Вы здесь

Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері

03 июня 2013 | 11427

Жоспар

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері
б) Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері.Канцерогендік әсері.
в) Колдрекс түймедағы
III. Қорытынды
IV. Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дәрі-дәрмектермен емдеу кезінде олардың емдік әсерімен қатар организм үшін жағымсыз әсерлері де болады. Бірақ бұл жағымсыз әсерлерді анықтау қиынға түседі, себебі олар ағымдағы аурудың белгілеріне ұқсас бұзылыстарды шақыра береді. Қазіргі заманғы ережелер дәрілерді шығару, зерттеу және босату алдында олардың кері әсерлерінен сақтайды, егер бұрыннан белгісіз жаңа әсерлер пайда болса ережеге сәйкес ол туралы хабар етеді.

Бірақ та дәрілік препараттардың көптеп өндірілуіне байланысты , дәрігер де науқас та олардың жағымсыз әсерлері мен қолдануға болмайтын жағдай көрсеткіштерін естеріне сақтап қала алмайды. Сондықтан дәрі- дәрмекпен емдеу әдісі, әсіресе өзін-өзі емдеу дұрыс жүргізілмейді. Негізінде патофизиологиялық кері әсерлердің пайда болуының негізгі себебі дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік препараттарды қабылдау кезіндегі қателіктер болып табылады. Мұндай қателіктер жиі кездеседі 25-50 % , әсіресе қарт адамдарда (қабылдайтын препараттар санының көп болуымен байланысты). Емделу ережесі дұрыс болған жағдайда да кез келген дәрілік зат кері әсер береді және де бірнеше дәрілерді бірге қабылдаған кезде олардың дәрілік өзара байланыстарының жағымсыз әсерінен асқынулар болып жатады. Науқас стационарда өткізген уақытында орташа есеппен 10 түрлі дәрі қабылдайды.

Науқас жағдайы ауыр болған сайын сәйкесінше қабылдайтын дәрілер саны көп болады және олардың кері әсерінің қатерлік дәрежесі де өседі. Егер госпитализацияланған науқас 6 препараттан кем препарат қабылдаса, онда теріс әсер болу мүмкіндігі 5 % тең; ал 15 препараттан көп болса,онда 40% тең. Ретроспективтік зерттеулердің нәтижесі бойынша амбулаторлық науқастар үшін бұл сан 20% тең, яғни дәрілік заттардың кері ісерлерінің көрсеткіші жоғары.дәрілік заттардың теріс әсерлерінен уланғандарға терапиялық және педиатриялық бөлімшедегі барлық жағдайлардың 2-5 % тиесілі. Дәрілік асқынулар мен госпитализацияланған науқастар арасында летальдық 2-12 % тең. Жүктілік кезінде және босану кезінде дәрілік препараттарды қолдану ұрық және нәрестенің өліміне алып келуі мүмкін.

а) Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері.
Көбінесе, дәрілік заттардың кері әсерлерінің алдын алуға болады. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша бұл қателіктер дәрігерлердің дәрі дәрмектердің кері әсерлері мен қай кезде қолдануға болмайтынымен толық таныс еместігінен екені көрініп отыр. Мұның да өз ақтауы бар, қазіргі кезде дәрі дәрмек шығаратын фирмалар өте көбейіп кеткен және көптеген дәрілердің рецептурасы жоқ. Тағы да көптеген себептер бар. Мысалы: ел арасында дәрілерді қабылдаудың көбейіп кетуінен; дәрілерді жеңіл табудан адамдардың өзін өзі емдеудің кең тарап кетуінен; дәрілердің жағымсыз әсерлері туралы ел арасында медициналық ақпараттардың болмауы немесе тым аз болуынан; ауруларды емдеу үшін көптеген дәрілерді орынсыз тағайындаудан. Кері әсерлердің 2 типін анықтауға болады:

I типтегілер (жиі болатындар) – бұл препараттарға деген көтеріңкі реакция. Ал II типке дәрілік препараттың негізгі фармакологиялық әсеріне қатысты емес кері әсерлер жатады. Олар күтпеген жағдайдан пайда болады және ауыр түрде өтеді. Кейде олардың механизмдері белгісіз болып қалады. Кері әсерлердің негізгі себептерінің бірі – рецепторлар аймағында препарат концентрациясының өте жоғары болуы. Бұл фармакокинетикалық қасиеттермен сипатталады. Яғни, таралудын дұрыс өтпеуі, дәрінің организмде жинақталып қалуы, метаболизм жылдамдығы және экскреция.
б) Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері.

Дәрілердің жағымсыз әсерлерін бірнеше түрлерге бөледі. Оларды жіктеу әр түрлі негіздерде болады. Пайда болу сипатына қарай: тікелей(біріншілік) және салдарлық(артынан дамитын) жағымсыз ісер деп бөледі. Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен жасуша ішілік құрылымдарға тікелей бүліндіргіш әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің гипертониялық ерітіндісі тері астына енгізілуден шелмайдың бірден өлеттенуі болады. Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек қарын және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы кардиомиоциттердің қызметтерін бұзады. Ацетилсалицил қышқылы простагландиндердің түзілуін тежеп, асқазанда ойық жара дамытады. Пайда болу себептеріне қарай:

  • Дәрілердің фармакологиялық қасиеттеріне байланысты дамитын;
  • Организмнің даралық ерекшеліктеріне байланысты дамитын;
  • Қоршаған ортаның даму ықпалдарына байланысты дамитын деп ажыратады.

Зиянды әсерлердің даму жолдарына(патогенезіне)қарай:

  • Уытты;
  • Аллергиялық(шынайы аллергиялық және жалған аллергиялық);
  • Идиосинкразия;
  • Өспе туындататын(канцерогендік);
  • Іштегі ұрық дамуына теріс әсер ететін(тератогендік);
  • Дәріге тұрақтылық;
  • Дисбактериоз;
  • Дәріге тәуелділік деп ажыратады.

Мысалы, канцерогендік әсерге тоқталсақ.Дәрілердің өспе туындататын әсері адамдарда торотрастың, күшаланың(мышьяктың) бейорганикалық қосындыларының, кейбір цитостатикалық дәрілердің өспе туындататыны белгілі. Цитостатиктердің ішінде циклофосфамид жиі өспе дамытады. Оны қабылдағаннан кейін 14-85 айдан соң қуықта, емшекте, өт қабында және ана безде обыр өспесі дамитыны белгілі. Ішіп қабылдайтын бала бітірмейтін дәрілердің өспе туындататын әсері әдебиеттерде жарияланған. Дәрілік заттар шынайы канцерогендер немесе проканцерогендер түрлерінде әсер етулері ықтимал. Шынайы канцероген ретінде күшаласы бар дәрілер, хлорнафазин әсер етеді. Олар организмде ешбір өзгерістерге ұшырамай тікелей өспе туындатады. Торотраст, изониазид, уретан, эстрогендер проканцерогендерге жатады. Олар организмге түскеннен кейін химиялық өзгерістерге ұшырап концерогендерге айналады. Кейбір дәрілер, өз беттерінше өспе туындатпай, өспеге айналған жасушалардың өсіп өнуін күшейтеді, оларды промоторлар дейді. Эстрогендер әрі өспе өсуіне күшейткіш, әрі жасушалардың өсіп-өнуін қадағалайтын гендерге уытты әсер етеді. Олардың гендерге уытты әсері әйелдердің жасы ұлғаюы кездерінде эстрогендерді қабылдайтын рецепторлар азайғанда және бұл гармондардың алмасуы өзгергенде(катехолэстрогендердің бос радикалдары құрылғанда) байқалады. Кексе әйелде эстрогендерді ұзақ қабылдаудан жатырда обыр өспесінің даму қаупі 4-8 есе артады. Дәрілер иммунитетті әлсіретіп өспеге қарсы организмнің төзімділігін азайтады. Мәселен, иммунодепресанттарды қолданудан өспе өсуі жүздеген есе жиілеп кетеді.

Дәрілердің өспе туындататын әсері әлі толық зерттелмеген. Жорамал бойынша олар жасушалардың өсіп өнуін қадағалайтын гендердің(протоонкогендердің,супрессор-гендердің,апоптоздардың) нүктелі мутациясын туындатады.
“Колдрекс” түймедағы.
Құрамы:
әр таблетканың құрамында мыналар бар:
белсенді заттар:

  • парацетамол 500 мг
  • кофеин 25 мг
  • фенилэфрин гидрохлориді 5 мг
  • терпингидрат 20 мг
  • аскорбин қышқылы 30 мг

көмекші заттар: еритін крахмал, жүгері крахмалы, тальк, стеорин қышқылы, повидон, калий сорбаты, натрий лаурилсульфаты, бояғыш сары сансет.
Фармакологиялық әсерлері:
Парацетамол анальгетик әрі антиперетик. Гипоталамуста простагландиндер түзілуін басу арқылы ауруды сездірмейді, дене қызуын төмендетеді. Ептеген қабынуға қарсы әсері бар. Кофеин алкалойдтар тобына кіреді. Психиканы ширықтандыратын және аналептикалық әсерге де ие. Анальгетик парацетамолмен бірге отырып оның ауырттырмау қасиетін орталық нерв жүйесі қызметіне әсері арқылы дәрінің биологиялық тиімділігін арттыру арқылы күшейтеді. Аскорбин қышқылы(витамин С) әдетте суық тиюге қарсы құралдар құрамына кіреді, себебі ол суық тигеннің, вирустық аурулардың алғашқы кезеңдерінде көп мөлшерде жұмсалатын С витаминін толықтыруға қажетті. Аскорбин қышқылы - антиоксидант, көптеген метаболизм процестерінде кофактор ретінде сондай-ақ көмірсутектер, белоктар, липидтер айналымына қатысады. Аскорбин қышқылы иммундық жүйені қалыпты ұстауға қажетті: тамырлар өткізгіштігін реттейді, тотығу-тотықсыздану процестерін реттейді, коллаген түзілуі, тіндер регенерациясына қатысып, гистаминнің босауын тежеп оның ыдырауын тездетеді, простагландиндер және басқа да анафилаксия және қабыну медиаторларының түзелуін басады.
Жағымсыз әсері:

  • Аллергиялық тері бөртпесі
  • Жүректің айнуы
  • Бас ауруы
  • Қан қысымының сәл көтерілуі
  • Жиі жүрек қағуы(тахикардия).

Бұл әсерлері уақытша ғана болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:

  • Құрамында парацетомол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау
  • Парацетамол, кофеин, фенилэфрин гидрохлорид, терпингидрат, С витамині және препараттың құрамындағы басқа заттарға аллергиялық реакция
  • Бауыр және бүйрек қызметінің айтарлықтай бұзылулары
  • Гипертензия
  • Жүрек аурулары
  • Циклды антидепресанттарды, бетта блокаторларды бір мезгілде қабылдау.

Препарат қабылдар алдында 2 апта ұдайы моноаминооксидазаның тежегіштерін(ниаламид) қабылдаған науқастар бұл препаратты қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар:
Колдрекс таблеткаларымен қатар көп мөлшерде шай, кофе ішу мазасыздық, сабырсыздық тудыру мүмкін. Жүктілік пен баланы емізу. Көрсетілген мөлшерде парацетамолдың жүкті әйелдерге жағымсыз әсері байқалмаған. Фенилэфрин гидрохлоридтің жүкті әйелдерге қауірсіздігі толық анықталмаған. Жүкті әйелдер препаратты тек дәрігер нұсқауымен қабылдауға болады. Парацетамол кеуде сүтіне клиникалық көрінбейтін мөлшерде енеді. Дәрілік құралдың транспортты құралдарды айдауға қауыпты жоғары механизмдермен жұмыс істеуге әсер ету ерекшеліктері. Препараттың белсенді бөліктерінің седативті әсері болмағандықтан, нұсқаудағы мөлшерді қабылдағанда автомобильді айдауға, механизмдермен жұмыс істеуге шектеу жоқ.
Артық мөлшерлеу:
Парацетамолды артық мөлшерлеу ең бірінші жүрек айнуын, құсуды, іштің ауруын тудырады. Ересектерде бауырдың зақымдануы 10 грамнан көп парацетамолды қабылдағанда-ақ болуы мүмкін. Белгілері дәрі асқазанға түскен 12-48 сағат аралығында көріне бастайды. Парацетамолды артық мөлшерлеу кезінде шұғыл емдеудің елеулі маңызы бар. Артық мөлшерлеуді емдеу, парацетамолды қабылдағаннан кейін 10 сағат аралығында басталған болса асқазанды шаю және ацетилцистеин немесе метионин сияқты арнайы у қайтарғыны қолданумен шектеледі. Егер препаратты қабылдағаннан кейін 10 сағаттан асқан уақыт өтсе гемоперфузия қажет болуы мүмкін.

Қорытынды

Қорыта келгенде, менің ойымша қазіргі таңда осы дәрілік препараттармен уланулардың алдын алуға болады. Ол үшін дәрігерлерге жаңадан шыққан препарраттармен таныстыратын семинар сабақтарын жүргізіп,білімдерін толықтыра түсу қажет. Ел арасында адамдардың өзін-өзі емдеуді тоқтатып, әр адамның медициналық сауаттылығын арттыруға көмек тесетін шараларды өткізу керек(жарнамалар,лозунгылар,қалалық коллаждар т.б). Қазіргі кезде адамдар ауырып дәрігерге қаралғанның орнына өз беттерінше емделуді жөн көреді, олар алғашқы көмекті дәріханадағы фармацевттерден немесе кітап-журналдардағы мақалалардан,интернеттегі сайттардан іздейді.

Сол себепті, медициналық мәліметтерді,әсіресе, дәрі-дәрмектер жайлы толық мәліметтерді(фармакологиялық қасиеттері,қолдану тәсілдері, жағымсыз әсерлері,қолдануға болмайтын жағдайлар) көптеп ақпарат көздері арқылы тарату керек. Ауруларды емдеу үшін көптеген дәрілерді орынсыз тағайындауды болдырмау қажет. Қазіргі дәріханалардағы фармацевт технологтардың алдында мемлекеттік фармакопея, яғни дәрілердің мемлекетте тіркелуі олардың өзара сыйымдылығы және тағы басқа жағдайлары нақты көрсетілген. Осыған байланысты рецепт бойынша дәріханаға келген әр науқас алаңдамауға болады.

ХХ ғасырдың басында хлорамфеникол қабылдаған адамдарда агранулоцитоз, жүкті әйелдер талидамид қабылдағанда олардан туған балаларда туа біткен ақаулар дамитыны белгілі. Осыған байланысты көптеген мемлекеттерде дәрі-дәрмектердің жағымсыз зиянды әсерлерін зерттейтін орталықтар ашылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды қадағалайтын орталық ұйымдастырды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1) А.Харкинс “Пропедевтика внутренних болезней” 2005 год
2) Д.А.Харкевич “Фармакология” Алматы 2004 жыл
3) Ә.Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология” Алматы 2007 жыл
4) Интернет желісі: