Вы здесь

Тауарлар тарату тәсілдері (жолдары, әдістері) көтерме және бөлшек сауда

22 мая 2013 | 6839
Бөлшек сауда

Бөлшек сауда – бұл нақты тұтынушының өзіне коммерциялық мақсат үшін емес, тікелей пайдалануы үшін тауарлар сатудың немесе қызмет көрсетудің кез-келген іс-әрекеті, әдіс-тәсілі болып табылады. Мұны жүзеге асырушылардың бәрі де бөлшек сауда жасаумен шұғылданады. әрі бұл қызметтің қай жерде қалай жүзеге асырылудың (тікелей сата ма, поштамен жібере ме немесе телефонмен келісе ме)және қай жерде жүргізілуінің (дүкенде, көшеде немесе тұтынушының үйінде) ешбір маңызы, ешқандай шарты жоқ.
Бөлшек сауда – қызмет көрсетудің аса ірі салаларының бірі.

Бөлшек сауда конгломеранты – ерікті түрде біріккен корпорацияны осылай атайды. Ол бөлшек саудамен шұғылданатын, бағыттары мен түрлері сан алуан кәсіпорындарды біріктіреді, олардың әрқайсысының басқару мен үлес алуда өздерінің жеке үлесті интеграциялары болғанымен, бәріне бірдей ортақ бір бағыныстылық, басшылық болады.
Бөлшек сауда жасаушы қазіргі субъект тұлғалардың, уақыт пен жағдайдың өзгеруіне үнемі мұқият назар аударып отыруы және өзгерістерге орай өзінің стратегиясын өзгертуі, оны қайта бағдарлауға дайын тұруы керек. Алайда стратегияны өзгерту туралы шешімді үзеге асыру оңай шаруа емес. өйткені әр түрлі тұтынушыға сауданың да түр-түрі ұнайды, тұтынушыларға әр түрлі деңгейде қызмет көрсететін алуан түрлі қызметтің бір мезгілде қатар жүргізілуі, қолданылуы мүмкін. Төмендегі кестеде қызмет көрсетудің төрт түрлі әдісі мен деңгейі көрсетілген.

Өзіне өзі қызмет көрсететін бөлшек сауда кәсіпорындары. Қазір өзіне-өзі қызмет көрсететін бөлшек саудаға арналған дүкендердің қызметін қоғамның барлық топтарының өкілдері пайдаланады, олар, әсіресе, күнделікті тұтынатын және алдын ала тауарлар таңдаған кезде осыдан жеңілдік табады. Үнем жасау үшін көптеген тұтынушылар тауарлар іздеумен, салыстырумен және таңдаумен өздері дербес шұғылдануды қалайды.

Тауарлардың еркін таңдаумен айналысатын бөлшек сауда кәсіпорындарында қажет бола қалғанда тұтынушыларға ілтипатпен қызмет көрсететін сатушылар болады. Клиенттер соларға келіп, қалағанын алып, сол үшін есеп айырысады. Тұтынушыларға еркін таңдатып, қызмет көрсететін осындай дүкендердегі тауарлардың бағасы өзіне-өзі қызмет көрсететін дүкендермен салыстырғанда сәл қымбаттау болады, өйткені қосымша қызметшілер ұстау үшін де қаражат керек.

Әмбебап дүкендер

Шектеулі қызмет көрсететін бөлшек сауда кәсіпорындары өз дүкендерінде алдын ала таңдалған тауарларды көбірек сататын болғандықтан және тұтынушылар ақпаратты көбірек сататын болғандықтан және тұтынушылар ақпаратты көбірек қажет ететіндіктен мұнда істейтін сауда қызметкерлерінің біліктілігі мен іскерлігі жоғары деңгейде болуы қажет. Сонымен қатар бұл дүкендерде тұтынушыларға тауарды қарызға немесе несиеге сату және өткізген тауарларды қайтадан алу сияқты қызмет көрсету деңгейі өздерінен төмен дүкендермен салыстырғанда артық қызмет көрсетіледі. Сондықтан мұндай дүкендердің пайдалану шығындары көбірек болады.

Толық қызмет көрсететін бөлшек сауда кәсіпорындары – бұл тұтынушыларға тауарларды іздеу, салыстырып көру және таңдау процестерінің барлық кезеңінде тікелей қызмет көрсететін әмбебап дүкендер. Тұтынушылар әдетте әлгіндей қызметтер көрсететін осындай дүкендерді қалайды. Оларда қызмет көрсететін қызметшілерді ұстауға көп қаржы жұмсалады, дүкеннің тауарлар номенклатурасында неғұрлым жоғары сұранымға ие және жедел өтпейтін тауарлардың (үлгі бұйымдар, зергерлік заттар, кинокамералар) пайыздары көбірек болады, несиеге берудің әр түрлі әдістері қолданылады, тегін жеткізіп беру қамтамасыз етіледі, ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға техникалық қызмет көрсетіледі және тұтынушыларға қолма-қол қосымша жайлы жағдайлар жасалады – міне, осының бәрі мұндай дүкендерді ұстауға тікелей шығындар көп жұмсалатынын көрсетеді. Сондықтан соңғы кезде толық қызмет көрсететін бөлшек сауда ғимараттарының саны өзінен-өзі азайып келеді.

Бөлшек сауда кәсіпорындарының түрлерін жіктеп топтауға (классификациялауға) бірнеше өлшем негізге алынады, олар: ұсынылатын тауарлардың түр-түрі (ассортименті), бағаларға салыстырмалы түрде назар аудару, сауда қызметін көрсету сипаты, дүкен иесінің кім екені және бір жерге шоғырланған дүкендердің сан алуандылығы.

Ұсынылатын тауардың ассортименті.

Бөлшек сауда ғимараттарын топтауға бірінші өлшем ондағы тауарлардың ассортименті болып табылады. Мәселен, бакалеялық, гастрономиялық, арақ-шарап, үй жиһаздары және т.б. сататын дүкендер болады.

Дүкендердің негізгі түрлері – мамандандырылған дүкендер, әмбебап универмагтар, универсамдар, күнделікті тұтыну тауарлары дүкендері және кең ұсынымды универсамдар. Мамандандырылған дүкендер біртектес тауарлар ассортиментін ұсынады. Оларға, киім-кешек, спорт тауарлары, жиһаз, гүл, кітап дүкендері жатады. Мамандандырылған дүкендерді одан әрі қарай ұсынатын тауарлардың түрлері бойынша да бөлімдерге бөлуге болады. Киім-кешек дүкендері – бұл ассортименті толық дүкендері, ал тапсырыс бойынша ерлер көйлектерін тігіп сататын дүкендер – бұлар тар өрісті мамандандырылған дүкендер.
Универмаг (әмбебап дүкен) – тауарлар тобының бірнеше ассортиментін – көп ретте киім-кешек, үй тұрмысына қажетті, шаруашылық тауарларын ұсынатын бөлшек сауда ұйымы.

Универсам – салыстырмалы түрде өзіне өзі қызмет ететін ірі кәсіпорын, оны ұстау шығыны көп емес, үлестік табыс деңгейі онша жоғары болмайды және тұтынушылардың азық-түлік өнімдеріне, жуып-шаятын бұйымдарына және үй күтіміне қажет тауарларға деген сұранымын өтеуге арналған үлкен дүкен.
Кең ұсынымды универсам – өзінің көлемі жағынан жай универсамдардан үлкен бөлшек сауда кәсіпорыны, олар тұтынушылардың азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға деген сұранымдарын толық өтеуге тырысады.

Күнделікті сұранымдағы тауарлар дүкені – көлемі жағынан шағын тұрғын үйлерге жақын орналасқан, таңертеңнен бастап түн ортасына дейін ашық тұратын, аптасына жеті күн жұмыс істейтін, күнделікті тұтынатын жоғары айналымдағы ассортиментті шектеулі өтімді тауарлар ұсынатын дүкендер.
Бағаға салыстырмалы көзқарастар.

Дүкендердің көпшілігі тауарларды орташа бағамен ұсынады және тұтынушыларға қалыпты бір деңгейде қызмет көрсетеді. Бірқатар дүкендер сапасы жоғары тауарлар мен қызметтер ұсынады және оларға жоғары баға қояды, немесе керісінше, бағалар төмендетілген дүкендер өз тауарларын әдеттегіден арзандау бағамен сатады, өйткені олар қызметтерін аз шығын жұмсап ұйымдастырады және аз қызмет көрсетеді, оның сапасы тым жоғары бола қоймайды. Біз бағалар төмендетілген дүкендерге және соларға байланысты ашылған қойма дүкендерге және көрсету залы бар дүкендерге тоқталамыз. Олар каталог бойынша сататын дүкендер.
Бағалары төмендетілген дүкендер – стандартқа сай тауарларды пайда алу нормаларын төмендету және өткізу көлемдерін ұлғайту есебімен неғұрлым арзандатылған бағамен сатады.

Қойма дүкендер – тауарлардың үлкен көлемін мөлшері төмендетілген бағамен шектеулі ғана қызмет көрсетіп сататын сауда кәсіпорындары.
Каталог бойынша сататын көрсету залы бар дүкендер – бөлшек сауда кәсіпорындары. Олар каталог бойынша сату принципін қолданады және әдетте жоғары баға қойылып сатылатын өтімді тауарлардың кең ассортиментін төмендетілген бағамен сату принципін ұстанады. Сондай-ақ бөлшек сауданың дүкендерден тыс та төрт түрі бар. Олар: тауарға пошта немесе телефон бойынша тапсырыс беретін бөлшек сауда түрі, сауда автоматтары, жеңілдетілген тапсырыс қызметі, сондай-ақ жеткізіп беру саудасы және «саудалық кездесу арқылы үйден сату».

Дүкендердің иелігі.

Бөлшек сауда үйлерін олардың кімнің иелігінде екеніне қарап топтап-жіктеуге болады. Меншіктік иеліктің мынадай түрлері бар: корпоративтік жүйелер, ерікті жүйелер және бөлшек сауда жасаушылар кооперативтері, артықшылығы бар ұйымдар және бөлшек сауда конгломеранттары.

Корпоративтік жүйелер. Дүкендер жүйесі – XX ғасырдағы бөлшек сауданың неғұрлым маңызды және елеулі феномені болып табылады. Дүкендер жүйесі – бұл екі немесе одан да көп сауда орындары, ол ассортименттері біркелкі, сатып алынуы мен өткізілуі ортақ, көпшіліктің иелігі мен бақылауында болатын жүйе.

Иелік пен бақылау жасау ортақтылығы – корпоративтік жүйенің ерекше белгісі. Бұл жүйенің дүкендері ассортименті біркелкі тауарлармен сауда жасайды.
Тұтынушылар кооперативі – бұл иелігі бар тұтынушылардың кез келген бөлшек сауда жасаушыларының біріктірілген фирмасы.

Артықшылықтан ұстанатын ұйым – өндірушілер мен көтерме сауда жасаушылар артықшылықтарының иегерлері келісім –шартпен бірігеді немесе тәуелсіз кәсіпкерлердің иелікке құқық беретін ұйымы келісім –шартта қаржылық қарым-қатынастарды, сондай-ақ артықшылықтар иегерлері мен оларды ұстанушылардың міндеттерін тұжырымдайды.
Бөлшек сауда кангломераты – бұл корпорацияның еркін түрі, ал бағыттары әр түрлі болып келетін және бөлшек сауда түрі әрқилы сауда орындарын тарту функциялары және басқаруы ішінара интеграцияланған бірегей иеліктегі ұйым болып табылады.

Сауда орталығы – жоспарланып салынған, өзінің орналасуымен, көлемімен және қызмет көрсететін дүкендердің ауқымдылығымен және түрлерімен, сондай-ақ өз аумағындағы дүкендеріне кіріп-шығуға болатын автомобиль тұрақтарымен тұтастай үйлестірілген иелігі мен басқарылуы бірегей болып келетін сауда кәсіпорындарының жиынтығы.

Көтерме сауда

Көтерме сауда – қайталап сату немесе шеберлікпен пайдалану үшін тауарларды саудалаудың немесе қызмет көрсетудің кез келген әрекеті болып табылады. Көтерме сауда жасаушылар сауда процессінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Біріншіден, қаражат ресурстары шектеулі ұсақ өндірушілердің тікелей маркетингін құрып, оларды ұстауға шамасы жетпейді. Екіншіден, жеткілікті капиталы болғанымен, оны олар көтерме сауданы ұйымдастыруға емес, өз өндірісін ұлғайтуға жұмсайды. Үшіншіден, жүргізетін операцияларының аумағы үлкен, бөлшек саудамен байланысы көп болғандықтан, оның іс-әрекеті басқалардан жоғары тұрады. Төртіншіден, тауарларының ассортименті кең бөлшек саудамен шұғылданушылар көпшілік жағдайда барлығын бірдей әр түрлі өндірушілерден емес, бір ғана көтере сауда жасаушыдансатып алғанды жөн көреді.

Сөйтіп, бөлшек сауда жасаушылар да, өндірушілер де көтерме сауда жасаушылардың қызметіне мойынсұнады. Көтерме сауда жасаушылар солардың көмегімен мынадай функцияларды неғұрлым тиімді орындай алады:

  1. Өткізу және оны ынталандыру.
  2. Сатып алу және тауар ассортиментін қалыптастыру.
  3. Ірі партияларды ұсақ партияларға бөлу.
  4. Қоймаға қою.
  5. Тасымалдау.
  6. Қаржыландыру.
  7. Тәуекелге бару.
  8. Нарық туралы ақпарат беру.
  9. Басқару жөнінде кеңестер беруге байланысты қызмет көрсету.
Көтерме сауда кәсіпорындарының түрлері.

Көтерме сауда саудагерлері - өздеріне қатысты тауарлардың бәріне иелік ететін коммерциялық емес тәуелсіз кәсіпорындар. Қызмет аясына қарай оларды әр түрлі атайды: көтерме сауда фирмасы, көтерме сауда дистрибьютерлері. Көтерме сауда саудагерлері екі түрлі болады, олар: толық қызмет көрсету циклымен және шектеулі қызмет көрсету циклымен жұмыс істейтіндер.

Қызмет көрсетудің толық циклымен жұмыс істейтін көтерме сауда жасаушылар – тауарлар қорын сақтау, сатушылар беру, несиелендіру, тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету және басқару саласында ықпал жасау сияқты қызмет түрлерін көрсетеді.
Қызмет көрсетудің шектеулі циклымен жұмыс істейтін көтерме сауда жасаушылар - өздерінің жеткізушілері мен клиенттеріне біршама аз қызмет көрсетеді.

Брокерлер және Агенттер.

Брокерлер мен Агенттер көтерме сауда саудагерлерінен екі қырымен ерекшеленеді, олар тауарларға меншіктік, иелік құқығын алмайды және шектеулі шамадағы функцияларды – сатып алу-сатуға ықпал жасау. Олар әдетте ұсынылатын тауарлардың түрлері бойынша маманданады.
Брокерлер
Брокерлердің негізгі функциясы – сатып алушыларды жүздестіріп, мәмілеге келтіру. Брокерлерді кім жұмысқа шақырса, сол ақы төлейді. Брокер тауарлар қорын ұстамайды, іс-әрекетті қаржыландыруға қатыспайды, өзіне ешқандай тәуелділік алмайды.
Агенттер
Агент сатып алушының немесе сатушының ұзақ мерзім бойы өкілі бола алады.

Көтерме сауданың шешімдері.

Көтерме сауда сатушылар мынадай шешімдер қабылдауы керек:

  • Көтерме сауданың маркетингтік шешімі;
  • Мақсатты нарық туралы шешім;
  • Бағалар жөніндегі шешім;
  • Ынталандыру әдістері туралы шешім.

1.2 Ұлттық сауданың ерекшеліктері
Қазір еліміздің тауар айналымында нарықтардың үлес салмағы 76 пайызға жетіп отыр. Бір қаланың (Өскемен) мысалы арқылы нарықтық сауданың дамуын зерделеп көруге болады. Одақ кезінде Өскеменде тек бір ғана базар болды. Сол жылдары мерекелер алдында тек содан ғана ет, сүт, қаймақ сатып алуға болатын. Ал сол кезде біздің ет комбинаттарымыз бен сүт зауыттарымыз толық қуатында жұмыс істеп тұрған.
Қазір осы қаланың Орталық, Солжағалау, Виноградов базарларынан кезекте тұрып, шаршамац-ақ не қажеттің бәрін сатып алуға болады. Тұрғындар да килограмдап, қаптап, жәшіктеп алуларын қойып, күнделікті қажетін ғана сатып алатын болды.
90-шы жылдардың басында сөрелері бос қалған дүкендердің орнына көш саудасы келгенде, тұтас республикадағы сияқты облыс орталықтарында да «шексіздік» жайлап алып, ешқандай ереже әсер етпейтін болды. Алайда осы көше саудасы ғана біздің отандастарымызды сникерстермен, қолдан жасалған шұжықтармен және қытайдың арзан көпшілік қолды тауарлармен қанағаттандыра алады емес пе?!
Бірақ уақытты тоқтата алмайсың кеше нормаға айналған дүние бүгін қанағаттандыра алмайтын болды. Сауда алғашында жұрттың есін жиғызды, содан соң киоскілердің және толып жатқан ұсақ «мини базарлардың» дәуірі туды. Мұнда көзделген мақсат біреу ғана: тұтынушыны қамтамасыз ету болды. 90-шы жылдардың басында сауда қызметі мәселесінің құқықтық аумақтықтан тыс қалып, тынысы тарылуының салдары болатын. Мысалы, жаңа Салық Кодексінде нарықтардан алынатын жер салығы он есе өсті. Қазір бұл кодекске қосымшалар, өзгерістер, түзетулер енгізілуде. Осы қауымдастықтың ұсыныс жасауымен нарықтарды паспорттандыру жүріп жатыр. Ол жүзеге асырылуда.Қазір малдәрігерлік қызмет туралы заң Үкіметтің қарауына берілді.
Алайда қазіргі заманғы нарықтық сауда-саттық жұмыстарын жүргізуде қиындықтар да кездесуде. Ең алдымен қазір нарықтарда сауда жасайтын қайталап сатушылар бағаларды сан құбылтуда, олар ауыл шаруашылығы өнімдерінің базарға түсу жолдарын қиындатады, санитарлық-малдәрігерлік тексерулерді жасауға кедергі келтіред. Тіпті бұрын басқа тауарға алған құжаттарын пайдаланып, сапасы күмәнді тауарларды, азық-туліктерді де сатып жүр.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Маркетинг негіздері С.Х. Тойкин Астана-2008 жыл