Вы здесь

Египет мемлекеті және туризм

12 июня 2013 | 9528

Египет мемлекетіЕгипет − Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елдерінің бірі. Оның бір бөігі−Синай аралы Азияда орналасқан. Екі континент арасындағы шекара Суец каналы арқылы өтеді. Египет территориясының 96% сирек оазисті таулы шөл алып жатыр. Қалған бөлігі 70 миллион халықтың 98%-ы тұратын дала мен Ніл дельтасы. Тереңдігі 2359м Қызыл теңіз солтүстіктен оңтүстікке 1932 шақырымға және шығыстан батысқа қарай 306 шақырымға созылып жатыр. Қызыл теңіздің бір ерекшелігі−оған бірде-бір өзеннің келіп құймауында. Қыс мезгілінде оның температурвсы +18 градустан төмен түспейді, ал жаз мезгілінде оның температурасы +27 градусқа дейін жетеді.

Египттің экономикасы негізінен жер шаруашылығымен байланысты. Халықтың 30%-ы ауылшаруашылығымен айналысады. Алайда, Египет мұнымен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар елде өткен ғасырдың соңғы ширегінде мықты өнеркәсіп бастамасы құрылды. Қазір елдегі халық тұтынатын тауарлардың барлығы дерлік жергілікті өнім болып табылады.

Египет Араб Республикасының басшысы және оның қарулы күштерінің меңгерушісі президент болып табылады. Египетте парламент жұмыс атқарады, сонымен қатар көппартиялық жүйе де бар. Елдің басты табыс көздері бұл−салықтар, туризм, Суец каналы және өнеркәсіп.

Қажетті қысқаша мәліметтер

Ауданы: 1000 мың шаршы шақырым.
Астанасы: Каир
Халық саны: 68 млн адам
Сағат белдеуі: Гринвич бойынша орташа уақыт плюс екі сағат.
Валютасы: египеттік фунт.
Салмақ және ұзындық өлшемдері: метрлік
Халықаралық телефон коды: 20
Хургадаға: 8 10 20 65 + телефон нөмірі

Мерекелік және демалыс күндері: заң бойынша бекітілген мерекелер:

  • 1 қаңтар (Жаңа жыл),
  • 22 ақпан, 25 сәуір (Синай аралының 1973 жылы Қазан соғысында босатылуы),
  • 1 мамыр (Еңбек күні),
  • 18 мамыр (Египеттен британдық әскерлерді шығару күні),
  • 23 шілде (1952 жылғы революция күні),
  • 23 қыркүйек (1956 жылы Израилді жеңген күн),
  • 6 қазан (Суец каналын алған күн),
  • 24 қазан (1973 жылы египет әскерінің Суец каналын алуы),
  • 23 желтоқсан (1956 жылы Египет әскерінің Порт-Саидты алуы).

Кіру визасы туристер әуежайға келгенде рәсімделеді. Жүріп-тұруға рұқсатнама талап етілмейді.

Египет туристеріКедендік ережелер: Жеке қолданыстағы заттарды елге кедендік декларациясыз алып кіруге және алып шығуға болады. Елден құны тек қана 200 египеттік фунтқа дейінгі тауарлар алып шығуға рұқсат етіледі. Жасы 20-дан асқан туристерге өзімен бірге 1 литрге дейін спирттік ішімдіктер және 2 литр сыра алып өтуге болады, ал жасы 15-тен асқандарға 200 темекі немесе 50 сигара алуға рұқсат. Египеттен көне заттар алып шығуға тыйым салынады. Егер туристте бейнетаспа болған жағдайда оны кедендік қызметке хабарлауы қажет, сонымен қатар елден кетерде оны кедендік қызметкерлерге көрсетуі тиіс. Ал бейнетаспа жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны тез арада полицияға хабарлау керек. Египеттен флора және фауна (кораллдар, теңіз жануарлары, өсімдіктер) алып шығуға қатаң түрде тыйым салынады.

Мұражайлар: Мұражайлар ерте жабылады − жазда 17.00-де, ал қыста 16.00-де. Экспонаттарды қосымша ақы төлеп, жарықсыз суретке түсіруге болады.

Дүкендер: Дүкендерде белгілі бір жұмыс уақытының кестесі жоқ. Әдетте қыс мезгілінде дүкендер сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды, ал түскі үзіліс уақыты сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады. Дүкендерге қаағанда супермаркеттер ұзағырақ жұмыс жасайды. Жаз мезгілінде түскі үзіліс уақыты 12.00-ден 14.00-ге дейін созылады. Көптеген дүкендер кешкі сағат 21.00-22.00-де бірақ жабылады. Египетте жылына екі мәрте ақпан және тамыз айларында киімдерге және аяқ киімге жаппай сату өткізіледі. Мұны жергілікті халық «оказьон» деп атайды. Бұл айларда киім бағасы 25-50 немесе одан да жоғары пайызға арзандайды.

Автомобилдерді жалға алу: Әуежайларда немесе ірі қонақ үйлерде автомобилді жалға алуға болады. Ең төменгі орташа баға күніне 50 долларды құрайды. Автомобилдерге алдын ала тапсырыс берген жөн. Көлікті жалға алу үшін жүргізушінің халықаралық құжаты болуы тиіс.

Египетке сапар шегер алдында міндетті түрде А гепатитіне қарсы егілген жөн. Сонымен қатар медициналық сақтандыру полистің болуы міндет.

Халқы, тілі, діні

Елдегі халықтың барлығы араб тілінің египеттік диалектісінде сөйлейтін араб-египеттіктер болып табылады. Египеттіктердің басым көпшілігі дінді терең ұстанады. Олардың 90%-ға жуығы мұсылман-сунниттер. Қалған барлық египеттіктер христиандар.

Египетте ағылшын тілін білу өте тиімді. Қалаларда және курорттық ротаоықтарда тұратын египеттіктер осы тілде жтік сөйлей алады. Жолдағы түрлі белгілнр мен көше атаулары араб және латын қаріптерімен жазылады.

Мәдениеті және салт-дәстүрлері

Египеттіктердің мұсылман дінін ұстануы олардың өмір сүру үрдістерін айқындайды. Күніне бес мәрте мешіттерде халықты намаз оқуға шақырады, ал рамазан айында түн күнге айналып, күні бойы мұсылмандар ораза ұстайды. Бұл уақытта қоғамдық өмір бәсеңдейді, мемлекеттік мекемелер тек сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін ғана жұмыс жасайды.

Ұлттық египеттік кім үлгісі тек ауылдық жерлерде ғана емес, сонымен қатар қалалы жерлерде де үйреншікті жағдай. Египеттіктер негізінен кең тігілген жейделер киеді және көбінесе ақ түсті таңдайды. Ал әйелдер ашық түсті элементтермен немесе зергерлік бұйымдармен безендірілген қара түсті киімдер киеді. Египеттік ұлттық тағамдарды дайындауда көбінесе күріш, қой еті, ешкі еті, құс, жұмыртқа, ірімшік (уыз тәріздес) және қышқыл сүт өнімдері қолданылады. Ерекше деликатес−қуырылған александрийялық креветкалар. Десерт−құрма, інжір және шығыстың тәтті тағамдары. Ең кең таралған сусын түрі−шай.

Климаты

Египеттің климаты ыстық, әрі құрғақ. Египеттіктерге қар, ылғалды күз немесе жауынды көктем таныс емес. Бұл жер шарындағы басқа жерлерге қарағанда шуақты күндер саны ең көп аймақ. Мұнда аспанда бұлттар сирек кездесетін жағдай, ал әрбір жауған жауын газет беттеріне жазылатын үлкен оқиға. Жаз маусымында (мамыр-қыркүйек) Каирдегі ауа температурсы күндіз +35 +40 градус аралығында, қыс маусымында (желтоқсан-ақпан) +15 +20 градус ралығында ауытқып отырады. Елдің оңтүстігінде сәл жылырақ, ал Жерорта теңізі жағалауында салқындау болып келеді. Түнгі температура әдетте күндізгіден 10 градусқа төмен. Египетке сапар шегудің ең қолайлы кезеңі қазан, қараша айларының екінші жартысы, сонымен қатар наурыз бен сәуір айларының екінші жартысы. Наурыз бен мамыр айының ортасы аралығында 50 күн бойы құмды борандар болып тұрады. Бұл кезең хамсин деп аталады.

Каир

Каир қаласыКаир әлемнің ең ірі қалаларының үштігіне кіретін, Африка континентінің ең ірі қалаларының бірі. Каирде 19 миллионнан астам (ел халқының төрттен бір бөлігі) халық тұрады. Елдің өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы осы қалада орналасқан. Каир нағыз шығыс қаласы. Оның әрбір көшесі тарих жайлы сыр шертеді. Фараондар заманында бұл жер үлкен стратегиялық маңызға ие болған. Мыңжылдықтың басында ескі Каир Египеттік Вавилон ретінде белгілі болған және христиандықтың маңызды орталығы болды. Египеттік христиан шіркеулері коптық деп аталады. Каирдың барлық көзтартарлық жерлерін бір күнде тамашалап шығу мүмкін емес. Бірақ олардың ішіндегі ең әйгілі жерлерін тіпті қысқа мерзімдік сапар кезінде де тамашаламай кету мүмкін емес. Олар: ежелгі египеттік пирамидалар (Гиза, Хеопс, Хефрен, Микерин), Египеттік мұражай, Цитадель және сол заманғы сырт пішінін еш өзгертпеген Ескі Каирдың коптық шіркеулері.

Каир сонымен қатар мұсылмандықтың ірі орталығы. Қалада 300-ден асам мешіт бар. Төбесі күмбез тәріздес және екі жіңішке минареті бар алып мешіт Каирге ерекше әсемдік беріп, көкпен таласып тұрғандай. Бұл мешіт өткен ғасырдың екінші жартысында Цитаделде бой көтерген. Оған сол заманда ел басқарушысы болған Мұхаммед Әли есімі берілді. Бұл мешіттің салынуына дейін Цитаделдегі басты мешіт Насыр сұлтан мешіті болып келді. Мұхаммед Әли мешітінің басты әсемдігі оның минареттері. Мұндай көркем минареттер қаланың басқа ешбір мешітінде кездеспейді. Осы мешіт ішінде Мұхаммед Әлидің сүйегі жерленген.

Қала өзінің қайталанбас ерекше иісімен таң қалдырады. Бұл шөл даланың, мускустың және дәстүрлі араб кофесінің ғажайып хош иістерінің қосындысы. Каирге ерекше сұлулық беретін Ніл өзенгі екендігі сөзсіз. Түнгі уақытта жағалауда орналасқан биік «Семирамис», «Найл Хилтон» және «Рамзес» отелдерінің жарықтары су бетіне қайталанбас көрік беріп, нұрлы сәуле шашып тұрады. Ніл бетінде әсем теплоход-мейрамханалар қалқып жүреді, осыған орай араб тағамдарымен өзендегі саяхат барысында танысуға болады. Каирде түнгі өмір күндізгі өмір тәрізді өте белсенді. Күндіз өте ыстық болғандықтан көптеген тұрғындар және қала қонақтары серуендеуге, достарымен кездесуге, тіпті кейбір жұмыстарын атқаруға да кешкі мезгілде шығады. Сол себепті Каирде түнгі дүкендер, мейрамханалар және кафелер өте көп. Олардың басым көпшілігі шығыс стилінде. Қала орталығы тек таңға жуық босайды.

Каирден барлық шығысқа тән заттарды сатып алуға болады. Олар түрлі қоспалар, парфюмерия, алтын, былғары, әйнектер, керамикалар және т.б. Мұнда маталардың көптеген түрлерін, соның ішінде әйгілі египет мақтасынан өдірілген матаны алуға болады.
«Шығыс қақпасы» оның сырын ашам деуші кез келген жанға ашық.

Луксор

Луксор−Египеттің ең үлкен туристік орталығы және әлемдегі ең ірі ашық аспан астындағы мұражай болып табылады. Бүгінгі таңда Луксор өзінің 80 000 тұрғынымен шетелдік туризмнің ең ежелгі орталығына айналды. Жағалауда көптеген экскурсиялық қайықтар, қалқымалы отелдер, ал Ніл жағасындағы көркем бульварда көптеген мейрамханалар орналасқан.

Бұл храмдар кешені бүгінге дейін әлемдегі ең айтулы орындардың бірі болып келеді. Әр фараон осы алып құрылыстардың бой көтеруіне өз үлестерін қосып отырған. Бұл ғажайып құрылыстар сол заманда өмр сүрген халықтың архитектуралық шеберліктерінің, олардың ой өрістерінің, олардың мәдениетінің өте жоғары деңгейде болғандығын дәлелдейді. Әлемге әйгілі «Өлілер қаласының» храмдары және Хатшепсут патшайымның қайталанбас храмы да осында орналасқан.

Шарм Эль Шейх

Шарм эль ШейхКаир қаласынан 120 км қашықтықта, Синай түбегінің оңтүстігінде Шарм Эль Шейх курорты орналасқан. Оның атауы араб тіліне аударғанда «Патша шығанағы» дегенді білдіреді. Шрм Эль Шейх Синай түбегінің ең таңдаулы әрі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан курорттарының бірі. Жылдан жылға ол туристерді өзінің тыныш жағажайлық демалыстарымен, Қызыл теңіздің ғажайып су асты дүниесімен, сонымен қатар шулы дискотекаларымен, респектабелді мейрамханаларымен және казиноларымен қызықтырып келуде. Қызыл теңіздің басқа курортарындағыдай Шарм Эль Шейхте туристік сезон ешқашан аяқталмайды. Наама Бей бухтасының жағалауында туристерге арналған бірінші кластық қонақ үйлер мен туристік кешендер салынған. Ол жерде демалу және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Шарм Эль Шейхты су астында жузуді ұнатататындар жоғары бағалайды. Курортқа жақын маңда кораллдар және мұхит флорасы мен фаунасының алуантүрлілігі жағынан Солтүстік жарты шардағы теңдесі жоқ Рас-Мұхаммед ұлттық паркі орналасқан. Жиырмаға жуық дайвинг орталықтары су астында жузушілерге барлық қызмет түрлерін ұсынады. Сонымен қатар Шарм Эль Шейхте тенис корттары, тренажорлық залдар, мини гольф клубтары, атпен міну, виндсерфинг, парашюттар, су мотоциклдері және т.б. көптеген қызықты нәрселер ұсынылады. Туристер арасындағы ең ұнамдысы шөлдегі джип-сафари болып табылады.

Шарм Эль Шейхке келген туристер Синай түбегіндегі ең қызықты орындардың бірі Әулие Екатерина монастырына экскурсияға шығады. Монастырь Синай тауының етегінде орналасқан. Әр түн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген табынушылар таң шапағын қарсы алу мақсатында монастырден Синай тауының басына көтеріледі.
Қазіргі таңда Шпрм Эль Шейх Египеттің ең көрікті курорттарының бірі болып саналады.

Хургада

Хургада Қызыл теңіз жағалауында орналасқан таңдаулы туристік аймақ болып табылады. Қала британдық мұнайшылардың ауылынан пайда болып, жақсы жерде орналасуына байланысты әлемге әйгілі туристік орталыққа айналды. Жағымды климаттық жағдайлар жыл бойы серфинг және су астында жүзуге шексіз мүмкіндіктер сыйлайды. Климаттың құрғақтығына байланысты Қызыл теңіз курорттарындағы ыстық ауа райы Жерорта теңізі курорттарындағы ыстыққа қарағанда жеңілдеу болып келеді. Қыстың ең суық айы ақпандада судың температурасы 20-22 градустан төмен түспейді.

Қызыл теңіздің су асты әлемі Солтүстік жарты шардағы ең бай әрі алуан түрлісі болып келеді. Үнді мұхитының ішкі теңізіне жататын бұл судың тазалығы оған лай немесе басқа да қоқыстар әкелетін ешбір өзеннің құймауына байланысты. Көптеген ғасырлар бойы Қызыл теңіз адамдар үшін құпия болып келді. Қызыл теңіз сүңгуірлер үшін нағыз жұмақ болып табылады. Қазіргі заман талабына сай құрылғылар су астына еніп, ондағы ғажайып ертегілер әлемін еркін тамашалауға мүмкіндік береді.

Хургада − бұл тек қана теңіз емес, сонымен қатар ол бедуиндерді кездестіруге болатын шөл. «Бедуин» сөзі араб тілінен аударғанда «көшпенді» мағынасын білдіреді. Бұл олардың өмір сүру стильдерін білдіреді. Бедуинер тайпаларға бөлініп өмір сүреді. Әр тайпаны шейх басқарады. Олар өте қонақжай болып келеді. Бұл олардың ең басты құндылықтарының бірі. Олар жолаушылырды кең қасы алып, оларға түрлі шөптерденқайнатылған бедуиндік шай, көмір үстінде әзірленген кешкі ас ұсынады. Кешкі уақытта туристерді өзге қызықтар күтіп тұрады. Олар: дискотекалар, казино, респектабелді ресторандар және кафелер.

Хургаданың оңтүстік бөлігінде «1001 түн» сарайы орналасқан. Мұнда шөлдің көшпенділері, үйлену тойы салттары, ескі аңыздар және т.б. әртүрлі қызықты шоуларды тамашалауға болады.
Хургада жағалауында 200-ден астам отелдер салынған. Қызмет көрсету песоналы кез келген еуропалық тілде сөйлейді.

Пирамидалар

Египет пирамидаларыЕгипеттің визиттік крточкасына айналған әлемге әйгілі ғажайып туристік обьектілер бұл − «Дүниенің жеті кереметінің» бірі саналатын құпиялы пирамидалар. Ол Ніл өзенінің батыс жағалауындағы «Өлілер қаласында» орналасқан. Пирамидалардың жалпы саны жүзге тарта және олардың басым көпшілігі Саккара, Дашура және Абу-Сирде орналасқан. Ал ең атақты Хеопс, Хефрен және Микерин пирамидалары Каир қласының сыртында, Гиза деп аталатын жерде.

Ерте заманнан бері Гиза пирамидалары адам қолымен салынған ең таңқаларлық құрылыс ретінде саналды. Ал бүгін олар құпиясы толығымен ашыла қоймаған «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып есептелінеді.

Ең алып мирамида бұл − Хеопс пирамидасы. Оның жалпы құрылысына салмағы кем дегенде 2,5 тоннаны, ал ең ауыры 15 тоннаны құрайтын 19 миллион тас блоктар жұмсалған.
Әр кеш сайын пирамидалардың жанында светомузыкалық шоу өткізілед. Онда әр түрлі тілдерде құпия пирамидалардың тарихы жайлы баяндалады.

Нілдегі круиздер

Осыдан 100 жыл бұрын ағылшын аристократтары туристік маршруттардың ең қызықтыларының бірі − Ніл арқылы арнайы жабдықталған теплоходтармен круиз ұйымдастыруды үйренді. Ніл өзенінің жағалауларында ежелгі египет өркениетінің ең атақты ескерткіштері орналасқан.

Қазіргі таңда круиздер ұйымдастыруға арналған 250-ге жуық теплоходтар бар. Олардың 100-ден астамы мейрамханалары, барлары, дискотекалары және бассейндері бар қалқымалы отелдер болып табылады.

Теплоходтар Асуаннан Луксор аралығында жүзеді. Сол жағалаудың ең атақты ескерткіштері − Луксор мен Карнакадағы храмдар болып табылады. Бүгінгі таңда Карнакадан б. з. д. 20-шы ғасырдан б. з. д. 1-ші мыңжылдық аралығында салынған храмдар кешенін тамашалауға болады. Сонымен қатар осы аймақтан әлемге әйгілі Хатшепсут ханшайымның храмын да көруге болады.

Асуан Нілдің оң жағалауында, Каирден 886 км қашықтықта орналасқан. Осы арада өзінің қайталанбас ландшафтысымен Ніл аңғары және Египет аяқталып, Нубия жері басталады. Асуан фараондар заманынан келе жатқан ең оңтүстікте орналасқан қала болып табылады. Ол әлемге өзінің алып плтинасымен әйгілі.

Элефантин аралында Ніл өзенінің қорғаушысы Сатис құдайдың жұбайы Хнумның храмы сақталынған. Плотинаның құрылысынан соң бірнеше рет су астында қалған Филе аралының храмдары 40 мың блокка бөлшектеніп, көрші аралға көшірілді.
Соңғы жылдары Нілдегі круиздер үлкен сұранысқа ие.

Джип-сафари

Сафариді ұнатушыларға шексіз Синай шөлі арқылы джиппен өтетін қызықты тур ұсынылады. Әдетте бұл экскурсия Синай тауларының күн батар алдындағы қайталанбас пейзаждарын тамашалау мақсатымен кешкі уақытта ұйымдастырылады.

Бұл экскурсияда сіз Араб шығанағы жағалауының ғажайып панорамасын тамашалап, қонақжай бедуиндармен жүздесе аласыз. Сонымен қатар осы аймақта өмір сүретін адамдардың ауылдық өмірімен танысып, хош иісті шайдан дәм тата аласыз. Ең қызықтысы, экскурсия барысында құмның арасынан су алу процесінің куәгері бола аласыз.

Экскурсия аса қызықты болу үшін турдың белгілі бір бөлігін түйемен жүріп өтуге болады. Осылайша қызықты да, көңілді джип-сафари кешке дейін жалғасын тауып, түнде аяқталады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. GULNAR TOUR travel company − ЕГИПЕТ 2007
  2. Trek travel international (since 1980) − Египет 2008
  3. Путеводитель по Египту − Москва 2005г.