Вы здесь

Дж.Б.Кларк және факторлардың шекті өнімділік теориясы

18 сентября 2013 | 2578

large_69757047_john_bates_clark.jpgДжон Бейтс Кларк (1847-1938ж.ж.) АҚШ-та дүниеге келген. Германиядағы Гейдельберг және Швейцариядағы Цюрих университетінде білім алған. Профессор ретінде бірнеше американдық колледждер мен Колумбиялық университетте қызмет атқарады. 1893-1895 жылдары Америка экономикалық ассоциациясының президенті болып тағайындалды.

Джон Бейтс Кларкты маржиналистік теория негізін салушылар қатарына жатқызуға болады, себебі ол шекті өнімділік теориясының негізгі теорияларын Менгер, Вальрас және Джевонсонға тәуелсіз ашқан болатын. Сонымен қатар, Кларкты АҚШ-тың ең алғашқы және ең атақты экономисті деп санайды. Кларк АҚШ университетінде білім алған және оны аяқтағаннан кейін, көптеген ағылшын экономистері сияқты Германия және Швейцарияға барып экономикалық теорияны зерттейді. Оның Гейдельберг университетіндегі ұстазы Карл Книс тарихи мектептің ең танымал және білімді өкілі болады. АҚШ- қа қайтып оралғаннан кейін Кларк ұзақ уақыт бойы Колумбиялық университет қабырғасында сабақ береді. (оның оқушылары қатарында американдық институционализмнің негізін қалаушы Торсен Веблен болған). Кларк нарықтық экономиканың әділетті және нәтижелі екенін дәлелдеуге тырысты.

ДЖ.Б.Кларк шекті өнімділік теориясын ұстанды. Кларк заңының мәні, тауардың пайдалылығы оны құраушы тауарларға бөлінеді («пайдалалықтар бумасы»), содан кейін пайдалылық бағалағы оның барлық құраушыларының (свойства) шекті суммасымен анықталады. Ол «маржиналистік теорияға» үлкен үлес қосып, тұтынушылар пайдалылығының шекті өнімділік және шекті капитал концепциясын толықтырады.

«Байлықты бөлу». Кларктың бұл еңбегі байлықты бөлу проблемасына арналған тарихтағы ең үлкен экономикалық трактат болып табылады. (Бұдан ертеректе бұл жөнінде Д.Рикардо жазған болатын). Бұл еңбек құрылымы тарихи методологиялық кіріспе бөлімдерден( 1-6), шекті өнімділік теориясы бөлімінен (7-8) және табыстар капиталының табиғатына арналған өндірістің жеке факторларын зерттеу бөлімдерінен (11 -13), сонымен қатар табысты бөлудің динамикалық және статистикалық проблемалардан тұрады (9 -10).

Кларктың кітабы экономика ғылымының әр салаларынан алынған теориялық жаңалылықтардан қамтиды. Кларкқа ең үлкен табысты оның шекті өнімділік теориясы алып келді. Ол бойынша, өндіріс факторларының табысы оның шекті өнімділігімен анықталады. Мысалы, еңбекақы шекті жұмысшының өнімінің көлеміне тең болуы керек. Бұл тезис екі әдіспен дәлелденеді. Біріншіден, бұл қатынас жұмышының өзі үшін әділетті болып табылады. Шыныменде, егер ол өндіретін өнім көлемі жалақы көлемінен артық болатын болса, онда ең болмағанда тағы бір жұмысшы алу тиімдірек болады (сонда берілген жұмысшы шекті болмайды), ал жұмыс берушілердің жұмысшылар санын көбейту мақсатындағы бәсекелестігі жалақы көлемінің өсуіне алып келеді. Және керісінше, егер жұмысшының өндіретін өнім көлемі, оның алатын жалақы көлемінен төмен болса, онда жұмыс берушіге боны жұмыстан босатуы тиімдірек болып табылады.

Екіншіден, қатынас (соотношение) деңгейі әрбір жұмысшы үшін әділетті болып табылады. Жұмысшылар арасындағы конкуренция барысында әрбір жұмысшы бірдей мөлшерде жалақы алады. Осының нәтижесінде «абсолютті» бәсекелесті еңбек нарығында, яғни бәсекелестік жұмысшылардың және жұмыс берушілердің арасында орнауы, «еңбекақы мөлшері шығарылған өнім көлеміне тең болуға ұмтылады ».

Дж.Кларк көптеген еңбектердің авторы. Ол нақты ғылымдарға жақындау мақсатында политикалық экономияны оқудың жаңа жолдарын ұсынды. Дж.Кларк экономикалық теорияны екіге бөледі: аналитикалық және статистикалық. Басты назарды сатистикалық экономикаға аударды, яғни қоғамның қозғалыссыз, тыныш күйіндегі экономикалық жағдайы, «тепе теңдік» күйінде.

Статистика және динамика. Экономика ғылымдарындағы статистика және динамика бөлімдерін енгізуші де ДЖ.Б.Кларк. Ол статистикалық деп қоғамның жағдайын айтады,мұнда үнемі белгілі бір игіліктің түрі белгілі бірдей мөлшерде және бірдей әдіспен өндіріледі. Бұл жағдай,һға қоғам үнемі бәсекелестердің ыұһқпалымен ұшырап отырады. Шын мәнінде қоғам үнемі динамикада болады: халық пен капиталдың өсуі орын алады, қажеттіліктердің өзгеруі орын алады, өнім өндіру технологиясы мен ұйымдастыруы өзгереді.

Дж.Б. Кларк өндіріс процесі барысында капитал мен еңбектің кемімелі өнімділігі орын алатынын дәлелдеуге тырысады. Немесе әрбір факторлардың көлемінің өсуі ,басқа факторлардың көлемі тұрақты болған жағдайда, өнімділіктің төмендеу деңгейіне алып келеді. Осылайша, капиталдың тұрақты көлемі жағдайында әрбір қосымша жұмысшы өнімнің ең аз көлемін шығаратын болады. Бұл жағдайда еңбекақы көлемі «шекті жұмысшының» өндірген «еңбек өнімділігіне» тең болады.

«Өндірістің барлық өнімі » және «еңбек өнімділігі» арасындағы айырманы ДЖ.Б.Кларк «капитал өнімі» ретінде қарастырды. Осыған байланысты жұмысшылар мен кәсіпкерлердің табысы, оның ойынша, еңбек пен капиталдың нақты салымына сәйкес келеді және ол капитал мен еңбектің соңғы шекті өніміне алып келеді және әлеуметтік әділеттілікке және үйлесімділікке капиталистердің және жұмысшылардың әртүрлі кластық қызығушылықтарына» алып келеді.

Экономистер шекті өнімділік теориясымен келіспей, оның осал жерлерін көрсетуде. Біріншіден, шекті өнімділік теориясы универсалды емес. Олар техникалық прогресс тоқтаған уақыттағы жағдайды сипаттаған, ал шын мәнінде барлық факторлардың тиімділігі өнідірістің кеңею деңгейіне байланысты төмендейді. Бірақ мұндай жағдай дамыған тауар өндіруші мен бизнеске мүлдем сәйкес емес, әсіресе XX ғасыр деңгейінде.

Екіншіден, Дж.Б.Кларктың шекті өнімділік теориясы тек қана толық бәсекелестік жағдайында орындалады. Бұл заң жүзеге асуы үшін факторлардың еркін орын ауыстыруы үшін ешқандай қарама қайшылық болмауы керек. Бірақ біз білетініміздеі, нақты, тұрақты бәселестік ешқайда жоқ. Осылайша шекті өнімділік теориясы үзіледі.

Үшіншіден, шаруашылық тәжірибесінен білетініміздеі, өндірістің тауарлық өнімдері жаңа баға қоюда қатыспайды, ал бұл барлық жеке өндірушілер үшін табыс көзі болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды,еңбек өнімділігі, капитал және жер теориясы нарықтық экономикада табыстың пайда болуын түсіндіре алмайды.

Шекті өнімділік еңбекақы мен пайызды реттейді.

Жұмыс күшін бір бірлеп құра бастаймыз, капитал көлемі тұрақты,шекті өнімділік, бірақ әрбір жұмыс күші бірлігінің пайда болуына байланысты өз формасын өзгертіп тұрады. Әрбір өсім мың адамнан құралсын, олар фермерлер, ұсталар, тігіншілер және т.б. қатаң пропорция түрінде көрсетіледі. Әрбір істің өз жұмысшылары болуы тиіс және жұмысшылардың саны заңмен белгіленуі тиіс. Біздің қазір білуге тиісті нәрсеміз бұл заң еңбекті топтар мен топ ішіндегі топтарға бөлетіндігі және еңбектің өндіріс күші әртүрлі салаларда әйгілі бір түрлілікке алып келетіні. Қарапайым және дағдыланған еңбек бір топта қанша өндірсе, екінші топтада сонша көлемде өндіруі тиіс.

Енді бұл қоғамға жүз миллион доллар көлемінде капиталасаламыз және біртіндеп тиісті жұмыс күшін енгіземіз. Енді мың жұмысшыны, жағдай рұқсат беретін, бай ортаға қойыңыз, сонда олардың бір адамға келетін өнімділігі өте жоғары көлемде болады.

Енді бұл жұмысшылыарға келесі мың жұмысшыны қосыңыз, сонда бір адамға шаққандағы өнімділік бұрынғыға қарағанда азырақ болады. Бұл екінші реттік қосылу әрбір адамға шаққанда тек елу мың доллар болатын капиталды құрайды. Және бұл капитал бірінші топ жұмысшылары алып отырған капитал бөлігі болып табылады. Капиталды бөлу кезінде жаңан жұмыс күші бұрынғы жұмысшылармен теі құқықта болады. Бұрын алғашқы жұмыс күші өндірісте өнімді жақсы өндіретін, жоғары деңгейлі машинамен қамтмасыз етілген болған болса, енді ол қарапайым, тқмен деңгейлі машинамен жұмыс істейді және бұл екінші топ жұмысшылыары үшін де тән жағдай. Жаңа жұмыс күшінің және бұрынғы жұмыс күшінің өнім өндіру көлемі төменірек болатынын есте сақтау қажет, себебі олар арзан құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл жағдайға әрбір жұмысшының өндірген өнім көлемін есептеуде назар аударылуы керек.

Жұмысшы күшінің көлемін жүз мың адамға жеткенше өсіру қажет, ал капитал бұрынғы көлемінде жүз миллион доллар қалпында қала береді.
Және егер жүзінші өсім соңғы өсім болтын болса, біз еңбекақыны төлеу заңын аламыз. Соңғы енгізілген жұмыс күші өзінің спецификалық өнімін енгізеді. Ол басқа топтарға қарағанда аз көлемдегі өнім, бірақ бұл топ жұмысқа кіріскеннен кейін бұл топтан артық өнім өндіретін топ жоқ.

Әрбір жұмыс тобының өнім көлемі ең соңғы жұмыс күшінің өндірген өнім көлемімен бағаланады. Егер жұмыс күші біріктірілген болса, мың адамнан тұратын кез келген жұмыс күші өндіретін өнім көлемін ең соңғы енгізілген жұмыс тобының көлеміне азайтпай кете алмайды. Әрбір жұмыс күшінің бағалылығы қоғамның барлық капитал көлемінде өндіретін көлеміне және сол жұмыстан шығарылған топтың өндіретін өнімін алып тастауға тең болады. Осылайша бәріне ортақ еңбекақы стандарты енгізіледі.

Капиталдың тұрақты өсуі,егер жұмыс күші тұрақты болған жағдайда дәл осындай форма өзгерісін тудырады. Капиталдың бір бірлігі мен он еңбек жағдайында, құрал жабдықтар арзан және қарапайым болады. Басты орында қол жабдықтары болады. Капиталдың әрбір өсімі аз өнім шығаратын құрал жабдықтарды көп көлемдегі өнім шығаруына алып келеді.

Шекті өнімділік теориясының бастапқы пункті болып Рикардоның дифференциалды рента теория болды. Рикардоның ойынша, қоғамның басқа пайда көздеріне қарағанда рента дифференциалды пайда болып табылады. Ол әрбір жер участогі үшін оның өнімі мен ең жаман өңделген жер көлемінің өнімі арасындағы айырмашылыққа тең болады. Егер жаман өңдеоген жер көлеміне жақсы өңделген жер көлеміне тең еңбек пен капиталды қолданса. Жерден түсетін пайда кемімелі пайда заңына сәйкес. Кларктың ойы, еңбекақы мен пайызды аналогиялық тұрғыдан қарауға болады дегенге келеді. Мысалы, жер және капиталдың көлемін аламыз және жұмысшылардың санын мемлекеттегі ең соңғы жұмыс күшін қамтығанға дейін бір бірліктерге өсіріп отырамыз. Нәтижесінде сол баяғы кемімелі беру картинасын аламыз немесе «шекті еңбек өнімінің төмендеуін » аламыз.Төмендегі көрсетілген АВСД (1 сурет) қисығы «капиталмен» қамтылған барлық өнім көлемін көрсетеді. Сонымен қатар еңбектің барлық өсімі пайдалылық шамсы (качества) бойынша тең болса, онда жалдаушылардың өз арасындағы бәсекелестік күшіне және жұмысшылардың өз арасында еңбекақының шекті өніміне қарай тартылады. Ол АЕСД тік бұрышты үшбұрышымен өлшенеді,оның қабырғалары еңбек көлемінің бірліктері және шекті еңбек өнімінің бірліктері болып табылады. ЕВС ауданы бұл жағдайда «капиталдың ренталық табысын» көрсетеді, яғни пайызды көрсетеді.

Айна көрінісі жағдайы, еңбек көлемі тіркелгенде, ал капитал көлемі біртіндеп өсе бастағанда орын алады. (2б сурет). Мұнда АЕСД капиталдың шекті өнімі, ал ЕВС еңбектің «ренталық табысы» (еңбекақы).

Бірақ толық бәсекелестік кезінде өндіріс факторларының нарығында ренталық табыстар ешкімде болмауы тиіс. Кларк бойынша табысты бөлу былай іске асады: барлық АВСД табысы кәсіпкердің түсімін көрсетеді. Ол бірден жұмысшылардың еңбекақысын төлейді АЕСД (2а сурет). Және оның қолында ЕВС қалдығы қалады, оның ішінен ол капитал иесіне төлеуі қажет (олардың құрамына жеке меншік жер иелері кіреді). Бірақ кәсіпкер оларға капиталдың шекті өнімін ғана береді (АЕСД 2б). Егер ЕВС капиталдың шекті өнімінен атық болса, онда олардың арасындағы айырмашылық кәсіпкерге түсім ретінде беріледі (қалдық пайда). Алайда, Кларк қабылдаған статистикалық шарттар «Байлықты бөлуде», кәсіпкерлік пайдаға орын қалмайды.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 5 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз