Вы здесь

Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері

22 мая 2015 | 2270

Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................6
1 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫЌ НЕГІЗДЕРІ................10
1.1 Жасөспірімдік шақтағы оќушылардың өзін-өзі баѓалау ерекшеліктерінің психологияда зерттелуі.........................................................................................10
1.2 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің мәні..........................................................................................................................19
1.3 Жасөспірімдік шақтаѓы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің дамуы......................................................................................................................20
2 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ.................................................30
2.1 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастыру жєне оның әдістемелері...............................................30
2.2 Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерінің қорытындылары...........................................................40
Қорытынды............................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................68

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпаќ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттыќ жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Тұжырымдамалардың басты теоретиктері (Карл Роджерс, Д.Гербертмид, А.Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Дж.Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) [1] өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.И.Липкина, И.И.Чеснакова т.б.) [2].
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б.Б, Сафин З.В, Спичак С.Ф. т.б.) [3].
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова, С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді [4]. Қазіргі қоғамда жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Ќ.К.Жампеисова, Жарықбаев, Р.Т.Мендалеева, А.К.Рыспекова, А.Е.Берікханова, Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, П.П.Блонский, Дж.Брунер, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, Э.Ф.Голубева, А.Н.Леонтьев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин, А.И.Липкина) [5-21] еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мәнін анықтайтын бағалау әрекетінің ќұрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс, әрі іс-әрекет, әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы және қызмет ету аясы ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке тұлғаның қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек ұрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, әлеуметтік тәрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап етеді.Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік дамуы жеке тұлғаның жетілуін, белсенділігін қалыптастыруға жоғары талаптар қояды. Жеке тұлға қалыптасуының маңызды факторы өзін - өзі бағалау болып табылады. Жасөспірімде өзін - өзі бағалауды қалыптастыру мәселесі – оның тұлғасының дамуын анықтайтын маңызды мәселе. Міне, сондықтан да жасөспірім шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері мәселесі психологтардың назарына алынып, бүгінгі күн талабына сай мәселелердің бірі болып отырады.
Өзін - өзі бағалаумен байланысты мәселелер кеңестік кезең зерттеушілері – Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, В. В. Давыдовтың, Л. И. Божович, Э. Эриксонның, М. С. Тайчиновтың [22-27] т.б., сондай – ақ шетел зерттеушілері – Р. Бернс, Куперслиздің, Скоттың зерттеген еңбектерінде жан – жақты қарастырылған [28].
Жасөспірімдердің оқуда жоғары қабілеттілігін көрсетуде олардың талпынысына қызығушылық білдіріп отырса балада өзін - өзі бағалау жоғарылайды. Өзін - өзі бағалау төмен жасөспірімдер өз дамуында көптеген мәселелермен қақтығысады, яғни психологиялық күйзелістерге ұшырау, қоғамға қарсы тәртіппен айналысу, құрбы – құрдастарымен қарым – қатынастағы түрлі мәселелер, оқу үлгерімінің төмендеуі. Әрине, мұндай көрсеткіштер баланың білім алуында, құрбыларымен қарым – қатынасында, қоғамда жақсы рольге ие болады деген сенімді жоғалтуға мәжбүр етеді. Оқу дағдыларын мезгілінде меңгере алмаған оқушы оқуды әрі қарай жалғастыра алмайды. Сондықтан да баланың мектепте үлгілі оқушы деген атқа ие болуға талпындырып, өз ортасында ролінің төмендеуіне жол бермеу қажетті шығар. Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктерін қарастыру – соның дәлелі, айғағы.
Зерттеудің мақсаты: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін теориялық мәселе тұрғысынан және тәжірибелік әрекет ретінде қарастыруды ғылыми түрде негіздеу.
Зерттеудің нысаны: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін анықтау үрдісі.
Зерттеудің пәні: жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері мазмұнының теориялық мәселелері мен тәжірибелік жақтары.
Зерттеудің болжамы: егер өзін - өзі бағалау құрылымын қалыптастыруда жасөспірімнің өзі жайлы терең білуін, өз мүмкіншілігі, іскерлігін және жеке сапаларын өздігімен бағалауға үйретуді, өзін - өзі бағалауды адамның басқа психикалық көріністерінен ажыратпауды, өзіне әділ баға беруге үйретуді әр мұғалім өз міндетіне алса – бала дамуындағы жетістіктер мен үлкен мүмкіндіктер деңгейі жоғарылар еді. Нәтижесінде: баланың жетістікке жетуге тырысқан іс – әрекетінде өзін - өзі бағалау дамып, ол өз іс – әрекетінің көрсеткіштерін байқап, өзін белгілі талаптарға сай дамытып, өзін - өзі бағалау ықпалымен жеке тұлға ретінде құрылып, жетіледі.
Зерттеу міндеттері:
1) жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің тарихи жасалу жолдарына шолу жасау;
2) жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің бала дамуындағы мәнін ашу, компоненттерін көрсету, сипаттама бере отырып теориялық тұрғыда негіздеу;
3) жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәніне тоқтала отырып, мәнін ашу;
4) жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктеріне эксперименттік зерттеулер жүргізу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: кеңестік кезең зерттеушілері Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдовтың теориялары, пікірлері; зерттеу проблемасы бойынша философтардың, мәдениеттанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектеп практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; автордың дербес зерттеу жұмысы; психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау; психологиялық эксперимент; эксперимент нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеу базалары:
Тәжірибелі-педагогикалық жұмыс Қарағанды қаласының № 68 мектеп- интернат- балабақша жалпы білім беретін кешенінде жүргізілді.
Дипломдыќ жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеу базасы беріледі.
«Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерінің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда өзін - өзі бағалау ерекшеліктерінің психологияда зерттелуі, жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін дамытудың психологиялық мәні қарастырылады.
«Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу» атты екінші тарауда жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері эксперимент арқылы көрсетіледі.
Қорытындыда зерттеу нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 900 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Педагогика
Көлемі: 69 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу