды ауызша қарым-қатынасқа үйретуде сөйлеу әрекетіне жаттықтырылады.

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты былайша анықталған: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп есептелген. Ал оқытудың басты міндеттері екі бағыт бойынша анықталады, біріншісі, танымдық бағыт бойынша «оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдірумен» бірге «оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру» деп белгілесе, екіншісі тәжірибелік бағыт бойынша, «оқушыларға әдеби тіл нормаларын меңгерту мен тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету» деп есептелген.
Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың ауызша сөйлеу әрекеті.

Зерттеу жұмысының объектісі: Оқушылардың оқу үрдісі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдай отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:

  • Сөйлеу әрекетінің түрлерін талдау.
  • Ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздерін ашып көрсету.
  • Оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруда және дамытуда мұғалімнің ролін көрсету.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:
Диплом жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін терең түсіну мақсатында білім беру жүйесінде қолдануға ықпал етеді.

Зерттеу әдістері: теориялық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесін көрсету. Теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер – бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.

Зерттеу жұмысының базасы: Астана қаласы №57 мектеп гимназия.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тіл мәртебесі көрсетілген. Бірінші бөлімде сөйлеу әрекетінің түрлері, ауызша сөйлеу әрекетінің психологиялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін факторлар және оқушылардың сөздік қорын, тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер сипатталған. Қорытындыда тілдің қоғам мен жеке адамның өмірінде ерекше орын алатындығы көрсетілген.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 58 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу