Вы здесь

Саяси сана динамикасы

03 июля 2013 | 3488

Саяси сана динамикасыСаясат жайлы көзқарасымыздың және ойлауымыздың негізін қалайтын біз алатын білім, бағдар, құндылықтар мен қағидаларды саяси менталитет деуге болады.
Менталитет түсінігі басқа ғылымнан - тарихи психологиядан енген. Бұл түсінікті франция ғалымдары Л. Леви-Брюль, А. Февр, М. Блох енгізді, олар саяси мәдениет және субмәдениет осыларға жататын адамдарда өнделеді деген. Саяси менталитеттің 2 компонентін бөліп көрсетуге болады:

  • мазмұндық жағы (көзқарастар, сезім және құндылықтар)
  • «психологиялық инстументарий» (ойлау стилі, жүйені қабылдау тәсілі, саяси ойлау мінезі!

Бұл ғылыми феноменнің 2-ші жағы саяси анализде өте құнды, себебі белгілі бір саяси қозғалысты мазмұндайтын саяси мақсаттар мен құндылықтарды анықтауға және табуға мүмкіндік береді.

Берілген ойлаудың когнитивті стильі тек топтың саяси сана деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, тұлғаның деңгейінде көрінеді. осы стильді анализдеу нәтижесінде қоғамның бүкіл саяси спектрінің идеологиялық көзқарастарын аты бойынша емес, олардың саяси ойлауының тәсілі арқылы көрсететін когнитивті карта құруға болады. Мұндай тұлғаның когнитивті өрісінің анализін Ресей психологы В. Петренко жүргізді. Зерттеу нәтижесінде когнитивті стиль мінездемелерінің арасында мыналар бөлінді, әріптеске деген сенім немесе сенімсіздік, инструменталды акцент («жұмысқа» бағдарлану).

Сана психологиясында когнитивті стиль дегеніміз – адамның таным іс-әрекетінің индивидуалды стильі, оның көптеген параметрлері адамның 2 психикалық подсистемасы: интеллектуалды сферасы және аффект сферасының жағдайына байланысты.

Тұлғаның саяси менталитетіне келсек, біздің қазіргі өмір жағдайында саяси ойлауда когнитивті стильдердің көптеген түрлері байқалады. Біздің көбіміз партия мен саяси қозғалыстарға бағдарланғанбыз, ал көбі тіпті саясатқа индефферентті қарайды. Бірақ сұрақ біздің қызығушылығымызға байланысты болса, біз билік басындағылардың саясатын еске аламыз. Бұл қызығушылық тұрақсыз және тұлғаның жасерекшелік, әлеуметтік және т.б. ерекшеліктеріне байланысты. Нәтижесінде әр қайсымызда өзіміздің саяси құндылық бағдарлары пирамидасының конфигурациясы құрылады. Ол 2 блок элементтен тұрады: мотивационды және танымдық.

Мотивационды элементтерге біздің қажеттілігіміз, құндылықтарымыз, бағдарымыз және сезімдеріміз жатады. Ал, танымдық элементтерге саясат жайлы білім, ақпараттылық, қызығушылықтар, сенімдер жатады. Көп жағдайда мұндай бөлген шартты, себебі шынайы өмірде бұл 2 блок элементтері тығыз байланысты.

Саясаткер іс-әрекетін белсендендіретін «негізгі материал» оның мотивациялық ядросы. Оның құрылымы өте қиын және біздің бүкіл санамызды алады. Мұндай ядроның үстіртің деңгейін біздің бағдарларымыз құрайды. Оларды жоғарыдп қарастырып кеткенбіз. Көп жағдайда бұл бағдарлар адамның белгілі бір сұрақ жайлы пікірінен байқалады.
Пікір индивид санасының үстіртін вербалды қабаты және әрқашан терең тұлғалық құрылыммен сәйкес келмейді. Біздің санамыздың терең қабаты диспозициялардан тұрады (жалпы сенімдер, саяси бағдардың түрі). Біздің тұлғамыздың стержені одан да терең қалыптасқан тұлғаның мотивациондық ядросы – сенімдер, ол арқылы біздің өмір жайлы көзқарастар қалыптасады, соған сәйкес біз өзіміздің саяси қадамдарымызды жүзеге асырамыз.

Саяси психологтар бұл жағдайда саясаткер сенімдерінің ішінде этноцентризмге және адамдарға, институттарға сенімсіздікке көп көңіл бөледі. Сенімсіздік бұл екінші түрі авторитарлы саясаикердің когнитивті негізін құрайды. Тағы бір маңызды сенім саясаткердің болып жатқан жағдайға сенімділігі. Кейбір психологтар саясаикерлер жай адамдардан субъективті бақылау деңгейінің жоғарылығымен ерекшклінеді дейді.

Біздің санамыздың басқа танымдылық срезі тұлғаның саясатқа деген қызығушылықтарынан, саяси жағдайлар және лидрлер жайлы біліиінен құралады. Осының бәрі біздің саяси менталитеттің қалыптасуының негізі болады және тұлғаның өткен әлеуметтенуін көрсетеді.

Ақпараттылық және саясатқа деген қызығушылықтан басқа саяси сананың таным блогында тағы 2 маңызды элемент бар. Олар когнитивті стиль және операционалды код.
Когнитивті стиль – адамның ойлау әдісінің табиғатын түсінуге көмектесетін термин. Кейбіреулері саясатты тек аққара түстерді қабылдайды, ал кейбіреулері саясаты өзінің саяси позицияларында әр-түрлі түстері бар деп қабылдайды. Біріншісіне жататындардың интегративті ойлау әдісі төмен. Көп жағдайда ондай адамдар догматик, жаңаны дұрыс қабылдамайды, жұмсақ емес. Мұндай когнитивті стильдің нақты саяси бағдарлармен байланысы бар.

Саяси мектептің негізгі түсінігі – операционалды код. Бұл түсінік саясаттағы философиялық (стратегиялық) және инструменталды (тактикалық) «шақыруларға» саясаткердің «жауабын» білдіретін, лидерлердің саяси санасына қолданады. Саяси ғылымға оны Н. Лейтес, А. Джордж, С. Уолкер енгізді. Олар бұл терминді саясаттағы реакцияларға саясаткерлердің «жауабын» белгілеу үшін қолданады. Осымен саясаткер менталитеті саясат табиғаты, саяси күтімдерді жүзеге асыру перспективалары жайлы кейбір тұрақты көзқарастардан тұрады. С. Уолкер саясаткерлердің мұндай мінездемелірін ортақ схемаға салды. Біздің досжарлығымыз немесе жаулығымыз өзіміздің саяси өмірді гармониялы немесе дау-дамайлы етіп қабылдауға байланысты. Осы оппоненттермен қарым-қатынас жасауда да ізін қалдырады. Осындай бірлесіп әрекет етудің нәтижесіне біздің ішкі оптимистік немесе пессимистик көзқарастарымыз әсер етеді.

Қойылған тапсырмаларды шешуде операционалды кодты анықтау үшін мақсатқа жету әдістері маңызды: уәде, әрекет немесе қатер, дау-дамай, позитивті немесе негативті әдістер (қолдау сұрау және қолдау).

Операционды код түсінігі саяси сана және жүріс-тұрыс арасындағы байланыс болып табылады. Саяси сананың вербалды көріністерінің негізінде саяси психологтар тұлғаның жүріс-тұрыс мінездемесін де қалпына келтіре алады. Операционалды код жайлы саясаткердің сөзінен, сезімінен, бағалауларын, аудиторияға тікелей апелляциясынан байқауға болады. Сонымен қатар операционалды код жайлы риторикалық сұрақтардан, бас тартуларынан да көреміз.

Тұлғаның саяси менталитеті қиын және бір қалыпты емес. Тұлғаның саяси менталитетінің кейбір элементтерінің құрылысы дамыған болуы мүмкін, ал кейбіреулері даму барысында болады.

Саяси сананың қалыптасуы субъективті және объективті мінезднмндегі қиындықтарға тіреледі. Егер өткен уақытта саясатта коммунистік идеология басым болса, қазір керісінше саяси көзқарасты ұлттық қабылдауға бейімдейтін тұрақты идеологиялық схемалардың жетпейтіні сезіледі. Осындай идеологиялық схеманың болуы келешекті анықтау үшін көмектеседі. Сондықтан біздің саяси сананың мотивациондық ядросын зерттеу тұлғаның саяси таңдауын түсіну үшін маңызды, ал ол біздің еліміздің дамуына бірден бір әсер етеді.
Саяси сана - билік, бағынушы және мемлекет оның институттарымен саясатпен байланысты, субъектінің сол реалдық бөлімді қабылдауы. Адамның саяси тарихы өзінің әртүрлілігімен сипатталынады. Мынадай елдер де болған: өздерінің жергілікті тұрғындарын қандай да бір құқықтарынан айырған, сонымен қатар адам өмірінен де, тиран және олигархия билейді. Бір мемлекеттер жоғарғы мақсатқа ұмтылған – бүкіл әлемдік империяның құрылуына, жаңа жерлердің құнарлаеуы, саяси система және өз діндерінің триумфтарына.Кей елде өздерінің жоғарғы мақсаты тұрғындарының сіттілігі, адам өмірі. Кей елде сізді адвокатсыз сұрау қабылдай алмайды. Ел және халық тағдыры гений, қылмыскер, тентектер, батырлардың қолында болады. Осы барлық ел бөліктерінде және көпшілік тұрғындарға олардың қалай өмір сүргісі келеді, солай өмір сүретіні көрінеді. Адамдар қалай өмір сүргісі келеді, солай өз еріктерімен өмір сүргенге үйреніп қалған.Оңтүстік тұрғындарының солтүстіктің суығына өмір сүруін түсіну қиын. Овидий жазғандай, солтүстік Крым тұрғындары суық климатсыз өмір сүре алмайды. Бірақ, солтүстіктерге қыс мерзімінсіз қиын, олар оңтүстікке түскен жағдайда суық пен қарды аңсайды.

Билік және азаматтар әр уақытта бір –бірімен өзара қатынаста болады. Мемлекет өз халықтарына анықталған талаптарын көрсетеді, азаматтар бұған қарсылық та көрсетеді немесе оны қабылдамайды да. Бұл талаптар жүріс –тұрысқа қатысты емес.

Саяси система және сана. Инфантильдік сана субъекті мен объектіні айыра алмайды. Мысалы: жарты айлық бала өз -өзін тістеп алып, неден ауыр болғанын түсінбей, жылауын ары қарай жалғастыра береді. Тоталитарлы сананы ұстаушы аналогиялық бейне «идеалды» тоталитарлы система – қоғам мен билік арасындағы әртүрлілік жасамайды, «билік және қоғам» мәселесі, саяси система рамкасында бұдан басқа мәселе туындамайды. Актуалдық ішкі мәселе: билік және қоғам сыртқы ортаға қарсы және ішкі жауларға қарсы. Тоталитарлы сана қауымының абсолюттік бірлігіне сенеді және бұл сенімді жұмыс барысында іске асырады.

Қауым «бұйырғаннан басқа бәріне тыйым салынады» принципі бойынша функционалынады, бірақ бұл принцип халық жауларына өмір сүруіне кедергі келтіреді, тек олар ғана тыйым салынғанды қалайды. Энтузиазма және қарапайым тоталитарлы тұлға мұны қаламайды: өз тілектерін шектемейді, ал негізінде оны қаламайды. Оның барлық әлемдегі қарым –қатынасы вертикальды баспалдақ пен байланысты. Тоталитарлы билік адам қарым – қатынасының горизонтальды формасын бұзады және ауыстырады.

ХХ ғасырдағы саяси билік жүріс – тұрысы және саяси қауым санасы бір – бірімен сәйкес келмейтіндегі жайлы көп жағдай болып тұрады. Режим баяғы тоталитарлы әдістермен қызмет атқарады, қауым сол алдыңғы заңдармен өмір сүреді. Португалияда және Испанияда өткен революцияда, мынадай жағдайды атайды. өз - өзімен дамыған Оңтүстік Корея, Бирм, Пакистан, Чили.

Режим алдында екі жол ашылады: құлау және қайта көтерілу. Біздің азаматтар соны да, басқаны да көрген. Брежнев эпохасы құлау кезеңі болған, лидерлер әлсіз қолдарымен соңғы билік культына жабысқан, ал халық оларға солардың ойыншықтары ретінде күлген. Билік те, қоғам да саяси альтернативті ұсынбады. Билік баяғыдай тоталитарлы болады, бірақ қауымның басқа бөліктері саяси сананың басқа формаларын көрн біледі. Тоталитарлы механика негізі құлай бастады, халық және билік енді монолит болмады, ал үлкен және кіші топтарға бөліне, ішкі қызығушылықтарымен өмір сүре бастады. Мемлекет өздерінің ұйымдарын бір өзгерістерге алып келу керек. Биліктегі оңай психологиялық жол танымал режим ауысуы. Сонымен қатар, билік структурасы сақталынады. Соңғы жылдары Испанияда Франко режимін орнатқан, жол ережесі бойынша, полиция тез жүргендерге тыйым салынған, бірақ оларға шраф салынбаған. Тұрғындар бұл ережені тыныш ғана бұзып жүре берген, бірақ бәрібір кейін жазаға тартылатын болған.

Біздің елде тоталитарлы режимнен авторитарлы режимге біртіндеп ауыса бастады. Биліктің саяси идеалы прфессионализм болып табылады. Әр адам өз жұмысымен, өз іс - әрекетімен айналысу керек. Елдің көтерілуіне анық және нақты қызметтік инструкция көмектеседі. Ел басқаруда арнайы басқару тәсілдері қажет. Авторитарлы сананың ең маңызды феномені биліктен топтық басқару .Авторитарлы режим жаңа интеллегенцияны формалайды, олар өз жұмыстарымен айналысудан қорықпайды, бірақ саяси мәселелерді жақсы көрмейді. Саясат - лас іс. А.П. Чехов айтқандай, тиянақты адамдар саясат ісіне араласпайды. Авторитарлы сананың саяси идеалы тәуелсіздік және профессионализм болып табылады. Интеллегенция көре алатын, ойлай алатын, алдын –ала ескертетін адамдардан тұрады және олар билікпен бірге қоғамның қауіпсіздігі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Өкінішке орай, интеллегенция тоталитаризммен ойластырылған екен, ауысу режиміне байланысты олардан айырыла алмады. Сонымен бірге біздің арамыздағы көп адам бұл ауысуды сезбей де қалды. Кейбіреулері қазір де сезбейді. Бірер жыл арасында саяси сана өзгерістерге ұшыра бастады. Саясат бәріне қызық іске айналады.

Авторитарлы қауымға және авторитарлы тип санасының орнына жаңа принципиалды тип ауысып келеді. Авторитарлы пост қауымында феномен пайда бола бастады, авторитарлы және тоталитарлы системаларда болмаған - қоғам диалогы. Бұл әртүрлі индивидтердің өзара қарым -қатынасы, пайда болады және тәуелсіздікке құқығы, институт және топтардың қауым бағалылығы полясында.

Авторитарлы пост қауымы билікпен тікелей және үзілмейтін диалог құра бастады Мемлекеттік саяси режим дегеніміз оның мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекеттік нысанының компоненті болып табылады. Мемлекеттік саяси режим деп мемлекеттің пайдаланып жүрген басқару, реттеу және ықпал ету әдістерінің жиынтығын айтады. Соңғысы мемлекеттегі саяси бостандық дәрежесі туралы, мемлекеттік механизмнің түрлі буындары арасындағы қарым-қатынастары және бір жағынан, олардың арасындағы да, екінші жағынан партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықтың арасындағы өзара қарым-қатынастың моральдық-психологиялық ахуалы туралы пікір авйтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субъектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдік және қамтамасыз етушілік деңгейі туралы түсінік алуға болады.

Мемлекеттің өз қызметінде қолданатын әдістері әр алуан. Мәжбүрлеу, жалаң әкімшілік ету, командалық-бұйрықты әдістерді атауға болады. Оларға қарама-қарсы иландыру, түсіндіру, ұйымдастыру-тәрбиелеу әдістері бар. Осы екі әдістің арасында екуінің де сипаты бар аралық әдістер шығады. Мемлекет өзінің күнделікті тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің қайсысын таңдайды, ол оның қоғамдық-саяси мәні мен табиғатына байланысты. Мемлекеттік билік ету әдістері мемлекетті тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық мемлекеттерді қамтитын классификациялауға мүмкіндік бере отырып өте маңызды жағынан сипаттайды.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Әлеуметтану, саясаттану
Көлемі: 5 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз