Вы здесь

Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы

09 июня 2013 | 1026

Жақында ғана Ақмола облыстық Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қазіргі хал-жағдайы туралы» мәселе жан-жақты талқыланған болатын. «2006 жылдың тоғыз айында 36 мың шағын кәсіпкерлік нысан тіркеліп, онда 88 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға көп» деді облыстық Өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің директоры Берік Батаев. Ал, осы уақыт арлығында 3,3 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілген. Шағын бизнес нысандарында еңбек етіп жүргендердің орташа жалақысы 18 мың теңгені құрайды. Тағы қуантарлық жағдай жыл басынан бері 5,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Сондай-ақ ағымдағы жылы кәсіпкерлерді қолдау үшін облыстық бюджеттен 170 миллион теңге қарастырылғаны белгілі. Ал, жеңілдетілген несие беруде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, қызмет көрсетуді жандандыру туризм мен жол бойы инфрақұрылымын дамыту бағытына ерекше мән беріліп келеді.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласы бойынша ағымдағы жылдың тоғыз айында кәсіпкерлік субъектілерден жергілікті бюджетке 2 миллиард 186 миллион теңге қаржы құйылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,3 пайызға артық көрінеді. Айта кету керек, осы уақыт аралығында 12 мыңға тарта шағын бизнес нысандары тіркеліп, 30 мыңға тарта адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда олардың орташа еңбекақысы 19 мың теңгеден айналып отырса керек. Сонымен қатар, жыл басынан бері 25 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілген. Бұл ретте «Көкшетау минералды су», «Қалалық сүт зауыты», «Блэк», «Фиала-люкс», «Дастарқан» ЖШС-тері өзгелерден озық еңбек етуде. Мұнда еңбекақы уақытылы төлеу, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, қалыпты жұмыстық жағдай жасау өз шешімін тапқандығын ерекше атап өтуге болады. Осындай игі істердің бәрі де халықтың күн көрісіне тікелей әсер ететіні анық.

2006 жылдың мамыр айында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 31,5 мың теңгені құрап, 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,2 пайызға өсті. Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының көбеюі 2005 жылдың тиісті айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша байқалды. Өнеркәсіптегі қызметкерлердің жалақысы 2006 жылдың мамырында 2005 жылғымен салыстырғанда 17,1 пайызға, қаржы қызметіндегі қызметкерлердікі 17,4 пайызға, ауыл шаруашылығындағы қызметкерлердікі 21,2 пайызға, саудадағы қызметкерлердікі 21,3 пайызға өсті. Жаз айларында жалақының жоғарғы деңгейі қаржы саласында жұмыс істейтін қызметкерлерде 74 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібінде тиісінше 60,1 мың теңге, көлік және байланыста 46,8 мың теңге сақталды. Сондай-ақ, білім беру саласында еңбек ақы 18,3 мың теңге, денсаулық сақтау саласында 16,1 мың теңге, ал ауыл шаруашылығында 14,8 мың теңгені құраған.

Айлық есептік көрсеткіш 2007 жылы 1000 теңгеден асады. Нақтырақ айтатын болсақ, айлық есептік көрсеткіш биыл 971 теңгені құраса, осы жылы 1029 теңге болады деген болжам бар. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің мәліметіне сүйенсек, айлық есептік көрсеткіш жыл санап артып, 2007 жылы 1091 теңге болса, 2008 жылы 1156 теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ өзге көрсеткіштер де өсе түседі. Айталық, ең төменгі күнкөріс деңгейі үстіміздегі жылы 5 мың 753 теңгеге тең болса, ол келесі жылы 7 мың 525 теңгеге көтеріледі екен. Ал, 2007 жылы 7 мың 977 теңге, 2008 жылы 8 мың 455 теңге көлемінде болады деп болжанып отыр. Ең төменгі зейнетақы мөлшері қазір 6 мың 200 теңгені құраса, алдағы жылдары 6 мың 696 теңге болмақ. Ал, 2007 жылы 7 мың 098 теңге, 2008 жылы 7 мың 524 теңге көлеміне дейін өсе түседі. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы мөлшері елімізде биылғы бірінші жартыжылдықта 7 мың теңге болса, шілденің 1-інен бастап бұл көрсеткіш 9 мың 200 теңгені құрағаны белгілі. Ал, келер жылы да осы мөлшерде қалмақшы. Тек 2007 жылы 9 мың 752 теңгеге жетсе, 2008 жылы 10 мың 337 теңгеге дейін көтеріледі деген қуанышты болжамдар бар. Бұл халықтың жағдайы жақсара түспек деген сөз.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 2 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз