Вы здесь

Агроөнеркәсіп шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігі

17 сентября 2013 | 5653

Жоспар

Кіріспе ….....................................................................................................................6

1 Компанияның қаржылық жағдайын болжамдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық менеджмент түсінігі мен кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні................................................................................................................................9
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі көрсеткіштері ......17
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау мен болжамдау негіздері..24

2 «Қазагроинновация» АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын бағалау мен болжамдау
2.1 Қазагроинновация» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы ..............................................................................................................32
2.2 Қазагроинновация» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау мен қаржысын басқару .......................................................................................................................39
2.3 Қазагроинновация» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметінің негізігі көрсеткіштерін болжамдау.......................................................................................48

3 «Қазагроинновация» АҚ-ның қаржылық жағдайын болжамдау бойынша ұсыныстар
3.1 Қазагроинновация» АҚ-ның қаржылық жағдайын бағалау мен болжамдауды басқарудың функционалдық негіздерін жетілдіру ................................................56
3.2 Қазагроинновация» АҚ-ның қаржы ағымын жоспарлау мен болжамдауды жетілдіру ....................................................................................................................64

Қорытынды..............................................................................................................71

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................74

Кіріспе

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің дамуының ерекше шарттары, аграрлық нарықтың ырықсыздануының артуы шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығының ішкі және сыртқы факторларын жүйелік талдау негізінде өндірістік-экономикалық қызметтің тәуекелді ескере отырып дайындалған ұтымды стратегияларын қалыптастыру мен талдау құралдарын дайындауды талап етеді.

Өнімділіктің тұрақсыздығы және өндірістік ресурстар нарығындағы, әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы бағаның тұрақсыздығы, сонымен бірге кәсіпорындардың қаржы ресурстарының құрылымының оңтайлы болмауы мен олардың жағдайының аграрлық саясаттағы өзгерістерге тәуелділігі – аграрлық саладағы тәуекелдің неғұрлым маңызды көздері болып саналады. Тәуекелді бағаламау мен оны төмендету тәсілдерін дұрыс қолданбау кәсіпорындарды күрделі қаржылық мәселелерге алып келетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Ел Президентінің Қазақстан халқына 2010 жылғы жолдауында да АӨК туралы айрықша айтылып, оның дамуы арқасында еліміз үшін аса маңызды екі міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндетін жүзеге асыру қарастырылған. Сол себепті ауыл шаруашылығы мен тұтастай сала кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін жоғарылату мен тұрақты дамытуда тәуекелді талдау мен оған қарсы тұру әдістерін жетілдіру үлкен маңызға ие.

Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында қаржыларды болжамдау үшін түрлі стратегиялар қолданылуы мүмкін, атап айтсақ: салаларды үйлестіру, өндірісті түрлі табиғи-экономикалық аудандарда орналастыру, жергілікті табиғи-экономикалық жағдайларға бейімделген технологияларды қолдану, сақтандыру, несиелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс табыс көздерін іздестіру. Отандық экономикалық ғылымда тәуекелді төмендетудің аталып өткен стратегияларының әрқайсысын қолданудың теориялық және қолданбалы аспектілері жөнінде зерттеулер аз емес. АӨК экономикасында нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруда тағы да бір маңызды стратегия – өнім өндірісі мен оны сату көлемін тәуекелді ескере отырып уақыт бойынша оңтайлы бөлу ерекше орынға ие болып отыр. Бұл аграрлық нарықтағы бағалардың динамикасының ерекшелігі, бірінші кезекте, олардың маусымдық сипаты тек тәуекелдің көзі ғана емес, өнімді сату саясатын шебер басқарған жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде ұстаудың көзі де бола алатындығымен түсіндіріледі.

Бірақ, қазіргі күні осы тақырып бойынша жекелеген жұмыстарды есепке алмағанда, аграрлық экономикада жиі орын алатын тәуекел мен анықсыздық факторларын есепке ала отырып, осы мәселенің теориялық және қолданбалы аспектілерін жан-жақты және терең зерттеулердің тапшылығы айқын сезіледі. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен АӨК нарығының өзіндік ерекшеліктері осындай зерттеулер жүргізіп, өндірілген өнімнің сатылатын көлемі мен сату уақытын оңтайландыру бойынша тиісті әдістемелер дайындауға кеңінен мүмкіндік береді.

Соған қарамастан, бұрынғы кеңестік үкімет кеңістігіндегі мемлекеттердің экономикасының өзіндік ерекшеліктері жағдайында тәуекел менеджментінің жағдайы мен деңгейі қазіргі экономика ғылымының талаптары мен тәжірибесіне толық сәйкес келмейді.

Аграрлық нарықтың жаңа шарттары жағдайында тәуекелді төмендету мен ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың стратегияларын ғылыми негіздеу мен таңдаудың қажеттілігі, оның бір жолы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату саясатын тәуекелді есепке ала отырып оңтайландыру әдістемесін дайындау зерттеу тақырыбын таңдауды, диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін негіздеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты – «Қазагроинновация» АҚ-ның қызметтерінің қаржылық нәтижелерін болжамдау, оңтайландыру әдістемесін дайындау және тиісті тәжірибелік ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай нәтижелері қорғауға ұсынылып отырған келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:

  • болжамдау әдістері мен экономикалық тиімділігіне теріс әсерін төмендету шараларының жүйесін нақтылау және толықтыру;
  • «Қазагроинновация» АҚ-ның қызметіне баға қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу;
  • «Қазагроинновация» АҚ-ның қаржылық динамикалық ерекшеліктерін маусымдық құбылуларды есепке ала отырып анықтау;
  • «Қазагроинновация» АҚ-ның қызметінің маусымдық ерекшеліктерін зерттеу, өндірістің маусымдылығы мен баға динамикасы арасындағы байланысқа баға беру;
  • болжамдау мен анықсыздық жағдайында кәсіпорын ішінде жоспарлаудың қазіргі уақытта қолданылып жүрген құралдарына критикалық баға беру;
  • болжамдауды уақыт бойынша бөлуді оңтайландыру әдістемесін дайындау мен оны негіздеу;
  • «Қазагроинновация» АҚ үшін тәуекел мен анықсыздық жағдайында қызметінің нарықтағы баға динамикасының ерекшеліктерін есепке алатын сату стратегиясын дайындау бойынша ұсыныстар беру.

Зерттеудің әдістемелік негізін жүйелік талдаудың қағидалары, танымның ғылымға жалпы ортақ, жеке ғылымдарға тән және ғылымаралық тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы құрайды.

Зерттеудің ақпараттық базасы болып «Қазагроинновация» АҚ-ның, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының нақты мәліметтері мен шетелдік анықтамалық-сараптамалық жариялымдар саналады.

Жұмыстың зерттеу объектісі – «Қазагроинновация» АҚ мен АӨК субъектілері арасында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Жоспар бойынша жүргізілген зерттеулер барысында ғылыми жаңалығы бар келесідей елеулі нәтижелерге қол жеткізіліп, қорғауға шығарылды:

  • болжамдау факторлары мен олардың өндірістің экономикалық тиімділігіне теріс әсерін төмендету шараларының толықтырылған және нақтыланған жүйесі;
  • өнімдерді өткізудің оңтайлы шешімдерін қалыптастыруда ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің болжамға қатынасын есепке алу әдістемесі;
  • өндірістің өзіндік ерекшеліктері мен тәуекелді есепке ала отырып, сату көлемін уақыт бойынша тиімді бөлуді есептеу әдістемесі;
  • «Қазагроинновация» АҚ үшін болжамдау мен анықсыздық жағдайында қызметтерді көрсету стратегиясын дайындау бойынша ұсыныстар.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы өнім өндіру мен өткізу шешімдерін қабылдауда жұмыста ұсынылған болжамдауды есепке алудың әдістері мен өндірілген өнімді өткізу стратегиясын оңтайландыру әдістемесін пайдалану ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің жоғарылауына, жалпы сала кәсіпорындарының тұрақты дамуына ықпал етуінен көрініс табады. Өнімдерін өндіру мен өткізу стратегиясын қалыптастырудың анықталған ерекшеліктерінің тәуекел жағдайында өнімді өткізу үрдісін адекватты ұғынуға мүмкіндік беруі – зерттеу нәтижелерінің ғылым үшін маңыздылығын айғақтайды.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні, қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі көрсеткіштері, қаржылық жағдайын жоспарлау мен болжамдау негіздері зерттелді.

Екінші бөлімде «Қазагроинновация» АҚ-ның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы беріліп, қаржылық жағдайын болжамдау мен қаржысын басқару ерекшеліктері талданып, қаржы-экономикалық қызметінің негізігі көрсеткіштері болжамданды.
Үшінші бөлімде «Қазагроинновация» АҚ-ның қаржылық жағдайын бағалау мен болжамдауды басқарудың функционалдық негіздерін жетілдіру жолдары ұсынылған.

Төлем түрлері

Жұмыстың құны: 3000 теңге
QIWI терминалы арқылы төлеу:
  1. Экранда «Оплата услуг» бөлімін таңдау:
  2. «Электронная коммерция» бөлеміне кіру:
  3. "QIWI Кошелек" таңдау:
  4. "QIWI Кошелек" нөмерін теру:
    +7 707 855 00 01
  5. Чекті алу
  6. Төлегеннен кейін Чектің номерін форма арқылы жіберіңіз
Қысқаша шолу
Пән: Агрономия
Көлемі: 60 бет
Жұмыстың түрі: Дипломдық жұмыс

Танысу