Вы здесь

Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

19 апреля 2015 | 3127

Жоспар

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................10
1.1 «Құзыреттілік» және «кәсіби құзыреттілік», «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін» қалыптастыру ұғымдарының мәні..............................................................................................................................10
1.2 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны және құрылымы.........................................................................................25
1.3 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары .........................................................................................42
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІ-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ .................................................................................57
2.1 Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың формалары, әдістері .................................................................................................57
2.2 Анықтау эксперименті жұмысының нәтижелері ............................................59
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................78

Кіріспе

Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлемдік білім кеңістігіне енуіміз - жоғары, кәсіби білім беретін оқу оындарының алдына бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау үшін адамның құзырлылық қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді. Себебі жаңа формация мұғалімдері кәсіби тұрғыда қалыптастыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы жоғары оқу орындары даярлайтын бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығына байланысты. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы – жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дамыту мен құзырлылықтарын қалыптастыру ол бүгінгі біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Сонымен қатар «Білім ғасыры» атанған ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындады.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу», - деп атап айтты [1]. Қазіргі технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғары білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тікелей қатысты. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы, олардың білікті маман болуы өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген [2].
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты.
Мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі туралы классикалық педагогика өкілдері А.Дистервег, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, және т.б. педагогикалық мұраларында қарастырылған. Сонымен қатар, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, және т.б. қазақтың біртуар зиялы азаматтары да мұғалімдердің білімін көтеруіне, әдістемелік дайындығына атсалысқаны белгілі [3;4;5;6;7;8].
Мұғалімнің қалыптасуы сол кезеңдегі білім жүйесінің дамуымен тікелей байланысты. Қазақстанның білім саласының жағдайы мен мұғалімдерді даярлау мәселелері: болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыда дайындау (А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Ә.А.Молдажанова, А. Нұғысова және т.б.); экологиялық тұрғыда дайындау (М.Н.Сарыбеков, Қ.М.Беркімбаев және т.б.); болашақ мұғалімдерді дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасы рөлінің, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д.Хмель, А.А.Бейсенбаева, А.С.Карбаева және т.б.) жан - жақты зерттелген [9;10;11;12;13;14;15;16;17].
Соңғы жылдары жоғары оқу орнында бастауыш сынып мұғалімін дайындайтын 5В010200 –«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты жетілдіріліп, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары нақтыланып, бірқатар өзгерістер енгізілгенімен, дене шынықтыру мұғалімін дайындау мәселесі әлі де болса қайта қарауды қажет етеді, өйткені дене тәрбиесі мұғалімін даярлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бастауыш сынып мұғалімінің барлық жағынан – жаратылыстану бағытында да, гуманитарлық бағытта да жетік, кіші жастағы оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін меңгерген, баламен тіл табысып жұмыс істеудің шебері, бастауыштағы барлық пәннің әдістемесін меңгерген, кәсіби құзыретті болуы қажеттігінен туындайды.
Құзыреттілік теориясы М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [18;19;20].
Қазақстанда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін К.С.Құдайбергенева ( құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізі), Ш.Х.Құрманалина (колледж жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау), Б.Т.Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж.Меңлібекова (болашақ мұғалімінің әлеуметтік құзыреттілігі және т.б. ғалымдар зерттеген [21;22;23].
Дегенмен, педагогикалық білім беру теориясына сүйене келе, мектеп тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, бастауыш сынып мұғалімінің әлі де болса күннен күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуге дайын еместігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар мектептегі оқыту іс-тәжірибесіне жүргізілген талдау соңғы жылдары оқушылардың көбінің мектеп бітірерде өткізілетін бірыңғай ұлттық тестілеуден, шығармашылық емтихандарды тапсырудан нәтижеге қол жеткізетіндігіне сенімсіздігі мен дайындықтың өз дәрежесінде болмауынан колледждерге, техникалық мектептерге көптеп кетіп жатуы мектептің білім негізі орта, жоғары сыныптарда талап етілетін білімге сай болмай отырғанын байқатады. Мұның бір себебі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни олардың пәндерді оқытуды тек бағдарламалық материалдар беру деп түсінуі, әр пәннің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытудағы мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының төмендігі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 5000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Педагогика
Көлемі: 67 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу