Вы здесь

Ресей мен Батыс саяси психологиясының бастауы

19 июня 2013 | 3324

Мемлекет пен саясат туралы ілімдерді талап жасауға Қайта өрлеу және Реформация дәуірі қуатты серпін берді. Бұл кезеңде ағарту ісі саяси- әлеуметтік идеологияны теологиядан біртіндеп арылта бастады.

Парасаттың ортағасырлық догматизм тұсауынан арылуы, шынайы адамзаттық проблемаларға ең алдымен ден қойылуы тарихта тұңғыш рет барлық адамдардың әлеуметтік теңдігі мен олардың әлеуметтік жағдайы жайлы мәселені ортаға салған Жаңа дәуірдің көптеген саяси һәм әлеуметтік ілімдерінде көрініс тапты. Бұл кезеңде бүкіл еуропалық ауқымда тектік негіздегі қоғамнан азаматтық қоғамға өту тенденциясы өсе түскенін, сондай-ақ азаматтық қоғамның негізгі принциптерін білдіретін әлеуметтік теориясының қалыптаса бастағанын атап өтуге болады. Оңың үстіне, осы кездегі рационализм идеясының дамуы саяси және әлеуметтік доктриналарды негіздеудің негізгі әдісіне айналды.

Ең жаңа дәуірде әлеуметтік – саяси теорияны жаңарту процесі жүріп, онда неғұрлым дамыған елдерде қоғамдық өмірді демократияландыру зор маңызға ие болды.

Саяси - әлеуметтік дотриналар алуан түрлі бола түсті, олар қоғамды өмірдегі әлеуметтік және саяси процестердің күрелілене түсуінен, сондай-ақ саяси -әлеуметтік амалдардың алуан түрлі әдістемелік негіздерінің пайда болуынан туындады. Ең жаңа дәуірде саяси ойшылдар қозғаған негізгі проблематика қоғам, мемлекет, билік проблемаларымен қалайда байланысы бар көптеген мәселелерді қамтыды. Соның арқасында Ең жаңа заман кезінде саясат ғылымы неғұрлым серпінді де жүйелі дамып, мұның өзі жаңа саяси пәндердің пайда болуынан көрінді.

Әлеуметтік саясат ғылымы үшін ежелгі дүние ойшылдарының көзқарастарының маңызы ерекше. Ежелгі дүниенің саяси идеялары мен ілімдері мифтік, діни ұғымдарға негізделген: саясаттың өзі жаратушының жазмышы мен билігінің нәтижесі деп қарастырлады, ең жоғарғы билеушілер құдайдың жер бетіндегі билігін атқарушылар деп саналды, олардың өкілеттігі қасиетті, билігі ұлық һәм мұра етілген, әлеуметтік теңсіздік – жазмыштан және орынды деп жарияланды.

Шығыстың саяси идеялары Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнен әлдеқайда бұрын, біздің дәуірімізден екі мың жылдан астам бұрын пайда болған. Ертедегі саяси ілімдердің бастаулары Шығыстың мифологиясы мен тым әрідегі саяси ілімдерінде бейнеленеді, өйткені осы ұлан – байтақ микроаймақта адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер пайда болып, өркен жайды, сол мемлекеттердің ойдағыдай қызмет етуі үшін белгілі бір әлеуметтік-құқықтық саяси ережелер, олардың өмір сүруінің, қоғамды басқаруының нормалары мен принциптері қажет болатын.

Ең көне саяси ілімдер Мысырда, Үндістанда, Палестинада, Қытайда және Ежелгі Шығыстың басқа елдерінде пайда болды. Шығыста мемлекет жөніндегі ұғымды дамытуға Үндістан мен Қытай айтарлықтай үлес қосиы. Шығыстың ең көне мемлекеттерінде өзіндік бір жүйеге қалыптасып, ол орын алып отырған әлеуметтік тәртіпті негіздеді. Қоғам мен өкіметті ұйымдастыруға қатысты ұғымдар да, яғни саяси ақыл – ойдың алғашқы нышандары да сол жүйенің бір бөлігі болып табылады. Шығыстың саяси ойына ескі ғұрыптар мен кемеңгерлігіне, оның мінсіздігіне сенім өзек болды.

Әлемдік саяси ақыл – ой бастауының бірі ежелгі египеттіктердің саяси көзқарастары деп саналады. Бағзы ежелгі египеттіктердің саясат пен дүниенің құрылысына көзқарастары негізінен билеп – төстеудің жаратушы ырқында екендігі; құдайлардың құдіретіне сай келуге тиіс жер бетіндегі тәртіп; құдайлар әу баста белгілеп қойған шындық, әділет және адамның әлемдегі орны сияқты мифологиялық түсініктермен білдіріледі. Мұндай ескі түсініктер біздің заманымызға пирамидалардың ішкі қабырғаларындағы, папирус орамдарындағы, саркофагтардағы бүгінге дейін сақталған жазулар, фараондарға арналған әртүрлі гимндер, бағзы заманғы әдеби ескерткіштер – «Птахотеп ғибраты». «Шонжар Унанының өмірдерегі», «Коптостағы өкім», «Аменемхет ғибраты», «Ипусер сөзі», «III Тутмостың жылнамасы», «Мүрелер кітабы», Орта, Жаңа, Кейінгі замандардағы патшалықтар тұсындағы толып жатқан мифтер, сондай-ақ ежелгі грек тарихшылары Геродот, Плутарх, Сицилия Диодорының еңбектері арқылы жетіп отыр.

Ежелгі египеттегі әлеуметтік құрылыс принциптері мен қоғамды басқару ережелері мен саяси ақыл – ойдың әрі қарай дами түсуіне ықпал етті. Платонның әйгілі «Мінсіз мемлекет» туралы ілімі Египеттегі ұқсас «қоғамның жоғарыдан төмен қарайғы әлеуметтік құрылымына» негізделген.

Ежелгі және кейінгі Үндістанның саяси һәм құқықтық ақыл – ойының бастау бұлағы б.д.д. II және I мыңжылдықтардың орта тұсында пайда болған «Ведалар». «Ведаларда», «Махабхаратада», «Ману заңдарында» және басқа ежелгі үнді жазбаларында қоғам брахмандар, кшатриялар, вайшиялар, шудралар атты төрт варнаға бөлінеді, олардың құдайдың өзі солай жаратқан делінеді. Оларда әу бастағы, мұра болып берілетін әлеуметтік теңсіздік уағыздалады.

Қытайдың әлеуметтік саяси ақыл – ойы ежелгі Қытайдың көне саяси түсініктернің, көзқарастарының және ілімдерінің жиынтығынан құралады. Ежелгі Қытай әлеуметтік саяси ақыл – ойына тән бір белгі, ол діни – мифологиялық әдебиеттен ерте бөлініп, мемлекеттің құрылысын, адамның қоғаммен арақатынасын зерттеп білудің негізгі тақырыбы етіп алды. Ең ескі тараулары б.д.д. ғасырлардан бастау алатын «Щуцзин» кітабында бейнеленген көне саяси ағымдардың өзінде «тань – мен» идеясы, яғни бүкіл Аспан астын уысында ұстайтын Әлеуметтік жағдай жайлы өзекті идея өрбітіледі.

Әлеуметтік саясаттың модельдері :

Плюралисттік модель. Американдық саясаттың классикалық либералдық көзқарасы бойынша бұл саяси жүйе плюралисттік болып табылады. Бұл дегенің сыртқы әсер мен азаматтар үшін ашық, жеке немесе топтық негізде әлеуметтік саясатты іске асыру мен қалыптасуға өз әсерін тигізуге мүмкіндігі бар деген сөз. Олар азаматтардан әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелердің жағдайы туралы ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды және де осы салаға байланысты сұрақтарды шешуге тырысады. Осы әлеуметтік сасат моделінің іске асуында ассоциациялар, шіркеулер, профсоюздар және іскерлік мекемелер, саясатта өзінің қызығушылығы бар адамдар қатысады.

Таңдаулылар моделі. Өмірде қарапайым адамдардың әлеуметтік саясатқа әсер етуі өте қиын. Саясатты, сонымен қатар әлеуметтік саясатты «жасаушы» адамдар әлемі сыртқы әсерлерден қорғалған және жабық болып табылады. Бұл өмірде әлеметтік жүйелер үлкен мағынаға ие, яғни арнайы қарым – қатынас тексерілген арналар, байланыстарды қолдану және т.б. арқылы іске асады. Бұл таңдаулылар әлемінде белгілі бір индивидтер мен топтар саясатты анықтайды. Мысал ретінде, француздық жоғары мемлекеттік қызметкерлер толығымен «Ecole Nationale d’Administration» түлектерін ғана қабылдайды. Ұлыбританияда да таңдаулы оқу орындарының түлектері ғана қабылданады. Осы «кілтті ойыншылар» негізінде әлеуметтік саясатқа деген жалпы қажетті, ақылды көзқарастарды білдіреді.

Корпоративті модель. Басқа топтық көзқарастар тұрғысынан, әлеуметтік саясатты қалыптастырушылар, қазіргі таңдағы индустриялы қоғамның корпоративті басқару саласында дуниеге келгендерге қарағанда, мәдени интегралды таңдаулылар тобы аз мөлшерде. Корпоративті маңызды үш топ бар: профсоюздер , яғни жұмысшы адамдардың қызығушылықтарын ұстанатын, бизнес – қоғамдастық және мемлекеттің өзі. Осы үш топтың арасында маңызды билік блоктары бөініп тасталады, осыған орай әлеуметтік саясаттың салалары мен формалары айқындалады. Олардың арасында әрдайым даулы жағдайлар туындайды, төлемақыларды, әлеуметтік және басқа да қызметтер үшін қоғамдық шығындарды, салықтың түрлерін тағайындауға байланысты. Осындай процестердің нәтижесінде әлсіз, қорғалмаған топтардың жағдайлары назарға алынбай қалуы мүмкін.
Марксистік модель. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының ақырғы моделі бизнес – қоғамдастыққа негізделу арқылы қалыптасады. Бұл модельде әлеуметтік саясат күшті экономикалық топтардың қызығушылықтарына ғана негізделеді.

Теориялық жағынан айтақан да бұл мәселе екі түрге бөлінеді: консервативтік және либералдық көзқарастар бар. Либералдар (Л.Пай, Г.Алмонод, Р.Даль,) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың санасына, біліміне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін жоғарғы топтың бәсекелестігі, қарапайым азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші роль атқарады. Оның себебі, азаматтардың арқасында саяси реформалар жүргізіледі. Бұл процеске авторитарлық жүйе жарамайды, ол жүйелі, біртіндеп жасауға тиіс дейді.

Консерваторлар (Дж. Нельсон, С. Хантингтон, X. Линдз) бұған керісінше карайды. Ғалымдардың пайымдауынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген билік институттарын дұрыс пайдалану. Яғни, басқара білмейтін халыкты билікке араластыруды жоққа шығарады. Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі деп пайымдайды. Егер даму экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш болса, саяси реформа үшін тұрактылық кажет. Сол себепті дамушы елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын беделді, занды саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Осылардың нәтижесінде мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, билікке саяси басшылық жасай алады, нәтижесінде реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әртүрлі болғандықтан бейімделу процессі де әр түрлі болуы мүмкін дейді консерваторлар.

Тарихқа жүгінсек, дамушы елдердің басым көпшілігі постиндустриалды, индустриалды,жолмен дамуда. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің даму жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік-саяси әдет-ғұрпына, кұрылымына байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жоққа шығармайды. Бірақ та, әлемдік тәжірибе сүйенсек, бейімделу жолына түскен елдердің бәріне тән әртүрлі принциптер мен талаптартарға жауап беру керектігі мойындалды. Мысал ретінде, экономика саласында өндірістің тауар-ақша аркылы реттелуі. мемлекеттерарасында экономикалықжәне сауда катынастарының кеңеюі, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияларды кеңінен тарату, ғылым мен білімді дамытуға каражатты көбейту және тағы солай сияқты. Әлеуметтік салада сословиелік-касталык беліністерді жойып, бір жіктен екінші жікке кедергісіз өтуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті көптеген тұрғыда ұйымдастыру, бостандықтары мен адам құқықтарын сақтау, саяси катынастарды кеңейту және әрдайым жетілдіріп отыру, кикілжіңдерді шешкенд, саяси шешімдерді кабылдағанда, мәмілеге келе білу және тағы солай сияқты.

Шынымен бұл көрсетілген әмбебап талап, принциптерді еріксіз сырттан тілеп, міндетті түрге айналдыруға болмайды. Бұлар бағдар сияқты. Соған орай әр ел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, салт-санасына, әдет-ғұрып байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи құбылысты түсініп, қабыдаса, оған өту жеңіл болады. Ал оны орынсыз жылдамдатыпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырайды және нәтижесі шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сол себепті ғалымдар бұл жолға түсушілерге жақсылап алды-артын зерттеп, терең саралап іс істеуге кеңес береді.

1950-1960 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас камал сиякты болып көрінетін. Бірақ 1970 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Испания, Португалия, Греция) өздерінің алдыңғы жолдарынан бас тартты. 1980 жылдардабасында Аргентинада әскерилер билікті өз колдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті XX ғ. 64 жылы басып алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялык жолға шығарды. Тап осындай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады. Соңында Чилидегі әскери хунтаның бастығы генерал Пиночет те оларға қосылды.

Ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Корея елінде авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппинде президент Маркостың 30 жылдық билігі құлады. 1989 жылы Шығыс Еуропада "баркыттық революция" қантөгіссіз, бейбіт жолмен жүзеге асты. Алдыңғы социалистік елдер көбісі кезегімен тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Социалистік және капиталистік және жүйеге бөлінудің символы ретінде «Берлин кабырғасының» күйреуі Орталық және Шығыс Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызды. Ең соңында бұрынғы Кеңес Одағындағы тоталитарлық тәртіп күйреп, оған қараған республикалар ұзақ жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең ел болды. Осы оқиғалар салдарынан саясаттанушылардың алдына тоталитарлык, авторитарлық тәртіптерден демократиялык тәртіпке калай өтуге болады деген сұрақты тудырды.

Польшаның Варшава университетінің көрнекті профессоры, әлеуметтанушы, саясаттанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға жету революция арқылы өтуге болмайды. Өйткені революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлыққа қарсы жақтан да зорлықты тудырады. Сол үшін демократияға тек бейбіт жолмен ғана жетуге болады. Мысал ретінде 3 түрі бар.

  • реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық баскарушылар жағдайды түсініп,зорлық зомбылықсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысал ретінде, Түркияда президент Ататүріктін басқаруымен осылай болды. Жоғарыда аталғандай, Бразилияда да әскерилер өздері өзгеріс жасады. Бірақ мұндай жағдайлар тарихта өте сирек кездеседі.
  • амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысал ретінде, Грецияда басқарып тұрған әскери қызметкерлер, полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасауға әркеттенді. Оған жауап ретінде Түркия елі Кипрге әскер кіргізіп, ұрыс нәтижесінде арал екіге белінді. Греция мен Түркияның арасы соғыс жағдайына душар болды. Ал Греция жағы Құрама штаттарынан көмек сұрап, арка сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Соңдықтан Грекияның билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке беруге тура келді. Дәл осындай жағдай 1982 жылы Оңтүстік Америкадағы Аргентинада да қайталанды. Ондағы генералдары Мальвин аралдары біздің жеріміз пайымдап, басып кірген. Бірақ бұл аралдарды Фольклендік аралдар деп атап, Ұлыбритания иелік ететін. Ұрыс салдарынан аргентиналық генералдар жеңіліс тауып, өздерін-өздері әшкерелеп, амалсыз билікті азаматтық үкіметке өткізуге тура келді. Ал Еуропаның алып елдері 1989 жылы бейбіт жағдайда Чехословакия мен ГДРдің басшылары (Гусак пен Хонеккер) биліктен амалсыз кетуіне тура келді.
  • биліктегілер оппозициядағы азаматтармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысал ретінде, Польша, Испания (Франко билігінен кейін), Венгрия, Оңтүстік Корея және т. б.

Авторитарлық тәртіптің құлдырауының бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсаттардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде, өзге дамыған Батыс елдерінің демократиялық тәртіпті орнату ретінде қысымы мен ықпалы.
Соңғы кездері демократияның басқа елдерге кең тарауы — тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да түр.
Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.

Кейбіреулер үшін Батыс үлгісі жамандықтың, бәленің басы және ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылыктан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетгі өмір сурудің көзі. Адамдарға бостандық пен еркіндік әкеледі, демократияны, әділдікті орнатады, материаддық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылыми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті өміріміздің күйкілігімізді, кедейлігін, бейшаралығымызды айнада көргендей боламыз дейді.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Әлеуметтану, саясаттану
Көлемі: 6 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз