Вы здесь

Испания мемлекеті

12 июня 2013 | 13265

Испания корольдігі Испания корольдігі бізге тек коррида және фламенко, Дон Кихот тәрізді батыр мен Кармен Лопе де Веги персонаждары, Веласкеса және Гойи сияқты ұлы өнер туындылары, теңдесі жоқ Монтсеррат Кабалье мен атақты «Реал»футбол командасы арқылы танымал емес, сонымен қатар Испания мемлекетінде ерекше орны толмас араб архитектуралық Ахдалусии ескерткіштері осы мемлекетке әрбір адамның қызығушылығын тудырып, Испания корольдігі жайында барлық мәлімет алуға ынталандырары сөзсіз.

Испания корольдігі Еуропаның оңтүстік батысында Пиреней түбегі, Қара теңіз аймағындағы Балеарик және Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралында орналасқан мемлекет. Мемлекет солтүстігінде Бискай шығанағы арқылы Франция, Андорра елдерімен, батысында Атлант мұхиты және Португалия елімен, шығысында Жерорта теңізімен, оңтүстігінде Атлант мұхитымен қоса Гибралтар шығанағымен шектеседі. Тау шыңдары : Сиьерра де Гуадаррама, Сиерра де Гредос және Монтес де Голедо.

Ең биік шыңдары: Пико де Ането (3404м) , Пиреней Муласен (3478м), Сиерра Невада (3458м), Пико де Геде (3718м). Тахо, Гвадиано, Мико, Дуерто тәрізді көлдері Атлант мұхитына құяды. Ең терең көлі- Гвадалквивир көлі болып табылады. Сонымен қатар Испания елінің мақтанышы Коста- Браво, Коста -Дорада, Коста –дель- Саль атты курорттар орналасқан. Испания елінде орманды далалар аз. Кең таралған ағаш – емен болып табылады. Сонымен қатар мұнда тропиктік апельсин, лимон, фиги, миндаль тәрізді жемістер өседі. Фаунасы өте бай келеді. Орман, тоғайларында түлкі, аю, барсуктың бірнеше түрлері мекен етеді. Ауа райы өте қолайлы. Қысы жаңбырлы, жазы ыстық, күз мезгілінде жылы болады. Жаз айындағы орташа температура С 28°-30°. Қыстақолайсыз Сирокко деген Африка желі соғады. Испания оңтүстік- шығысында Андалуссия және Эстремадура аймағы суық аймақ болып табылады. Солтүстік және солтүстік- шығыстағы орташа жауын- шашын мөлшері 900мм.

Испания корольдігінің мемлкеттік және саяси құрылымы жағынан парламенттік монархия болып табылады. Корольдік 17 автономды аймақтан тұрады. Корольдік басысы король- Хуан Карлос (22 қараша 1975ж) . Мемлекет басшысы премьер -министр Хосе Мария Аскар (8 мамыр 1996ж.). Заң органы- екі палаталы парламент, сенат және конгресс.

Испания корольдігінде тұратын ұлттар испандықтар -72,8%, каталондықтар 16,4% , галиссейліктер 8,2% , баскиліктер 2,3% үлесін алады. Негізгі ұстанатын діні- католик (99%). Жыныстық құрамы бойынша әйелдер қауымы 53%, ал еркектер қауымы 47% алады. Орташа туу көрсеткіші 9.7 , өлу 9,7 дейін жетеді.

Испания корольдігінде алғаш қалалар б.з.б XI ғ. салына бастады. Түбектің III ғ. қалыптаса бастаған кезінен бастап, 228ж. карфагеяндықтар Барселона және Картахенудің негізін қалады. 209ж.бұл қалалар қайта қирады. 5ғ. соңында Испания Рим империясының қол астында болды. Вестгат тайпасы осы жерді мекен етті. 771ж. бастап түбекті бербер тайпасының әскерлері жаулап алды. 756ж. Пиренеяда тәуесіз эмират қалыптасты. 1212ж. Христиан корольдігі мавр меншігіне қол сұғып, Гранада корольдігін жаулап алды. 1492ж дейін солардың қол астында болды. 15г. Америка ашылу кезеңімен Испания өз колониясына ие болды. Дегенмен олар Наполеонмен шайқаста ол колонияларынан айырылып қалды. 20ғ. дейін әскери режим қалыптасып, 1931ж. республика атағына ие болып, 1-ші сәуіріне дейін генерал Франко Франсиско басшылығымен әскери режим орнады. Франко Франсиско 35 жыл бойы өз диктатуралық режимін орнатты,1975ж. ол қайтыс болғаннан кейін, 1975ж 20 қараша күні елде демократиялық режим орнап, тақ басына Хуан Карлос келді. 1978ж. жаңа демократиялы конституция қабылданды. 1986ж. Испания ЕС және НАТО ұйымдарының құрамына еніп, 2002 еуро ақшасын қабылдады.

Испания корольдігінің астанасы Испания корольдігінің астанасы - Мадрид қаласы негізінен 1561ж құрылған еді, 1606ж ғана ол мемлекет астанасы етіп ресми аталды. 1992ж. Мадрид қаласы Еуропаның мәдени астанасы атағына ие болды.

Испания корльдігінің ірі қалалары – Барселона, Сарагоса, Валенсия, Севилья, Бильбао, Малога қалалары болып табылады.

Испания корольдігінде мемлекеттік және жалпы мейрамдар керемет тойланады. Жыл басы ақпан айында бүкіл Испания корольдігі карнавал мерекесін өткізеді. Карнавал Испанияның Кардисе қаласындағы ең үлкен алаңы Пуэрто дель Саль алаңында ерекше аталып өтеді. Карнавалда бүкіл испандықтар өздерінің дәстүрлі киімдерін киіп, алаңда фламенкобиін билеп, көңіл көтереді. Бұл құбылыс басқа елдердің туристерінің көңілін аудартатыны сөзсіз. Туристер осындай керемет карнавалды тамашалау үшін жан жақтан келеді. Наурыз айында Испанияда «фальян» мерекесі өткізіледі.

Бұл мейрамның ерекшелігі, мерекеде шынайы және фантастикалық үлкен адам бейнесіндегі папье- маше көңіл көтергіш ойыншықтардың болуы. Олар мерекеде халықтың көңілін көтереді. Өкініштісі, дәстүр бойынша оларды 19 наурыз күні өртейді. Бұл мерекенің мәні де осында. Наурыз- сәуір айлары ішінде Пасха тойланады. Мамыр айының 15 жұлдызында Богородицаға арнап, Росио мейрамы тойланады. Бұл мереке 18 ғасырдан бастап тойланып келе жатқан дәстүрлі мереке болып табылады. Мереке Альмонте аймағындағы Доньян паркінде ерекше аталып өтеді.

Испания елінің табиғаты өте қолайлы. Маусым - шілде айлары аралығында Гранад халықаралық музыкалық фестивалі өтеді. Фестивалға бүкіл әлемнің дарынды музыканттары өз бағын сынау мақсатында келеді. Сонымен қатар 13 маусым күні жалғыз басты әйелдердің мейрамы болып саналады, себебі дәл осы күні тұрмысқа шықпаған әйелдер Сан Антонио аймағындағы әулие Флорида Сили шіркеуіне барып, өздерінің екінші жартысымен тезіпек жолықтырғанын тілейді. Шілде айының 6- 14 жұлдыздары аралығында Ферминаға арнап, бұқаларды көше бойымен шапқызады. Бұл испандықтардың ұлттық мейрамы, әрі мақтанышы болып табылады. 15 тамыз күні испандықтар Дева Мария де ла Палома мейрамында өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, ерекше атап өтеді. Қыркүйек және қазан айларында Барселона қаласында Ұлттық Фестиваль өтеді. Фестивальда симфониялық оркестр, хор, шынайы дауыс бойынша әртістер өз өнерлерін көрсетеді. 12 қазан күні Испан ұлтының күні болып табылады. Қараша айында Сан Себастья қаласында кинофестиваль өтеді. 6 желтоқсан испандықтардың Конституция күні. 25 Христостың туылған күнін тойлайды.

Испандықтардың өздеріне тән салт –дәстүрлері басқа елдің азаматтарын қызықтырмай қоймас. Енді осыларға толығырақ тоқталып кетейік. Фламенко – испандықтардың музыкалық, әндік және билік стильдегі өнері. Ол алғаш Андалуссия қаласында қалыптасқан. Негізінен бұл дәстүрлі өнер сонау заманда арабтардың испандықтарды басып алған кезінде, испан елінде өздерінің шығыс мәдениетінің үлесін қалдырғанын байқаймыз. Фламенконың бірнеше әдіс тәсілі бар.1 сапатеадо – өкшенің көмегімен билеу тәсілі. 2 қолды ерекше әдіспен қимылдату тәсілі. 3 бүкіл денені қимылға келтіру тәсілі. Бұл би Испанияда көбінесе Пепе Лопес алаңында көрермен назарына көптеп ұсынылады. Ал Каталония қаласында биді басқа ұлттарға үйретеді.

КорридаКоррида – Испания еліндегі ең ежелгі, әрі әйгілі салт дәстүрлердің бірі. Коррида, бұл бұқалар шайқасы. Испандықтар,сонымен қатар бүкіл әлемнің тәуекелшіл азаматтары бұл жарысты сүйіп тамашалайды. Қазіргі таңда бұл ойын жарысы өте танымал болғандықтан, басқа елдерден туристер осындай таңғажайып ойын жарысты тамашалауға көптеп келеді. Бұқамен шайқасқа түсуші қатысушы адамды- матадор деп атайды. Корриданың қарапайым түрін жүргізгенде 3 матадор 6 бұқамен алаңда шайқасқа түседі. Білікті матадор алаңда жалғыз өзі бұқамен шайқасқа түседі. Егер матадор жеңіске жетсе, онда матадорға бұқаның құлағы мен құйрығы сыйлыққа тартылады. Бұл ғажайып көрініс 1912жылдан бастап Испанияның Мау де Торрес де Лас Вентас алаңында өткізіледі. Алаң неомудехарлық стильде салынған. Онда 20 арена бар. Арена жанында Коррида мұражайы бар. Мұражайда әйел матадор Хуанито Круздың жеке экспонаттарын көруге болады.

Испания корольдігі жайында айтқанда, ұлы испан жазушысы Мигель де Сервантес Саавецренің ұлы туындысы «Дон Кихот Ламачанский» еңбегін атап кетпеуге болмайды. Мигель Сервантес Шекспир заманында өмір сүрген жазушы. Ол 1547ж. Алькалаа де Энарес қаласында дүниеге келген. 1571ж. түріктермен Лепанта шайқасында қолынан айырылып, қамауда болады. Сервантес бұл еңбегін Аграмасилья де Альба түрмесінде жазады. 1616ж.23 сәуірде қайтыс болады. Жазушы еңбегінде нағыз испандықтарға тән мінез құлықты бейнелейді. Ол испандық Дон Кихоттың батырлар заманы өтіп кетсе де, батыр киімін киіп алып, жер жүзін аралап, адамдарға жақсылық жасап, көмектесе отырып, батыр атағына ие болатындай ерлік жасауды армандап, оның жүзеге асыруына кәміл сенеді. Бұл жазушының испандықтарды мақсатшыл және әрбір мәселені ақылмен шешу қабілеттілігі бар екендігін байқатады. Дон Кихоттың досы Санчо Панчоны өз жеке басының қамын, қарнын ойлағанмен, кейінірек қарапайым, мейірімді ретінде бейнелейді.

Тапас – Андалуссияда XIV ғасырда пайда болған испандықтардың ұлттық тағамдарының бірі. Тапас «тапа», «крышка» мағынасын білдіреді. Бұл тағам кептірілген ет немесе хоризо шұжығын пісіріп, оның үстіне шарап құйып, әсем тәрелкеге салып сырамен береді. Сонымен қатар соуспен әсемделген картофель бұл тағамның құрамына кіреді. Астың бұл түрі көбіне жақын достар бірге жиналғанда сұранысқа көптеп ие болады.

Испания – шарап (вино) елі болып табылады. Испанияда демалушы туристер үшін испандық жоғары сапалы Торрес шараптарының мына түрлері ұсынылады: қызыл – Сангре де Торо, Гран- Коронас, Гран- Сангре де Торо, Лас- Торрес; ақ – Винья- Соль, Сан- Валентин, Гран Винья Сан, Винья- Эсмеральда.
Испанияның әсем жерлеріне тоқталып кетсек.

Жеңіс Аркасы. Бұл қағба 1956ж. генерал Франко бұйрығымен азаматтық соғыста жеңіске жеткендігі туралы мақтаныш негізінде салынды. Арка Испаниядағы ең алып аркалардың бірі болып табылады. Бұл ғимараттың 39м. төбесінде жеңісті символдап тұратын аттарды орнатылған. Арка жанында диктатор резиденциясы және Дель Пардо сарайы бар.

Кибелла фонтаны. Бұл фонтан бейбітшілік пен жақсылықтың символы анатолиялық табиғат патшайымына арнап салынған. Фонтан Мадрид қаласының алаңында орналасқан. Патшайым Атланта және Гипомед арыстандарымен жегілген арбада отырғызылған кейпінде салынған. Фонтан 18 ғасырда Вентура Родригесс жобасы бойынша салынды.

«Нептун» фонтаны. Фонтан 1897ж. қайтыс болған ұлы испан саясаттанушы құрметіне арнап, Мадрид қаласында Кановас дель Кастильо алаңында салынған. Фонтан карл патшасының бұйрығымен салынды. Жоба авторы Венура Родригесс. Испандықтар фонтанға су патшасы Нептунның әсері зор деп сенеді.

Пуэрто де Толедо көшесі. Көше Плаза Майор аймағынан бастап, бүкіл қаланы қамтып Мансанарес өзеніне дейін баратын Испаиядағы ең ұзын көшелердің бірі. Көше бойында ПуэртоСеррада, Ла Латина шағын аудандары арқылы өтіп, де ла Себада алаңындағы Пуэрто де Толедо аркасы аумағын қамтиды. Бұл арка Наполеон інісі француз королі Жозеф Бонапартқа арнап тұрғызылған арка.

Де-Сан-Херонимо-эль-Реаль шіркеуі. Шіркеу әйгілі адамдардың неке қию орталығы болып табылады. 1906ж.бастап патша Алфонсо 13 пен Виктория - Евгения фон Баттенберг неке қию салтанаты өтті. Сол сәттен бастап шірке аты әлемге әйгілі болды. Шіркеу негізінен XVI ғ. салынған. Де–Сан-Хосе шіркеуі. Бұл шіркеуі Мадрид қаласының ежелгі шіркеу болып табылады. 1931 жылы салынған шіркеу ұлттың мақтанышы болып табылады. Шіркеу Мұсылмандық архитектура мудехар негізінде салынған. Минарет мешіт ретінде пайдаланды.

Де-Санта-Барбара шіркеуі. Шіркеу Фердинанд патшасының әйелі Барбар де Браган, басқаша айтқанда де -Лас -Салесас құрметіне арнап салынды. Архитектура авторы Франсуа Карлье. Жанында 1957 ж. Франсиско де Моральдино салынды. Ал 1930ж. шіркеу алдында үлкен бақ жасалынды. Шіркеу екі жағынан қолдарында он ұлағат сөздер жазылған періштелер бейнесі қойылған.

Дева Мария де-ла-Альмудена кафедральдық соборы. Собор 1883 ж. жобаланып, қайта Папа Иоанн Павел бұйрығымен Мадрид қаласында 1992 жсалынды.

Дева Мария де-ла – Альмуден ғимаратының авторы Виолле ле Дюка. Ғимараттың салуына жетекші маркиз де Кубас болды. Ғимараттың салынуына Карлос Сидро және Фернандо Чуэкто Гойитиа маркиздері барынша көмектесті.

Де-Сан-Исидро соборы немесе «Жақсы ақылдар шіркеуі»деп аталды. Бұлай атаудың бірден бір себебі Исидор Мадрид қаласының қорғаушысы болған. Әулие Исидора мерекесі мамыр айында тойланады. Исидор 1170ж қайтыс болған. Аңыз бойынша, Исидор ақылды және еңбекқор шаруа болған. Исидор әйелі Мария де ла Кабеза да әулиелі, қасиетті адам болған. Кейінірек Фердинанд билік еткен уақытта 19 ғ. иезуиттерге қайта берілді. Прадо мұражайы. Мұражайдың негізгі ғимараты неоклассикалық стильде 1785ж. архитектор Хуан де Вильянуэва басшылығымен Карлос патшасы құрметіне салынды. Мұражайда ғасырлардың ұлы суреттер мен скульптуралар салынған.

Мұражайдың кіре беріс жерінде испан суретшілері Гойе мен Веласкеса ескерткіштері орнатылған. 16- 17 Ғ.ұлы испан суретшілерінің өнер туындыларынан басқа да итальяндық және венециандық суретшілердің еңбектері көрсетілген. Сонымен қатар француз суреттері фламандық өнері көрсетілген. Суреттерден басқа мұражайда грек, рим скульпуралары, медальдері көрсетілген. Мұражайдың Калье фелипе жағында орналасқан Касон дель Буэнь Ретиро ғимаратында ғ. байланысты бүкіл өнер туындылары сақталған. Мұражай жанында Эль Ретиро бақшасы бар. Қазіргі таңда мұражайда 5000астам сурет, 8000картина,2000 гравюр 1000тиын және 700скульптура сақталған. Мұражайдың бірінші қабатында фламандық және голландық картиналар орнатылған. Мұнда Иероним Босханың «қысқы кереметтер бақшасы»(1516ж) атты жұмыс ерекше көзге түседі. Бұл еңбегінде суретші триптх негізінде үш панельді бейнелеуді көрсетеді. Оң панелінде бақытты Эдем бақшасы көрсетілген. Онда мифологиялық жануарлар көрсетілген. Орташа панелі өмірдің барліқ сәттерін бейнеленген.

Оң панелінде тұзақ және өмірдің жамандық жақтары бейнеленген. Сонымен қатар мұнда Рубенса суреттері және де Фра Анжелико еңбектері көрсетілген. Екінші қабатында көбіне испан суретшілері Хусепе де Риберы, Франсиско Рибальта және Субрана өнер туындылары көрсетілген.

Хуан Карлос саябақшасы. Бұл саябақша испандықтар сүйікті дем алатын орны. Бұл саябақта атпен шауып, велосипедпен жүруге болады. Саябақ көлемі жағынан Эль Ретиро саябағынан үлкен, оның кқлемі екі мың гектар. Саябақтың қызықтыратыны Оливар де ла Хиносоха және оливті даласы. Мұнда Испанияның мәдениетін біріктіретін, яғни мұсылман, иудей және христиан діндерінң мұрасы Плаза де лас Культурас алаңы орналасқан.

Эль Капричо де ла Аламеда де Осуна бақшасы. Бақша алғашқыда герцог Осуна иелігінде болды. Бақша герцог әйелінің қалауымен салынды. Герцог қайтыс болғаннан кейін бақша аукционда сатылды. Бұл ағылшын стилінде жасалынған бақта казино, лабиринт және сарай бар. Бақшаның көрінісін ескерткіштер мен көлдер әсемдеп тұрады.

Кампо дель Моро бақшасы. Бақша патшалық сарай жанында орналасқан. Бақша Мария Кристина заманында жасалынған. Бақша фонтаны Изабелла бұйрығымен салынды. Бақшаның көркі қайың болып табылады.

Дель Эсте паркі. Аумағы 98 гектар саябақ Ла Корунью көшесі бойынша Сьюдад және Пасео дель Пинтор Розалс университитеттері жанында орналасқан. Саябақша 19ғ. 40 жылдарында қалпына келтірілді. Саябақ жанында француз әскерлерінің қолынан 1808ж. 3 мамырда өмірден кеткен азаматтарды еске алу мақсатында испандықтар жиналады. Саябақша аумағында Дебод мешіті бар. Бұл египеттік мешіт IV салынған. Бұл әсем ғимарат Египет мемлекетінде Нілдегі Асуан суқоймасының салған кезінде египеттіктердің ежелгі ескерткіштерін қалпына келтіруге көмектескендігі үшін испан инженерлеріне арнап салынған мешіт.

Корольдік ботаникалық бақша. 1941 бақша суреттілік құнділіғы атағына ие болды. Бұл саябақша Мадрид қаласының тыныш және дем алып нағыз рахат алатын орын. Ботаникалық бақша 1774ж. Карлос 3 бұйрығымен салынды. Архитектор Хуан де Вильянуэва ботаник Гоммес Ортегамен ақылдасып бақшаның жобасын жасады. Бақшада ең алдымен 18ғ. теңізшілердің басқа елдерден әкелген заттары қойылды. Бірақ 70ж. бақша мүлдем қараусыз қалды. Дегенмен 1981ж. қайта қалпына келтірілді. Бақша аумағында раушан гүлдердің барлық түрлері кездеседі.

Каса де Кампо. Каса де Кампо орманында орналасқан саябақ. Орман аумағында ағаштардың бірнеше түрін тамашалауға болады. Мысалы, саябақта емен, қарағай және қайың ағашының бірнеше түрі кездеседі. Саябақ жанындағы өзенде қайықпен серуендеуге болады. Саябақ аумағында бірнеше кафелер мен балаларға арналған аттракциондар бар. Саябақта сонымен қатар бассейн және кішкене зоопарк бар. Каса де Кампо саябағы аумағында жыл сайын жәрмеңке өткізіледі. Бұл жәрмеңкеге бүкіл халық қатысады.

Қонақ үйлері
  1. 1. «Aquamar» ***** Ұлттық мұражай жанында орналасқан қонақ үй. Қонақ үй ішінде суретшілердің өнер туындылары көрсетілген. Жоғары топ өкілдеріне арналған. Қонақ үйде мейрамхана, бар, демалыс және тренинг залдары, бассейін, жиналас және кинотеатр залдары бар.
    Paseo reina Cristos 28014 тел: 552-69-00 Memro: Ftocha Renfc
  2. 2. «Conde de Orgaz»**** Мадрид қаласындағы аэропорт жанында орналасқан туристер үшін өте комфортты қонақ үй. Сервисі жағынан Мадрид қаласындағы жоғары сапалы үлгідегі қонақ үй болып табылады.
    Avenida Moscatelar 2428043 тел: 748- 97- 60 Memro :Esperansa
  3. 3. «Miguel Angel»**** Элиталы топтарға және туристерге арналған қонақ үй.
  4. Қонақ үй ерекшелігі мұнда клиенттердің жақсы, әрі әсерлі дем алуына арналған бақша және саябақша орнатылған.
    Miguel Angel 31 28010 тел: 442- 81- 939 Memro: Ruben Dano
  5. 4. «Santo Mauro»*** Мадрид қаласындағы алғашқы қонақ үйлердің бірі. Қонақ үйге көбіне дәстүрлі келуші азаматтар келеді. Қонақ үй негізінен адамның жан дүниесін жақсартып, көңіл көтеруге өзінің бірден бір септігін тигізеді. Қонақ үйде бассейін, сауна, диско және боулинг залдары бар.
    Elbrano 36 28010 тел: 319- 69-00 Memro :Aronso Martines
  6. 5. «Villamanga» **** Бұл қонақ үй ежелгі испан елінің салт дәстүрі мен әдет ғұрыптарын еске алады. Қонақ үй жұмысшылары әрқашанда дәстүрлі киім киіп жүреді. Сонымен қатар мұнда келген туристерге испан елінің дәстүрлі тағамдарын ұсынып, фламенко биін билетеді.
    Paseo de la Castelana 22 28046 тел: 587-12-84 Memro: Runen Dario
Мейрамханалары
  1. «Artemisia» Испаниядағы ең атақты вегетариандық мейрамхана.Ұлттық тағамдардың барлық түрлерін әзірлейді. Пуэрто дель Саль көшесіндегі Калье де Тресс Круссес алаңында орналасқан.
  2. «Casa Santa Crus» Мадрид қаласындағы классикалық стильдегі мейрамхана болып табылады. Меню құрамында міндетті түрде Испандық шарап түрлері ұсынылады.
  3. «El Cenadal del Arado» Мадрид қаласында орналасқан мейрамханасының арнайы және дәстүрлі клиенттеріне асты алтын тәрелкеге салып береді. Мейрамханада басқа Еуропа елдерінің тағамдары дайындалынады.
  4. «L Lardy» Барселона қаласында орналасқан мейрамхана жапондық үлгідегі тағамдар мен десерт түрлерін әзірлейді. Мейрамхана Примо де Ривера атты қонақ үй жанында орналасқан. Мейрамхананың ішкі көрінісі жапондық үлгіде әсемделген.
  5. «Zalacain» Севилья қаласындағы мейрмхана тек қана испандық тағамдарды әзірлейтін мейрамхана. Мейрамхана қызметкерлері дәстүрлі киім киіп, фламенко биін билейді.
  6. « Horcher» Гранада қаласындағы орналасқан әйгілі мейрамханалардың бірі болып табылады. Мейрамхана мусылмандық арабтық үлгіде салынған. Өте кең және жағымды көрініс береді. Мейрамханада мұсылман тағамдары арнайы дайындалады. Бұл мейрамханада туристерге арналған кішігірім жеңілдіктер бар.
  7. «La Recoba» Мадрис қаласында орналасқан бірден бір танымал мейрамхана. Мейрамханамен қоса қасында кафесі бар. Әсіресе жаз мезгілінде бұл мейрамхана көптеген табыстарға ие бола алады.
Қорытынды

Испания мемлекеті Еуропаның оңтүстік бөлігінде Атлант мұхиты мен Жер Орта теңізімен шайылып жатқан мемлекет. Испания мемлекеті экономикасы дамыған, Еуропадағы әсем елдердің бірі болып табылады. Жер аумағының кішілігіне қарамастан, бұл елдің әсем жерлері туристерді қызықтырмай қоймас. Испания мемлекеті 17 аймақтан құралған. Әрбір әкімшілік аймақтың өзінің астаналары, өзіне тән табиғи байлықтары мен әсем жерлері бар. Испаия мемлекеті индустриальды әрі, аграрлы дамыған мемлекет болып табылады. Испаиядағы негізгі шаруашылық салалары: машина жасау, электротехникалық, электрондық, металургиялық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп түрлері дамыған.

Испания мемлекеті туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Франциядан кейінгі екінші орынға ие. Испания мемлекетіндегі туристерді қызықтыратын ең алдымен бұл, Толедо аспан астындағы мұражай қаласы және Эскориол испан корольдерінің резиденциясы болып табылады. Осы керемет дүниесі арқасында Испания елінде туризм өте жақсы дамыған деп айтуға болады. Дегенмен, Испаниядағы өзіне тән ерешеліктерінің көмегімен туризмді одан әрі дамыта аламыз. Мысалыға алатын болсақ, Испания мемлекеті еуропалық ерекше үлгідегі май түрін өндіруден басқа мемлекеттерді басып озады. Сонымен қатар Испания мемлекеті жоғары сапалы шарап түрін өндіреді. Испания елінде сонау заманнан сақталған шіркелер, соборлар мен қағбалар, сонымен қатар ұлы герцогтар мен патшайымдарға арнап салынған бақшалар мен саябақшалар басқа елдің туристерін қызықтырмай қоймас. Сонымен, Испания еліндегі бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, туризмнің барлық түрін дамытуға болады.

Атап айтсақ, ең алдымен танымдық, кейінірек рекреациялық, экологиялық және іскерлік туризмді одан әрі жоғарғы дәрежеде дамыту керек. Меніңше Испания елінде туризм саласының даму алғышарттары жақсы жолға қойылған. Дегенмен де қызмет етуші персонал мен туристік әсем жерлерді көбейту ешқандай кедергі келтірмейді. Керісінше, Испания корольдігінде туризм саласы барынша дамып, Еуропа елдерінің арасында зор беделге ие болуына септігін тигізеді. Испания мемлекетінің туризм саласында мол жетістіктерге жетіп, туризм пайданың алғашқы көзі болатынына сенімдімін.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Страны мира» Москва 2000ж.
2. Путеводитель по Испаний. «Липте Форте» Москва 2002ж.
3. Интернет желісі