Вы здесь

Нарықтық белгісіздік және оның туындау себептері

18 сентября 2013 | 1869

Жоспар

  1. Нарықтық белгісіздік түсінігінің мәні мен маңыздылығы;
  2. Нарықтық белгісіздіктің пайда болу себептері мен салдары;
  3. Нарықтық белгісіздік кезіндегі шешім қабылдау процесі және тәуекелділік.

Нарықтық белгісіздік – өзгеру деңгейін алдын ала болжау және бағалау мүмкін емес болып табылатын, экономикалық шешім қабылдаудың шарттары.
Нарықтық белгісіздіктің мазмұндылығы, ол экономикалық субъектілер шешім қабылдауға мәжбүр болады, ал оның нәтижесі мүлдем белгісіз және олардың жүзеге асу қабілеттілігін бағалау өте қиынға соғады.

Нарықтық белгісіздіктің орын алу себебі бұл нарық жағдайындағы жеткіліксіз ақпараттың болуы. Ақпараттың жеткіліксіздігі әрдайым орын алатындықтан, нарықтық белгісіздікті жою мүмкін емес. Нарықтық белгісіздік деңгейін төмендетуге болады, бірақ жою мүмкін емес.

Нарықтық белгісіздік ақпарат көлемінің жеткіліксіздігінен орын алатындықтан, ақпараттық қамтамасыз үнемі үлкен проблемалар қатарына жатады.
Біріншіден, ақпаратты алудың өзі қиындықтар мен шығындарсыз болмайды. Кез келген ақпаратты алу шығындарға алып келеді. Әрине, бұл жағдайда экономикалық субъектілер үшін белгілі бір қажетті ақпараттар көзін қолдану, ақпараттардан алынатын пайда оның шығындарынан артық болған жағдайда ғана орындалады.
Екіншіден, маңызды проблемалардың қатарына дерек көздерінің сенімділігі мен ақпараттың ескіруі жатады.
Үшіншіден, алынған ақпараттардың өзі толық игерілмейді және белгілі бір бөлігі жоғалады.

Төртіншіден, конгитивті кемшіліктер де орын алады, адамның ойлау қабілетінің ерекшеліктерінің бірі болып табылатын, ақпаратты игеру барысындағы кемшіліктер, яғни ақпарат көздерінің дұрыс игерілмеуі, адамдардың берілген ақпараттарды дұрыс бағалай және түсіне алмауы болып табылады.

Нарықтық белгісіздіктің шарттары:
  • Тұтынушы жаңа тауардың өз қажеттіліктерін қандай деңгейде қанағаттандыратын білмейді (немесе жаңа пайда болған тауар бұрынғы тауарлардан қандай артықшылықтары бар);
  • Тұтынушының талғамына, іс әрекетіне көптеген факторлар әсеетеді, сондықтан оның іс әрекеті әрдайым белгісіз;
  • Жаңа тауарлардың игерілу жылдамдығын, нарықтағы сұраныс қанағаттандыру деңгейін және бәсекелестердің ниеті белгісіз болып табылады.

Нарықтық белгісіздік – алдағы уақыттағы әрбір күннің маңызды белгілерінің бірі және өзінің экномикалық іс әрекеті барысында үнемі нарықтық белгісіздікке ұшырап отыратын индивидтер, экономикалық субъектілер ғана кәсіпкер болып саналады. Р.Кантильонның айтуынша, кәсіпкерлік қызметтің функциясы – ол үнемі нарықтық белгісіздік жағдайында іс жүргізу және кәсіпкер нарықтық белгісіздік жағдайында өз ісіне қанағаттана алады деп санаған.

Г.Шекла нарықтық белгісіздікті зерттеген ғалымдар қатарына жатады және оның зерттеуінің өзіндік ерекшелігі де бар. Ол нарықтықтағы тепе теңдік жағдайға қарсы шығады және кәсіпкер нарықтық тепе теңдік орын алмайтын жағдайда ғана өмір сүре алады деп санаған. Сонымен бірге ол маңызды шарттардың қатарына нарықтық белгісіздікті және оның орын алған кезіндегі шешім қабылдау процесін көрсетеді. «Белгісіздік» сонымен қатар,белгілі бір кезеңдегі «ми жағдайы» , бұл жағдайда жеке және қоршаған ортаға қатысты шектелген мүмкіншілікті болады.

Нарықтық белгісіздіктің туындау себептері:

  1. Адамдардың экономикалық сфера және қоршаған орта туралы жеткіліксіз, аз білім деңгейі. Адамдар мұндай нарықтық белгісіздікке ерте заманнан бері ұшырап келеді. Табиғат туралы аз білімнің болуы қолайлы шаруашылықпен айналысуға кедергі болды.
  2. Кездейсоқтық, ол ешқашан бірдей болмайды және оның орын алуын болжау мүмкін емес.
  3. Қарама-қайшылық. Қарама-қайшылық тауарға деген сұраныс белгісіз болған кездегі жабдықтаушылармен жасалған келісімшарттың бұзылуы кезінде пайда болады.

Осыған байланысты нарықтық белгісіздік пен нарықтық тәуекелділікті ажыратуға болады. Нарықтық белгісіздік болашақтағы орын алатын жағдайларға қатысты ақпарат көлемінің аз болуын білдіреді. Нарықтық тәуекелділіктің көлемін нарықтық белгісіздікке қарағанда өлшеуге болады, оның өлшемі белгілі бір жағдайдың жақсы немесе жаман қорытындысына деген болжамның болуы.

Нық сеніммен айтуға болады:
Нарықтық белгісіздік кәсіпкерлік іс әрекетте маңызды роль атқарады, себебі ол жасалған жоспар мен нақты жағдай арасындағы қарама қайшылықты көрсетеді.

Нарықтық белгісіздік нәтижесінде орын алатын салдар:

Біріншіден, нарықтық белгісіздіктің орын алуы оптимальды шешімдер қабылдауға кедергі болады;

Екіншіден, ол қосымша шығындарға алып келеді;

Үшіншіден, нарықтық белгісіздікке байланысты, экономикалық субъектілер шешім қабылдау барысында нарықтық теңсіздікте болады.

Төртіншіден, ол фирмалардың іс әрекетіне әсер етеді: нарықтық белгісіздік жоғары болған сайын, фирмалар кооперативті стратегиялар қабылдауға бейім келеді. Фирмалар тек бағаны бақылай алады, ал нарықтық сұраныс пен бәсекелестердің тауар шығару көлемі белгісіз. Бағаның төмендеуін фирма бәсекелесінің тауарды шығару көлемін арттырудан деп есептеуі мүмкін, ал шын мәнінде ол тауарға деген сұраныстың азаюынан орын алуы мүмкін.
Шешім қабылдау –бұл бірнеше баламалы нұсқалардың арасынан жасалатын таңдау. Бқл жағдайда орын алатын қиындық, ол қабылданған шешімге байланысты ттуындайтын нарықтық белгісіздік жағдайы. Сондықтан да нарықтық белгісіздік жағдайында қабылданған кез келген шешім, белгілі бір активтер көлемін жоғалтуға немесе пайдаға алып келетін тәуекелділікпен тікелей байланысты. Болады.
Тәуекелділік – бұл нарықтық белгісіздік жағдайында қабылданған шешімдерге байланысты орын алатын белгілі бір шығындардың пайда болу мүмкіндігі.
Нарықтық белгісіздік жағдайында қабылданған шешімдер нәтижесінде орын алуы мүмкін тәуекелділіктің екі түрі – таза және спекулятивті тәуекелділік орын алуы мүмкін. Ылданған шешімдерге байланысты

Таза тәуекелділік – бұл пайда алу мүмкіндігі жоқ, тек қана шығындарға ұшырау қаупінің ғана болуы.
Спекулятивті тәуекелділік – бқл шығындарға ұшырау қаупімен бірге, пайда алу мүмкіндігі бар тәуекелділік.
Тәуекелділік белгілі бір қабылданған шешімдерге қатысты орын алатындықтан, шешім қабылдау барысында тәуекелділік нәтижесінде орын алуы мүмкін жағдайлар мен пайда немесе шығындарды толығымен зерттеп алу қажет. Сонымен қатар, нарықтық белгісіздік жағдайында кәсіпкерлерге өзінің жұмыс тәжірибесіне орай шешім қабылдаған жөн.

Нарықтық белгісіздік пен тәуекелділіктен қорғану.

Нарықтық белгісіздікті жою мүмкін емес болғандықтан, нарықтағы тәуекелділіктен де құтылу мүмкін емес. Сонымен бірге нарықта орын алуы мүмкін тәуекелділіктен сақтануға болады. Нарықтағы тәуекелділік пен белгісіздікті жоюға болмайтындықтан, нарықтағы тәуекелділікті төмендетудің екі жолы бар: диверсификация және тәуекелділіктен сақтандыру.
Тәуекелділік диверсификациясы – белгілі бір шығындардан сақтануға бағытталған, тәуекелділікті төмендету жолы.

Салынған капиталдан болатын тәуекелділікті жою үшін фирмалар әртүрлі компаниялардың акцияларын сатып алады. Бұл жағдайда кәсіпкердің бір компаниядағы акцияларының бағасы төмендесе, екінші бір компаниялағы акция бағасы жоғарлауы мүмкін. Фирма пайда алмау қаупін қызметтерді бөлу арқылы алуы мүмкін, яғни өнім жасау номенклатурасын кеңейту арқылы, контрагенттер санын көбейту арқылы. Диверсификация тәуекелділік қаупін бірнеше жауапты қызметтерге бөлу арқылы да жүзеге асады. Мысалы, сапасыз тауарлардан фирма қорғануы үшін бірнеше жауапты бөлімдерді құру жатады.

Сақтандыру – тәуекелділік қаупі үшін жауапкершілікті үшінші бір тұлғаға жүктеу арқылы орын алуы мүмкін шығындарды жоғалту деңгейін төмендету.
Сақтандыру мақсаты – белгілі бір сақтандыру жағдайлары орын алған кездегі, шығындар көлемін сақтандыру фирмаларының төлемі арқылы төмендету. Сол себепті де экономикалық субъектілер алдын ала сақтандыру мекемелеріне тіркеліп, сақтандыру суммасын төлеу арқылы сақтандыру фирмасымен сақтандыру келісімін жасасады. Соған орай, қазіргі уақытты сақтандыру фирмаларының саны айтарлықтай өсуде.

Тәуекелділік түрлері:
Сақтандырылатын тәуекелділіктер.
Мүліктік тәуекелділіктер:

  • Өрттен сақтандыру;
  • Су тасқынынан сақтандыру;
  • Үшінші жақтың қаскүнемдік іс әрекеттерінен сақтандыру.

Жеке тәуекелділіктер:

  • Денсаулықты сақтандыру;
  • Өмірді сақтандыру.

Сақтандырылмайтын тәуекелділіктер:
Нарықтық тәуекелділіктер

  • Бағалардың маусымдық ауытқулары;
  • Тұтынушылардың қалауларының өзгеруі;
  • Бәсекелестік нәтижелері.

Саяси тәуекелділіктер

  • Өкіметтің ауысуы;
  • Заң шығарушылық органдардағы өзгерістер.

Өндірістік тәуекелділіктер

  • Еңбектегі конфликттер;
  • Техникалық бұзылулар;

Техногенді катастрофалар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Ю.В.Тарануха «Микроэкономика», Москва 2006 жыл;

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 9 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз