Вы здесь

Басқару стиліне мінездеме

09 июня 2013 | 3730

Алғаш рет басқару стилі ұғымын К.Левин қарастырды, ол басқарудағы авторитарлық, демократиялық, және анархиялық стилдерді көрсетті.
Авториталық стиль- басқару бір адамның қолында болады, барлық шешімдер мен іс әрекеттер туралы тек соған ғана баяндалып отырады.

Бұл басқару стилінде адамдармен қарым қатынаста белгілі бір шектеулер қойылған. Мұндай менеджер шешімді жеке өзі қабылдайды және қызметкерлермен қатал және әрқашанда бұйрық береді, бірақ ешқашанда өтініш білдірмейді.

Автократ үшін догматизм және стереотипті ойлау тән. Барлық жаңа нәрсені аса байыптылықпен қабылдайды немесе мүлде қабылдамайды. Өйткені басқаруда ол байырғы әдістерді ғана қолданады. Барлық билік тек автократтың қолында ғана болады. Бұл қысымды жағдайды туғызады, сол себепті қызметкерлер мұндай менеджермен тығыз байланысқа түсуден қашады.

Басшы автократқа өз қабілеті қызметкерлерінің қабілетінен төмен болған жағдайда немесе қызметкерлердің профессионалды қабілеттері басшыдан анағұрлым төмен болған жағдайда айналады.

Бұл стиль жұмысқа деген құлшынысты тудырмайды, керісінше жұмыс тиімділігі мен деңгейін төмендетеді. Автократтың қол астында жұмыс істеу жағымсыз. Келіспеушілік жағдайларында ол үнемі «Біз бірге жұмыс істей алмаймыз» деген сөйлемді айтады. Мұндай жағдайларда, әрине, өз жұмысымен қанағаттандырылу деңгейі төмендейді, себебі автократқа бағыныштылар өз еңбегі бағаланбады деген пікірге келеді.

Демократиялық басқару стилін қолданушы менеджер-шешімдерді неғұрлым ұжымдық түрде қабылдауға тырысады, қызметкерлерді ұжымдағы жағдай туралы толық хабардар етуге тырысады және сынған дұрыс жауап береді. Қызметкерлермен әрдайым сыпайы сөйлеседі, олармен үнемі қарым қатынаста болады, адамдарға сене біледі. Ол талап етеді, бірақ әрдайым әділетті.

Демократиялық менеджер іскерлік жиналыс кезінде ұжымның арасында отырады. Бұл проблемаларды шешуде адамдарға еркін жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша авторитарлық және демократиялық басқару арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.

Либералдық басқару стилінде басшы ұжым жұмысына мүлдем араласпайды, қызметкерлерге жеке және ұжымдық толық еркіндік беріледі. Мұндай басшы қызметкерлермен сыпайы, алдын ала жоспарланған жиналысты кейінге қалдыруға дайын, егер ол оның имиджіне нұқсан келтіретін болса.

Либералды басқаруда қызметкерлердің жұмысына әсер ету көндірулер мен өтініштер арқылы жүзеге асады.Басқарушуылық тапсырмаларды орындауда ол белсенді емес, «ағыс бойынша жүзеді». Либерал менеджер конфликттерден қорқады, көбінесе қызметкерлердің пікірімен келіседі. Қызметіндегі шектен тыс жұмсақтығы оның жұмысына кері әсерін тигізеді, қызметкерлер бұл жағдайды пайдаланып, одан кейбір нәрселерге көз жұмуын сұрайды,ал ол қызметкерлермен қарым қатынасын бұзып алмас үшін әрдайым көнеді. Либералды басқарушы өзінің іскерлік қабілетін көрсетпейді, қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруда дәрменсіз.

Осылайша, басқару стилі басқарушылық шешім қабылдау технологиясына келіп тіреледі. Көп жағдайда, менеджер:

  • Өз бетімен шешім қабылдап, оны қызметкерлерге айтады. «таза автократ»;
  • Шешімді қабылдатқызады;
  • Өз ойын, жоспарын білдіреді және басқалардың ұсыныс айтуын, сұрақтар қоюын талап етеді;
  • Мәселенің мәнін айтады, түсіндіреді және бағыт береді;
  • Ұсыныс жасайды, шешім қабылдайды. «таза демократ»;
  • Қызметкерлерге жоғарыдан келген бұйрыққа қарамастан, шешім қабылдауына жол береді. «таза араласпау».

Неміс зерттеушілері жұмыс нәтижесі мен басқару стилі арасында байланыс бар екендігін анықтады. Әртүрлі стильдердің тиімділігі үш жыл бойы зерттелді. Ең жоғарғы нәтиже ұжымдық шешім қабылдаушы, яғни демократтар стилі, ал ең төменгі нәтиже либерализм мен демократтар.

Жұмыс өнімділігі, психологиялық климат және кадрлар мен пайда шығыны зерттелді. Айта кететін жайт, әрбір стильдің таза күйі өте смрек кездеседі. Басқарудың маңызы әрбір стильдің пайдалы жағын қолдану және жағдайға байланысты икемдеу. Осы мәселелерге байланысты ГРИД жүйесі негізделеді.

Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 2 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз