Вы здесь

Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері

22 мая 2016 | 1503

Жоспар

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

І. ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ................. 7
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде талдануы.....................................................................................................................7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту мәні және мазмұны.................................................... 21
1.3 Оқушылардың ертегі арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың мүмкіндіктері...........................................................................................................31

ІІ. ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ
ТӘЖІРИБЕЛІК–ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР........................................ 49
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын диагностикалау........................................................................................................49
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі....................................................................58
2.3 Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері.............. 66

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................71

1-ҚОСЫМША «Ақ бидай» ертегісі тақырыбындағы сабақ.............................73
2-ҚОСЫМША «Ертегі ойлап табайық» ойыны.................................................75
3-ҚОСЫМША Ертегілерге жүргізілетін сабақ үлгілері...................................76

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамуытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын анықтайтын ғылыми - теориялық, методологиялық құжат болып табылатын, мемлекет тәуелсіздігінің нығаюын, елдің қарқынды дамуының негізі ретінде білім беруді дамыту концепциясында орта білім берудің мақсаты анықталған. Ол рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін, өз елін мақтан тұтатын, еркін бағдарлана алатын, өз еркімен маңызды шешім қабылдай алатын, адамгершілігі мол, білімді, саналы, іскер және қазіргі қоғам дамуына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың ендігі жерде басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу процесі баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді. Адамның өмірі мен іс-әрекетінде танымдық қызығушылықтың алатын орны өте зор. Оның тілді игеруі, қоршаған дүние жайындағы білімдерін қалыптастыруы, адамдық мәдениет әлеміне араласуы, мінез-құлық нормаларын игеруі, белгілі бір әдет дағды мен іскерлікті меңгеруі үшін балалық шақта танымдық қызығушылықты дамыту қажет. XVI ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше атап көрсетті. «Оқушыға мұғалімнен алған білімін түгел сүзбеден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Нәтижесінде білімге қызығушылығы, құштарлығы дами түсетіні сөзсіз», - деп атап кеткен. Педагогика ғылымында оқытудағы қызығушылық мәселесі бүгінгі күннің ғана жаңалығы деуге болмайды. Ол көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.Ф.Бунаков) назарында болса, кейбір ғалымдардың зерттеулерінде (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Р.Г.Лемберг, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко) қызығушылық мәселесі жан – жақты талданған. Таным, қызығушылықты қалыптастыру қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде (Н.Д.Хмель, Г.К.Байдельдинова т.б) қарастырылады. Танымдық қызығушылық қалыптастыру маңызын бірқатар педагогтардың И.Я.Лернер, Б.Г.Ананьев, М.А.Данилов, М.И.Махмутов, Бабанский Ю.К, Б.П. Есипов, Г.И.Щукина, Т.И.Шамова, және т.б. еңбектерінде зерттелген. Республикадағы ғалымдар Ж.А.Қараев, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Р.С.Омарова, Қ.К.Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде таным жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда халықтық педагогика құралдарының, соның ішінде ертегі рөлін анықтау әлі терең зерттелмей келеді. Халқымыздың ауызекі шығармаларының бірі ертегілердің бала тәрбиесінде пайдалануы көптеген ғалымдардың зерттеулерінің объектісі болып отыр.
Оның өсіп келе жатқан ұрпағымыздың тәрбиесінде пайдалану маңыздылығы отандық және шетел педагогтары (В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко), қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт, Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи) қазақ жерінің ғұлама ағартушылары (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев т.б ) өз еңбектерінде қарастырған болатын. Сонымен қатар, бұл мәселе төңірегінде тағылымдық идеялар қазақстандық ғалымдардың (Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, Р.Төлеубекова т.б) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, педагогика ғылымдарының кандидаты Едигенова А.Ж. осы тақырыпта зерттеу жүргізіп, ертегілер арқылы танымдық қызығушылықты дамытудың әдістемесін ұсынған болатын.
Дейтұрғанмен, қарама - қарама қайшылықтар кездеседі:
- мектептерде бастауыш сынып оқушыларының сабақ жоспарында ертегі аз қамтылатыны;
- ертегілердің тағылымдық мүмкіндіктерін бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында жүйелі пайдаланбау арасында;
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуда ертегілерге жасалған арнайы әдістемелердің аздығы.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын жетілдіруде ертегілерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселенің негізінде біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту» деп таңдадық.
Зерттеу обьектісі: оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру процесі.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сынып оқушыларына ертегілерді меңгертсек, онда олардың танымдық қабілеті, ой - өрісі, қызығушылықтары, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық сезімі дамып, оны меңгеруге деген тұрақты қызығушылықтары қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Ертегі», «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық» ұғымдарын зерттеу және олардың өзара байланысын теориялық тұрғыда қарастыру:
2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының мазмұны мен ерекшелігін анықтау;
3. Ертегілердің бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы қажетті әдістемелік жұмыс жүргізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін: психологтар мен педагогтардың жалпы танымдық қызығушылық жайлы зерттеулері, халық ертегілері, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халқының ертегілерін меңгеру арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесін зерттеудегі тұжырымдамалар құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар), Білім және Ғылым министрлігінің халық педагогикасын, ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалар, оқулықтар, оқу құралдары, қазақстандық және шетел ғалымдарының қазақ халқының рухани мәдениеті жайлы жазылған еңбектері, мектеп ұстаздарының қазақ халық педагогикасы шығармаларын оқу – тәрбие процесінде пайдалану туралы озық тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, фольклорлық әдебиеттердегі қарастырылған тақырыптарға теориялық талдау жасау, әңгімелесу, оқу процесін бағалау, эксперимент нәтижелеріне баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. «Ертегі» «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық», ұғымдарының өзара байланысының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру маңызы қарастырылды;
3. Казақ халық ертегілерінің бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудағы мүмкіндіктері айқындалды;
4. Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі жасалып, сынақтан өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымын диагностикалау;
2. Ертегілер арқылы танымдық қызығушылығын дамыту әдістемелері.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік - эксперимент жұмысы Арқалық қаласының Ш.Уәлиханов атыңдағы №1 орта мектебінде жүргізілді.
Диплом құрылымы. Диплом кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асыру мүмкіндіктері баяндалды.
«Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдіснамалық негізі» атты тарауда «ертегі», «таным», «қызығушылық», «танымдық қызығушылық», түсініктерінің өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылды, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының мазмұны, өзіндік ерекшеліктері айқындалды. Ертегілердің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды.
«Ертегілер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемесі және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар» атты бөлімде ертегілер арқылы танымдық қызығушылықты дамыту жолдарының мазмұны ұсынылып, зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, жетістіктер мен қорытынды және ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Психология
Көлемі: 76 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу