Вы здесь

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері және оларды қолдану аймағы

09 июня 2013 | 4730

Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістерін қолдану салыстыру жүргізу, жарамды сандық сипаттамаларды алу процедурасын дурыс, әрі тиімді өткізуге, сонымен қатар зерттеліп отырған объектілер мен жағдайларды сипаттайтын жеке ауыспалылықтар арасындағы байланыстарды, тәуеллділіктерді белгілеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерінің статистикалық өңдеу әдістерінің минималды қарапайым әдістеріне сипаттама беріп кетейік. Бұл қарапайым әдістер жас ғалымдар мен өнертапқыштардың ғылыми-зерттеулік жолының бастапқы деңгейінде көптеген тапсырмаларды орындауға, жүзеге асыруға жеткілікті.

Берілген есептеулерді комьютердің көмегімен EXCEL бағдарламасында (статистикалық функциялар) орындауға болады, сонымен қатар қарапайым калькулятордың көмегімен орындауға да болады, алайды бұл еш күмәнсіз жұмыс нәтижелерінің заманауи болуына, ал қорытындыларының бос сөз күйінде қалып қоймауына көмек береді. Қарастырылып отырған әдістер зерттеу барысныда практикалық тұрғыда кез-келген объектілер мен заңдылықтары зерттеуде қолдануға толығымен жарамды болып табылады. Мұндағы басты «өнер» келтірілген мысалдарды өз зерттеу объектісінің жұмысында «қолдана білуде» болып табылады. Себебі статистикалық зерттеу әдістерінің басты артықшылығы болып олардың жан-жақтылығы, яғни мүлде әртүрлі, бір-біріне мүлде ұқсамайтын объектілерді және тапсырмаларды орындауда бір формулаларды қолдануға мүмкіндік беруінде болып табылады.
Қатарларды зерттеу.

Статистикада бір факторды (параметрді) бірнеше мәртте зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын қатар деп атайды. Мысалдар қатары: температуралардың ауытқу динамикасын өлшеу жолы, маршруттң бірдей арақашықтығындағы өсімдіктер мен жануарлардың саны, бірнеше жыл уақыт аралығындағы туылу динамикасы тағы басқалары. Сонымен бірге барлық қатарлар қандай-да бір ортақ сипатқа және ортақ мөлшерлемелерге ие. Қатарларды сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштер қолданылады: орташа арифметикалық, орташа квадраттық ауытқушылық және вариация коэффиценті, сонымен қатар осы көрсеткіштердің қателіктері. Статистикалық қателіктер – объектілерді зерттеу барысында жіберілген қателіктер емес. Олар генералды бірлестіктерді іріктеу процесінің барысында пайда болады.

Сонымен, орташа арифметикалық М М= Σх\ Ν қатарының мүшелерінің орташа көлемін сипаттайды, мұндағы х- қатардың мүшелерінің мәні, N-қатар мүшелерінің саны.
Орташа арифметикалылықтың қателігі mM=δ\ √N, δ-орташа квадраттық ауытқушылық. δ-орташа квадраттық ауытқушылық қатар мүшелерінің орташа мәннен қаншалықты ауытқушылыққа ұшырайтындығын көрсетеді. Оның бірнеше формулалар бар: δ= √ Σ(х-М)2\ Ν-1 , где Σ(х-М)2 қатардың әрбір мүшелерінің әртүрлілігінің және арифметикалық орташалығының квадраттарының суммасы, Ν-қатар мүшелерінің саны.
Орташа квадраттық ауытқушылықтың қателігі mδ=δ\√2N.

Вариация коэффиценті СV вариабельділікті салыстыру деңгейінің кез-келген қатарында қолданылуы мүмкін:
CV=δ/ M 100%
Вариация коэффицентінің қателігі: mv=V/ √ 2N

Аталған есептеулер кез-келген біртекті мәліметтерді жинауда міндетті болып саналады. Оларсыз әрі қарайғы зерттеулер және қорытындыларды шығару мүмкін емес болып саналды.
Корреляцияны бағалау.

Егер зерттеуші зерттеліп отырған екі қатардың байланысын болжайтын болса, онда бұл байланысты сипаттау міндеттемесі туындайды. Мұндай тапсырмалар корреляция коэффиценттерінің көмегімен шешіледі. Аталған есептеудің деңгейі – ранжирлеу , яғни қатардың сандық мағыналарын азаю бағытында тәртіптік нөмірлерде ауыстыру болып табылады.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 2 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз