Вы здесь

Колледж оқушыларының ұлттық тәрбие беру жолдары,маңызды ерекшеліктері

24 ноября 2014 | 4784

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі жаһандану үрдісінде еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарынан көрінуге және экономикалық еркін аймаққа мүше болуға ұмтылысы, білім беру жүйесінің Балон декларациясына сәйкес, әлемдік білім кеңістігіне кіруі біздің алдымызға маңызды міндеттер жүктейді. Еуропалық және Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның географиялық-саяси орны, ана тілімізбен, ұлттық мәдениетіміздің қазіргі жай-күйі, еліміздің көп мәдениттілік, көп конфессиялық сипаты ұлт тәрбиесінің даналығынан,философиялық ой тұжырымдарынан, тәуелсіз ұлттық білім мен тәрбие жүйесін құруды талап ету міндеттерден туындайтыны сөзсіз. Олай болса, әлемдік жаһандану ұлттық тәрбие үрдісі тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес, әлемдік деңгей тұрғысынан зерттеуді қажет ететін бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады. Елімізді дамытатын негізгі күш бүгінгі жаста» - деп атап көрсеткен болатын [1,120]. Осыған орай бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман талабына сай тәрбие беру, оның мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен міндеттерін қайта қарастырып, жаңарту қажеттігі күн сайын артуда.

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, жаһандану-объективті, көп қырлы және күрделі жағдай. Ол мемлекетаралық біртұтастықты арттыратын, ортақ экономикалық, саяси, мәдени тәрбие қалыптары мен ережелердің бірыңғай жүйесін кіріктіретін әлемдік қауымдастық.

Арнаулы оқу орындарында жаһанданудың ықпалы барысында халықтық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге арнаулы орта оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында жаһандану жағдайында колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтары ықпалын ескеріп тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде білім алушылардың ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы жастарға тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың арнаулы оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Сондықтан колледж білім алушыларының оқу-тәрбие процесін жаһандану жағдайында колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарының ықпалы негізінде ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.

Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Колледж оқушыларының ұлттық тәрбие беру жолдары,маңызды ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: колледж білім алушыларын қалыптастыруда ұлттық тәрбие мен құндылықтар ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.

Зерттеудің нысаны: колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтары

Зерттеудің пәні: жаһанданудың ықпалы негізіндегі арнаулы оқу орнындағы ұлттық құндылықтар тәрбиелеу процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер арнаулы оқу орындарында жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалын анықтап, осы орайда оларды оқытып тәрбиелеудің моделін жасап, оқу-тәрбие процесіне ендірсе, онда жастарға жаһандану ықпалына төтеп бере алатын тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені халықтық тәрбие мен құндылықтың ұлттық педагогикалық тәжірибесі адамзаттық тәрбие өзегі.

Зерттеудің міндеттері:

  • жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарының ықпалын анықтаудың теориялық негіздерін ашу;
  • колледж білім алушыларына ұлттық тәрбие мен құндылықтарына жаһанданудың ықпалы ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
  • колледж білім алушыларына жаһанданудың ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалының теориялық моделін жасау;
  • жаһанданудың колледж білім алушыларына ұлттық тәрбие мен құндылықтарына ықпалы негізінде әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық, әдебиеттерге талдау жасау; оқу орындарында жастардың оқу-тәрбие процесін бақылау; білім алушылармен әңгіме жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтары ықпалын анықтаудың теориялық негіздері ашылды;
  • «жаһандану» мен «ұлттық тәрбие мен құндылықтар» ерекшеліктері айқындалды және анықтамалары нақтыланды;
  • жаһандану негізінде колледж білім алушыларына ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалын анықтаудың әдістемесі жасалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: арнаулы оқу орны білім алушыларын тәрбиелеуде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды орта арнаулы оқу орындарының оқу - тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болады.

Зерттеудің базасы: Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

Зерттеу құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
«Колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына жаһанданудың ықпалының ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалының мәні ашылды, сонымен қатар «жаһандану» мен «ұлттық тәрбие мен құндылықтар» ерекшеліктері қарастырылды, колледж білім алушыларына жаһанданудың ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалы барысында теориялық мазмұны жасалып, сипатталды.

«Жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалын зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі» атты екінші тарауда арнаулы оқу орындарында жаһанданудың ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалын анықтау мүмкіншіліктері және оқу-тәрбие процесінде жаһанданудың колледж білім алушыларының ұлттық тәрбиесі мен құндылықтарына ықпалы қарастырылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Экономика
Көлемі: 75 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу