Вы здесь

Басқару ұғымы туралы түсінік

09 июня 2013 | 3854

Туристік индустриядағы менеджер қызметі адам-адам жүйесіндегі басқару функциясы сияқты жүзеге асады. Бұл туризмді басқару стилін таңдауда өз қолтаңбасын қалдырады,өйткені туризм басқа басқару стиліне қарағанда туристік құбылыстар және процестермен ерекшеленеді. Туристік іс әрекет болашағы туралы нақты деңгейде болжау жасауға болмайды, себебі басқарушылық қызметі бағытталған әрбір тұлға өзінше ерекше , оның мінез құлқы уақыт пен кеңістік аралығында субъективті және объективті факторларға байланысты ауысып отырады. Сондықтан басқару стилі секілді менеджменттің құралын аса сақтықпен және жоғарғы профессионалды деңгейде қолдану керек.
«Стиль» грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы мағынасы «воск тақтасында жазуға арналған қылқалам» деген мағынаны білдірді, кейін «жазу» деген мағынаны білдірді. Бұдан шығатын қорытынды басқару стилі- басқару жұмысындағы менеджердің өзіндік қолтаңбасы дегенді білдіреді.

Басқару стилі ұғымының толық анықтамасы:
«Басқару стилі- менеджердің практикалық қызметіндегі әдістердің, тәсілдердің және формалардың тұрақты жүйесі.

Сонымен қатар, басқару стилі ұғымымен менеджердің өз қызметі барысындағы мінез құлқы мен жүріс тұрысын түсінеді.
Басқару стилінің барлық анықтамалары менеджер қызметіндегі басқару есептерін шешудегі әдістер мен тәсілдердің жиынтығы дегенге келіп тіреледі, яғни стиль - басқарудағы үнемі қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Көріп отырғанымыздай, стиль мен әдіс белгілі бір бірлестікте болады.Стиль басқару қызметі барысындағы менеджердің субъективті-психологиялық ерекшелігіне байланысты басқару әдістерінің жүзеге асу формаларын білдіреді. Әрбір басқару әдісіне тән өзіндік басқару стилі болады. Бұл әрбір әдістің жүзеге асуы үшін арнайы жоғары қабілеттерге ие тұлғаны талап ететінін білдіреді. Сонымен қатар басқару әдісі басқару стиліне қарағанда басқару сферасында анағұрлым көп қолданғыш және сезгіш. Стиль өндірістік басқару тәртібі ретінде басқару әдістерінен белгілі бір көлемде артта қалып келеді, соған байланысты ол басқару әдістерімен белгілі бір көлемде қарсылас болуы мүмкін, яғни басқару элементі анағұрлым ескі жүйе ретінде оған жаңа әдістерді, жаңалықтарды енгізуі мүмкін.

Стиль мен әдістерді біріктіретін нәрсе - стиль әдістердің жүзеге асу формасы ретінде қызмет атқарады. Менеджер өз қызметі барысында тек өзіне тән басқару стилі арқылы әотүрлі әдістерді қолдана алады (экономикалық, административті басқарушылық, әлеуметтік басқарушылық). Сондықтан басқару стилі- қатаң жеке тұлғалық ұғым, ол адамдармен жұмыс барысында қолданылатын тек сол тұлғаға тән басқару ерекшеліктерін көрсетеді. Қызмет процесі барысында қатаң, тек жеке тұлғаға ғана тән «қолтаңба» болады, оны екінші бір адамның қайталауы мүмкін емес. Қолтаңбалары бірдей адамдар болмайды, сол сияқты басқару стилі бірдей менеджерлер де болмайды.

Соған қарамастан, өмірдің әртүрлі жағдайларына сай келетін, идеалды басқару силінің болмайтынын естен шығармаған жөн. Менеджер қолданатын басқару стилі тек мееджердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, ол орын алған жағдайлармен де тікелей байланысты. Басқарудың «Дұрыс» стилін алдын ала анықтау мүмкін емес, себебі орын алатын жағдайлар әрқашан стандартты бола бермейді,ал менеджердің басқарушылық мінезі болып жатқан жағдайларға байланысты икемделіп отырады.

Басқару стилін таңдау, менеджердің өз алдына қойған талаптарына байланысты болады:

  • Басқару- басқарушы қол астындағыларға нақты тапсырмалар береді және оның жүзеге асуын қадағалайды.
  • Жол сілтеу - менеджер басқарады және берілген тапсырманың орындалуын қадағалайды, бірақ шешімдерді қызметкерлермен талқылайы және олардың өз ұсыныстарын енгізуді сұрайды және олардың пікірлерімен санасады.
  • Қолдау – менеджер қызметкерлердің берілген тапсырманы орындауына көмектеседі және олармен дұрыс шешім қабылдау жауапкершілігін бөліседі.
  • Қызметті тапсыру - менеджер өз қызметінің жартысын қызметкерлерге береді және оларға жұмыстағы жетістіктер мен мақсаттарға жету жауапкершілігін қояды.
Қысқаша шолу
Пән атауы: Экономика
Көлемі: 2 бет
Жұмыстың түрі: Реферат

Жүктеу үшін авторизация жасаңыз