Вы здесь

Кемтар балалар сезімі және эмоциясының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

15 июня 2013 | 13890

Жоспар

КІРІСПЕ..................................................................................................... 3

1. КЕМТАР БАЛАЛАР СЕЗІМІНЕ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Эмоция және оның балалық шақта дамуы....................................... 6
1.2 Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы...................... 13
1.3 Аномальды бала сезімінің дамуына мінездеме, эмоцияның аномальды лар өміріндегі маңызы..........................................................
18

2 . БАЛАЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН АУЫТҚУШЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақыл – есі кем оқушылардың эмоциялық жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беру.............................................................
22
2.2 Шизофреник, эпилептик, п.д.к. балалардың өміріндегі сезім мен эмоцияның алатын орны
23
2.3 Тірек – қозғалыс аппараттары бұзылған балалар психологиясы, соқырлар мен кереңдердің сезімдерінің, эмоцияларының ерекшеліктері............................................................................................

26

3. ДАМУЫ АУЫТҚЫҒАН БАЛАЛАРҒА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
3.1 Психикалық дамуы кідірген мептепалды топ балаларының эмоционалды ахуалдарын анықтау.........................................................
32
3.2 Жеткіншек жастағы соқыр балалардың оқу іс - әрекетіндегі сезім мүшелерін қолдану ерекшеліктері................................................
34
3.3 Керең оқушылардың отбасы мүшелеріне деген эмоционалды қатынастарын зерттеу..............................................................................
38
3.4 Констатирлеуші зерттеу эксперименттері мақсаты, міндеті мен әдістемелері..............................................................................................
44
3.5 Психомоториканы зерттеу әдістемелері.......................................... 56

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................... 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................ 65

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................... 68

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, дамуы ауытқыған кемтар балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала бақшалар ашылды.

Қазіргі кезде «балабақша-мектептер» әртүрлі психология-педагогикалық бағдарламадағы көмектер алуда. Кемтар балалардың әр біреуін өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өмірдегі орнын таба білуге үйрету үшін алдымен өзін-өзі тану тақырыбына байланысты жаттығулар, тренингтер, баяндамалар оқылуы қажет.

Кемтар балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоционалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының шығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.

Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен-ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.

Эмоцияның бала өмірінде дамуы жайлы әр кезеңдегі балаға мысал келтіре отырып, салыстыру түрінде Ч. Дарвин, Г.Рибо, Г.Спенсер, Н.Н. Ланге, У. Кеннон, Э.Клапар, В. Гюго т.б. жазса, психикалық дамуы кешеуленгендердің жалпы эмоциялық ахуалдары жөнінде А.В Запорожец, П.Я Трошин, И.Куртман, С.Л.Рубинштейн, Л.Н.Каменский, Т.А. Власова, М.С.Певзнер, И.Б.Шевченко, Лапшин т.б. жазды. Сондай –ақ анамальды балалардың эмоционалды қозғыш болуының себептері жайында ғалымдар тарапынан мәселелер көтеріліп, идеялар ұсынды. [22.43]

Кеміс балаларға тәрбиеші, ата-аналар тарапынан білім беріп, эмоцианалды жетілулеріне шығармашылық жұмыстарды ғана жүргізген жеткіліксіз. Сонымен қатар баланың эмоцияналды дұрыс жетілуі үшін алдымен өзінің тілегінің, талпынысының болуы қажет. Жүргізілген зерттеулер көрсекіші бойынша дамуы кешеуленген балаларды тәрбиелейтін мектептердің кейбіреуі әлі де балалардың өміріне эмоционалды әсер етулер анағұрлым маңызды екендігін түсінбей отырғанға ұқсайды.
Кіші мектеп жасындағы кемтар балаларға арналып ұйымдастырылған психикалық ойындар өте аз. Шығармашылық әрекетке бейімдеу, ақыл-ой әрекетін белсендіру тәсілдедері шектеулі ғана. Мектеп жасындағы керең балалардың отбасындағы эмоционалды қатынастар мәселесі әлі күнге шейін арнайы психологияның зерттеу пәні болған емес. Бұл сұрақ Е.И.Исенин, Б.Д.Корсунский, В.Петшок т.б. психологтардың зерттеулерінде кіші балаларға арналып қарастырылған болатын [9.40.44.48].

Кемтарлықпен туылған балаға тәрбиелеушілер тарапынан білімді жан-жақты беру, оларға өз-өздерін кемсітуге жол бермеу және өз-өзімен жетіліп, дамуына көмек көрсету баланың эмоцияны дұрыс меңгеріп, қабылдауына арнайы ашылған үлкен бір жол.

Сондықтан да кеміс балалардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер алғымыз келетін болсақ, кез-келген маман-психодиагност немесе психолог алдымен баланың эмоционалды күйіне үңілген дұрыс. Біз кемтар балалар эмоциясының дамуы мен ерекшеліктерін өзекті мәселе ретінде қарастырып, ол жайлы жазған ғалымдардың еңбектеріне сүйене келіп, дипломдық жұмыс тақырыбын «Кемтар балалардың өміріндегі сезім мен эмоцияның маңызы» деп атауды жөн көрдік.

Зерттеудің мақсаты: Кемтар балалар өміріндегі сезім мен эмоцияның алатын орнын біртұтас өлшем ретінде қарастыру тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: Дамуы ауытқыған кемтарлардың өміріндегі сезім мен эмоцияның алатын орнын анықтап, даму ерекшеліктерін жетілдіру үрдісі.

Зерттеу пәні: Кемтар туылғандар сезімі мен эмоциясы мазмұнының теориялық мәселелері мен тәжірибелік жақтары.

Зерттеу болжамы: Егер кемтарлардың эмоционалды ахуалды қабылдаулары мен барлық іс-әрекеттер кезінде жан-жақты жетілулерін анықтауды ұлттық ерекшеліктерге сай бейімдеп, зерттеу әдістерді қолдану аясын кеңейтсе, онда сезімдік - эмоциялық дамудағы даралық ерекшеліктер сипаты айқын аңғарылар еді. Нәтижесінде: сезім мен эмоцияның кемтар бала өміріндегі орны, ерекшеліктері, өзгешеліктері анықталып, ол баланың кеңістіктен қабылдаған жағымды және жағымсыз әсерлерін реттеуде оң нәтижелер берер еді

Зерттеудің міндеттері:

  1. Кемтар балалар психологиясы мен олардың өміріне тарихи шолу жасап, эмоционалды әрекеттерінің қалыптасу кезеңдерін анықтау;
  2. Кемістер сезімі мен эмоциясы мазмұнының құрылымдық ерекшеліктерін белгілеп, әрқайсысына жеке сипаттама беру арқылы оларды теориялық тұрғыдан негіздеу;
  3. Кеміс балалардың жағымды және жағымсыз эмоционалды әсерлерінің жас мөлшері мен ерекшеліктеріне қатынасын эксперименттік зерттеулер арқылы ашу;

Зерттеу әдістері: Теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер: бақылау, әңгіме, ойын; психодиагностикалық зерттеу мен деректерді сапалы өңдеу.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Кемтар балалар эмоциясының барлық шақта дамуы жайындағы тұжырымдамалар (Г.Рибо, Г. Спенсер, Н.Н. Ланге, У. Кеннон, Э. Клапар, В. Гюго т.б.); Аномальды даму ерекшеліктері туралы тұжырымдамалар (А.В Запорожец, М.С.Певзнер, И.Б.Шевченко).
Зерттеудің теориялық маңызы: Кеміс балалардың сезімі мен эмоциясы, олардың даму ерекшеліктері мазмұнының қалыптасу жолдарын зерделеу, сондай-ақ дамуы ауытқығандар эмоциясын түзету диагностикасының басты өлшемі ретінде әр жастағы кемтар балалар дағдарысын негіздеу.

Зерттеудің тәжірибелік мәні: Ғылыми жұмыс зерттеуінде қолданылған әдіс-тәсілдер кемтар балалардың арнайы мектептері мен мектеп интернаттарында, кеміс балалар үйінде эмоционалды ақуалдарды анықтауда, нақты диагностикалық өлшем болады әрі біртұтас, жүйелі оқу материалы ретінде қолданылады.
Зерттеу орны: Астана қаласы «Мүмкіндігі шектелген балалар мектеп-интарнаты».

Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеудің теориялық негіздері анықталды, педагогикалық – психологиялық, ғылыми әдістемелік жұмыстар теориялық тұрғыдан талқыланды. Нәтижесінде ғылыми – категориялық аппарат құрылды. Кемтар балалардың сезіміне және эмоциясына сипаттама беріліп, эмоцияның аномальдылар өміріндегі маңызы анықталды.
Екінші кезеңде дамуы ауытқыған балаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Үшінші кезеңде алынған нәтижелер жүйеге келтіріліп, жасалған қорытынды негізінде аномальды балалармен жұмыс жасау мекемелеріне ұсыныстар берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайданылған әдебиеттер тізімі мен ұсыныстар соңында беріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 700 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 69 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу